Сұрағым бар Тараудықорытындылау y
Деректерді түсіндіру – кез келген зерттеудегі басты қиындық. Тиімді деректерді
көзден таса қылмау; деректеріңізбен жұмыс істеу; талдаудың шынайы процесі-
мен айналысу; деректеріңізді тиімді көрсете алу өте маңызды.
y
Деректермен жұмыс істеу – сәйкес бағдарламамен таныс болу; жүйелі түрде
логиніңізбен кіріп, деректеріңізді тексеріп отыру; деректі бағдарламаға жүк-
теу; деректерді тазарту деген сөз. Сондай-ақ себеп пен салдар (тәуелді немесе
тәуелсіз) айнымалыларын және олардың өлшем шкалаларын (номинал, реттік,
интервал және қатынастық) тани алуыңыз керек.
y
Дескриптив статистика ортақ тенденцияның (орташа мән, мода және медиа-
на), дисперсияның (аралық, квартильдер, айырма және стандартты ауытқу)
және дистрибуцияның (асимметрия және эксцесс) өлшемдері арқылы деректер
жиынтығының басты сипаттамаларын тұжырымдау үшін қолданылады.
y
Инференциал статистика зерттеушіге жылдам деректерден тәуелсіз қорытын-
дылар жасауын бағалауға мүмкіндік береді. Мысалы, үлгі жиынтықты білдіре
ме; екі немесе одан да көп топтар арасында айырмашылық бар ма; уақыт өтуі-
мен өзгерістер болды ма; немесе екі не одан да көп топар арасында байланыс-
тар бар ма?