Тақырыбы: Стресс және одан арылу жолдары. Мақсаты



бет1/2
Дата01.05.2017
өлшемі1,77 Mb.
#15284
  1   2
Тақырыбы: Стресс  және одан арылу жолдары.

Мақсаты:

  •  Стресс туралы түсінік беру.

  • Стресстің адам денсаулығына  кері әсерін түсіндіру.

  • Тренинг - жаттығулар арқылы стресстен арылту.

Міндеттері:

  •  Позитивті   ойды дамыту.

  • Стресстен арылуға психологиялық кеңес беру.

Көрнекіліктер: Видеоролик, слайд,  түрлі  түсті қағаздар, тренинг-жаттығулар.

Стресс – адамның  мазасыздығынан  туындайтын  көбіне   өзі  бейімделмеген  жұмыстардың  шамадан  тыс  болуына  байланысты бейімделген  психикамен  организмнің  өзгерістерге  ұшырауына әкелетін  процесс  ретінде  саналады.  «Стресс»  ағылшын  сөзі,  аудармасы «қысым, тартылыс, қысым  келтіру»  деген  мағынаны  білдіреді. Ең  алғашқы  рет  стресс  сөзіне  анықтама  берген  канадалық физиолог  Ганс  Селье.

Ұжым арасындағы стресстік жағдайын анықтау  (Слайд)
Мазасыздық пен қысымның нәтижесін анықтауға арналған әдістеме . 
М.Е. Литвак әдістемесі

 

Стресстің пайда болу себептері (слайд)



  • Физиологиялық;

  • Уақытты жетіспеушілігіне байланысты  жұмыс;

  • Ақпараттың  шамадан  тыстығы;

  • Тұлғаға ұжымдық  қысым;

  • Өзіне   және  қоршаған  ортаның  өміріне  қауіп  төндіретін  жұмыс ;

  • Міндетті  түрде шектелу;

  • Өмірде  мақсаттың  болмауы;

  • Болып  жатқан  жағдаяттарды  қалыпқа  келтіре  алмау;

Стресстің адам психологиясына кері әсері, стресс формуласы (слайд)

Стресстің пайда  болуының тағы бір себептері: 
 - уақыт жетіспеушілігі, 
- жұмыстың шамадан тыс көптігі.

Тайм менеджмент туралы пайдалы кеңес , жаттығулар  (слайд)

 

Стресс белгілері


Психофизиологиялық топ:
- Үнемі  шаршаңқылық  сезімі;
- Эмоционалды ден саулығының   азғыруы (истощения);
- Сыртқы  ортадағы  өзгерістерге  байланысты қабылдауы  мен  белсенділіктегі  өзгерістер;
- Себепсіз   бастың ауруы  мен қан  қысымының  көтерілуі;
- асқазан-ішек   ауруларының  трактаттарының  қозуы; 
- Жыныс  қызметіндегі  бұзылыстар
- Дене  массасының  күрт  азаю  немесе  ұлғаюы; 
- Толығымен  немесе  сирек  ұйқының  бұзылуы; 
- Ұйқылы  ояу  жүру; 
- Физикалық  және  эмоционалды  жағдайлардағы  тыныс  алудың  қиындауы

Стресске қарсы тұру факторлары:

  1. Өз  денсаулығын  күту;

  2. Өз-өзін  жоғары  бағалау;

  3. Өзіне  және  өз  қабілеттеріне  деген  сенімділік;

  4. Стресске   қарсы  тұра  алу;

  5. Ашық  қарым- қатынасқа  түсе  білу;

  6. Өз-өзін басқару;

  7. Оптимизм;

Стресстен арылуға арналған психологиялық тренинг-жаттығулар. (слайд)

  1. «Өкпені еріту»  релаксация

  2. «Аквариум»  жаттығуы

  3. «Өмір шеңбері»  тренингі.

  4. «ХА  және Кеспе» жаттығулары 

Жалпы әйел адам мен ер адам психологиясының айырмашылығы. 
Зерттеу бойынша әйел адамдар ер адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүреді екен. Психологтардың зерттеуі бойынша, әйелдер әңгімеге жақын, жылауға дайын тұрады. Сол арқылы іштегі барлық жағымсыз эмоция, энергияларын көз жасы арқылы, сырын бөлісіу арқылы сыртқа шығарып отырады.  Ал ер адамдар барлығын ішке сақтайды, олар жыламайды не әйелдер сияқты өсек әңгімеге де  жақын емес. Бұдан шығатын қорытынды: ер адамдарға айтар кеңесіміз, арасында жылап алғандарыныз  дұрыс. 

  • Егер мәселе уақытында шешілмесе ол – стресске ұшырайды,

  • Стресс уақытында шешілмесе, оның арты  депрессияға ұшырайды,

  • Депррессия – неврозға,

  • Невроз – соматикалық ауруларға ұшыратады (эпелепция, олигофрения және т.б. )

  • Сондықтан стресстің алдын алу үшін, мәселені өз уақытында шешкен дұрыс.

 

8 сынып оқушылар арасындағы шиеленістің
 алдын алу жұмыстары 
7 «А» сыныпқа бір-бірімен толығырақ танысу, оқушылар арасында достық, татулық , жағымды қарым-қатынасты орнату мақсатында «Танысу», «Комплимент», «Қолғаптар» атты психологиялық тренингтер өтті. Тренинг барысында оқушылар бір-бірімен толығырақ танысып, ақпарат алмасты. Отбасылық жағдайын, ата-анасын, отбасындағы бала саны, жалпы отбасы туралы, болашақ мамандығы туралы, өмірге деген қызығушылығы, хоббилері, жалпы қызығушылықтары, өмірде ұстанатын девиздері анықталды.
7 «А» сынып оқушыларының отбасылық қарым-қатынасын, оқушылардың жеке басының мәселелерін анықтау мақсатында психологиялық тест сауалнама алынды. Оқушылар арасында отбасында мәселесі  және жеке басының мәселесі бар оқушылар анықталды. Оқушыларға  жеке дара психологиялық кеңес берілді.
7 сыныптар арасында оқушылар арасында суицидті болдырмау және алдын алу мақсатында  «Мен өмірі сүйемін», «Мен өмірді таңдаймын» атты психологиялық тренинг өткізілді. 

 

 




Каталог: uploads -> doc -> 0478
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0478 -> Сабақтың тақырыбы: Үстеу Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет