Инференциалстатистиканы қолдана отырып, сандық деректермен жұмыс істеуге қажет сұрақтар Зерттеуде қатысушылар үлкенірек жиынтықпен қалай салыстырылады?
Іріктемені негізгі жиынтықпен салыстырады. Белгілі бір университеттегі, бір курс-
тағы студенттерді зерттеп жүрсіз. «Үлгіңіздегі ер және әйел жыныстылардың пайызы,
жасы, қызығушылықтары мемлекет аумағындағы университет студенттерінің статис-
тикасына ұқсас па?» деген сұрақ қоюыңыз мүмкін. Мұндай сұраққа жауап беруге
жалпы халық туралы мәліметке қол жеткізу керек. Студенттердің де көпшілігі туралы
мәлімет сонда бар.
Екі немесе одан да көп респондент тобы арасында айырмашылық бар ма?
Екі немесе одан да көп топтарды салыстыруға арналған сұрақ өте жиі кездеседі.
Ол көбінесе «субъектілер арасында» деп аталады. Студенттер тақырыбына байла-
нысты ер және әйел жынысты студенттердің қызығушылықтары бірдей болуы ықти-
мал ма; әртүрлі ұлттан шыққан студенттер әртүрлі пәндерді оқуы мүмкін бе; әртүрлі
кампустарда оқитын студенттер әртүрлі үлгерім көрсеткішіне ие бола ма деген си-
патта сұрақ қоюыңыз мүмкін.
Уақыт өте респонденттерім өзгерді ме?
Бір топтағы респонденттердің дерегіне қатысты немесе сипаты сәйкес келетін
респонденттерге қатысты қолданылады. Әдетте оларды «пән аясында» деп атайды.
Мысалы: «Оқудың бірінші жылымен салыстырғанда соңғы курста студенттердің дағ-
дысы өзгерді ме?»
Екі немесе одан да көп айнымалылар арасында байланыс бар ма?
Мұндай сұрақтар байланыстар мен корреляцияларды немесе себеп пен сал-
дарды анықтауы мүмкін. Мысалы, «Оқуға жіберілген уақыт пен университетке кө-
ңілі толудың арасында байланыс бар ма?» және «Студенттердің гені мен олардың
сабақтан тыс айналысатын істері арасында корреляция бар ма?» деген сауалдар
– байланысқа қатысты сұрақтардың мысалы. Себеп пен салдарды іздейтін сұрақ-
тар тәуелді және тәуелсіз айнымалылар арасында ажыратылады. Мысалы, «Көңілдің
толуы оқуға жіберілетін уақытқа тәуелді ме?» және «Оқитын пәнге орай стресс туа
ма?». Сондай-ақ себеп пен салдар байланысы тәуелді айнымалыдағы өзгешеліктер-
ді түсіндіру мақсатында бірден көп тәуелсіз айнымалыларды (көп айнымалы талдау)
іздеуі мүмкін. Мысалы, «Университетке көңіл толу оқу әдетінің ұзақтығына, жасқа
немесе мансапқа деген құлшыныстың жиынтығына тәуелді ме?».