Қатысушы топар: с-15-9, Қ-15-9, Тж-15-9, э-15-9 Дайындаған: Химия пәні мұғалімі Омарова С. О



Дата31.01.2018
өлшемі122,47 Kb.
#36597
«Жас өркен» колледжі

«Бекітемін»

Директордың оқу-ісі

жөніндегі орынбасары

________Г.Сейдахметова
«Химия көшбасшысы»

интеллектуалды сайыс


Қатысушы топар: С-15-9, Қ-15-9, Тж-15-9, Э-15-9
Дайындаған: Химия пәні мұғалімі Омарова С.О

«Жас өркен» колледжі

студенттері арасында өткізілетін

«Химия көшбасшысы»

атты интеллектуалды сайыстың бағдарламасы

Өтілетін уақыты: 9.12.2015ж

1-тур. БӘЙГЕ. Оқушыларға қызықты химиядан 20 сұрақ беріледі. Ең көп ұпай жинаған оқушыдан бастап келесі турда пәндерді таңдау мүмкіндігіне ие болады.
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай қойылады.

1.Оттегі жай зат күйінде қайда кездеседі? Атмосферада (ауада)


2. Қазіргі кезде неше элемент белгілі (110)
3. Заттар және олардың қасиеттері мен өзгерістері туралы ғылым? (химия)
4.Молекула дегеніміз не? /заттың құрамын, қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек/
5. Ең ауыр металл (осмий)
6. Оксидтер дегеніміз не? Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған бинарлы қосылыстар.
7. 3 - периодта ІІАтопта, реттік №13. Бұл қандай элемент? (АІ)
8. Тұз қышқылының формуласы
9. Орынбасу реакциясының теңдеуі қайсы
10. Периодтық жүйедегі элементтердің көлденең қатары (период)
11. Металдың бұзылуы.( коррозия).
12. Мұнайдан бензин алу қай құбылысқа жатады? (химиялық).
13. Азот газы тыныс алуға жарамды ма (жарамсыз).
14. Денсаулық үшін ең қажетті өмір өзегі не? (ауа).
15. Темір таңбасының оқылуы (феррум).

16.Ауаның неше % оттек құрайды? /21пайызын/

17.Заттар дегеніміз не?/денелерді құраушылар/

18.Химиялық реакция типтерін ата? /қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу/

19.Атом дегеніміз не?/бөлінбейтін ең ұсақ бөлшек/

20. Қоспа дегеніміз не? /екі немесе одан да көп заттардан тұрады/

ІІ бөлім «Дода».

2-тур. ДОДА. Топтары бойынша тапсырмаларды таңдайды.

Тапсырманы таңдауда І турда жинаған ұпайларының кемуі бойына таңдайды. (Әр дұрыс жауап 5 ұпай)
Бірінші кезеңде жиналған ұпай екінші кезеңде сақталады.


  1. Жалпы химия

Қандай элементтер материктер атымен аталады?

Европий, америций

Планетамызда көп таралған элементтер?

Сутегі, гелий

Атом энергетикасының негізгі элементі?

Уран


Ең ауыр металл?

Осмий


Қай элементтің омонимдері көп

БОР – ғалым, орман, әктас

Ең жеңіл металл?

Литий


Электронның заряды қандай?

Минус


S орбитальдың пішіні қандай?

Шар


Периодтық жүйеде қанша топ бар?

Сегіз


Халькогендер сөзінің мағынасы

Мыс кенін тудырушы



2. Қазақстан және химия

Қазақ балалары ұлттық ойында пайдаланған металл?

Қорғасын

Қазақ халқының түсінігі бойынша аспан әлемінде кездесетін металл?

Темір – (темірқазық)

Үй тұрмысында сәндік үшін қолданылатын металл?

Күміс

Жез құрамы неден тұрады?



Мыс + мырыш

Тайқазан жеті түрлі металдан құйылған ол кандай металдар?

(Темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын)

Балқаш қаласы елімізде және әлемде қандай металл өңдірумен аты шықты?

Мыс

Сыртқы жараны жазуда қолданылатын бейметалл?



Күкірт

Қазақстан қандай радиоактивті металды өңдіруден әлемде бірінші орында?

Уран

Оқ жасауда қолданылатын металл?



қорғасын

Қола құрамы неден тұрады?

Мыс + қалайы

3.Қызықты химия

Қай элементтің бейнесі айдахардың бейнесіне ұқсайды?

Кукірт

Тоңазытқыш жүйесінде қандай химиялық қосылыс қолданылады?



Фреон

Рентген сәулесінен қорғайтын қандай металл?

Қорғасын

«Ақыл-ой» элементі?

Фосфор

Тіс қандай элемент жетіспегеннен ауырады?

Фтор

Консерві қалбыры жасалатын металл?



Қалайы

Техникада, медицинада, косметикада қандай май қолданылады?

Вазелин

«Болашақ отыны» деп аталатын өандай элемент?



Сутегі

Оксиді Марс планетасына қызыл түс беретін металл?

Темір

Периодтық жүйедегі ең бірінші орналасқан элемент?



Сутегі

4.Металдар.

Қанның құрамында кездесетін металл?

Темір

Ең қиын балқитын металл?



Вольфрам

Әрі жеңіл, әрі жұмсақ металл?

Литий

Табиғатта тек саф күйінде кездесетін металдар?



Алтын, күміс (Бекетов қатарында сутегіден кейін орналасқандар)

Темірдің тот басқан өнімі?

Тат

Жер бетінде қосылыстары ең көп таралған металл?



Алюминий

ІІА топша металдары не деп аталады?

Сілтілік жер

Сілтілік металдар қай топта орналасқан?

І топта

Темірді тот басудан қорғайтын металл?



Мырыш

Ең қымбат металл?

Платина

5.Химия тоғыз дәлелдеу

Қышқылдық тұзға мысал келтір?

Неге қышқылдық тұз деп аталады?

Қышқылдың құрамындағы сутек атомдары металл атомдарына толық алмаспаған.

Сутектік байланысқа мысал келтір. Оның басқа байланыстардан айырмашылығы неде?

Мысалы: Спирттер, су. Бұл жерде негізінен сутек және оттек атомдарының арасында түзіледі.

(Қатысатын элементтердің саны аз).

Аллотропия дегеніміз не? Аллотропияға мысалдар келтіріңіз.

Бір элементтің бірнеше түрде өзгеріп кездесуі. Мысалы: Оттек пен азот. Ақ, қызыл және қара фосфор. Алмаз бен графит.

Индикаторлар дегеніміз не?

Оның қандай түрлері бар?

Қышқылдық, негіздік ортаға байланысты өздерінің түрлерін өзгертетін заттар. Мысалы: лакмус, метилоранж, фенолфталеин.

Валенттілік электрондары дегеніміз не?

Орбитальдағы жұптаспаған электрондар

Генетикалық байланыс дегеніміз не?

Әртүрлі бейорганикалық кластар (оксид, қышқыл, негіз және тұз) арасындағы байланыстар

Химиялық байланыс дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

Әртүрлі электрондар арасында тарту және тебілу күштерінің теңесуі. 4 түрі бар: Ковалентті, иондық, металдық және сутектік.

Химиялық реакция дегеніміз не?

Оның қандай түрлері бар?

Химиялық реакция дегеніміз – химиялық құбылыс. Негізгі 4 түрі бар: Қосылу, айырылу, алмасу және орынбасу.

Зат массасының сақталу заңын айтып, оны дәлелдеңіз

Химиялық реакцияға кірген заттардың массасы одан шыққан заттардың массасына тең болады. Яғни, табиғатта тепе-теңдік сақталады.

Тұндыру дегеніміз не? Ол заттың қандай қасиетіне негізделген?

Әртүрлі қоспаны бөлу жолдары. Бұл әдіс заттардың тығыздықтарының әртүрлі болуына негізделген.

6.Тоғыз теория

Электртерістілік дегеніміз не?

Бір химиялық элемент атомының басқа бір химиялық элементтен атомдардың белгілі бір санын қосып алу қабілеті.

Ковалентті байланыс дегеніміз не?

Ортақ электрон жұптары арқылы түзілетін байланыс

Қышқылдар дегеніміз не?

Сутек атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі қосылыстар

Оксидтердің қандай түрлері бар?

Қышқылдық, негіздік және екідайлы (бейтарап, пероксид)

Химиялық элементтерді қазіргідей таңбалауды кім ғылымға енгізді?

Берцелиус

Зат массасының сақталу заңын кім ашты?

М.В.Ломоносов

Молекула дегеніміз не?

Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек.

«Галогендер» сөзінің мағынасы

Тұз тудырушы

Сілтілер дегеніміз не?

Суда еритін негіздер

Периодтық жүйеде қанша металл және қанша бейметалл ба?

87 металл, 22 бейметалл

7.Он дәлелдеу

Атом радиусы дегеніміз не? Оның өлшем бірлігі қандай?

Ядродан атомның шеткі нүктесіне дейінгі ара қашақтық. (Нм)

Иондық байланыс дегеніміз не? Мысал келтір.

Электртерістілігі өте алшақ атомдар арасындағы байланыс. NaCl

2А топша қандай топ деп аталады?

Сілтілік жер металдары

Қос тұз дегеніміз не? Мысал келтір.

Құрамында екі металл кездесетін тұздың түрі. KNaSO4

Гелий қандай валенттіліктер көрсетеді? Неге?

Оның валенттілігі жоқ. 8 топта орналасқан.

Оттек өзіне неше электрон қосып алады? Неге?

2. 6 топта орналасқаны үшін

Р орбиталдың пішіні қандай? Неше электрон сияды?

Гантель тәрізді. 6 электрон сияды.

Изотоп дегеніміз не? Мысал келтір.

Протон сандары бірдей, нейтрон сандары әртүрлі атомдар. Сутек изотоптары.

Бейтарап оксидтер дегеніміз не?

Қышқылмен де, негізбен де әрекеттеспейтін заттар, олардың саны үшеу ғана

Сілті мен негіздің бір-бірінен

қандай айырмашылығы бар?

Сілті суда ериді, негіз ерімейді



8.Химимя он теория

«Ядролық реакция» дегеніміз не?

Атом ядроларының өзге ядролармен және қарапайым бөлшектерімен әрекеттсеу нәтижесінде өзгеруі.

Қайтымсыз реакция дегеніміз не?

Тек бір бағытта жүретін реакция

Тұз түзетін оксидтер қалай жіктеледі?

Қышқылдық оксидтер, негіздік оксидтер және екідайлы оксидтер.

Қышқыл қалдығының заряды қандай?

Теріс.

Электролиттер дегеніміз не?



Электр тогын өткізетін ерітінділер.

Электронның массасы бар ма?

Бар. Бірақ протонның массасынан 1837 есе азболғандықтан есепке алынбайды.

Әрбір дейгейде бола алатын максималды электрон саның қалай анықтайды?

N=2n2

Элемент өзіне электрон қосып алса қалай зарядталады?



Теріс (-).

Қандай орбиталдарды білесің?

s, p, d, f

3-тур. АЛАМАН. Қалаған торкөздерінен тапсырмаларды таңдайды.



(Әр дұрыс жауап 5 ұпай)

Ғалымдар/Химиялық тұлғалар/

Атомның планетарлық моделін кім ұсынды?

Резерфорд

10-сынып, «Мектеп» баспасы ХИМИЯ оқулығының авторы

Қ.Бекішов

«Белоксыз тіршілік жоқ, азотсыз белок жоқ» сөздерінің авторы?

Ф.Энгельс

Құрам тұрақтылық заңын ашқан ғалым?

Прусть

Қай ғалымға сыйлық ретінде 1 грамм металл берілді?

М.Кюрийге (Радий)

Әртрлі

Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесетін гидроксидтер

Екідайлы (амфотерлі)

Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл

Тұз қышқылы

Ас содасының формуласы қандай?

NaHCO3

Динамитті ойлап тапқан ғалым кім?

А.Нобель

Қышқыл жаңбыр дегеніміз не?

Ауаға көп мөлшерде көтерілген азот, күкірт оксидтері ауадағы су буымен қосылып, қышқыл түзеді.

Қарлы кесек

Диссоциация, швед, 1887 жыл

Электролиттік диссоциация теориясын, 1887 жылы швед ғалымы С.Аррениус ұсынды

1869 жыл, үшінші наурыз, заң

1969 жылы үшінші наурызда Д.И.Менделлев периодтық заңды ашты

Заңдар, стехиометриялық, сақталу

Стехиометриялық заңның негізгілерінің бірі болып табылатын заттар массасының сақталу заңы болып табылады, оның анықтамасы:

Тұздар, алмасу, бейтараптану

Қышқыл мен негіз әрекеттесіп нәтижесінде тұз және су түзілетін реакциялар алмасу реакциясы деп аталады, осы табиғатына байланысты бейтараптану реакциясы деп аталады

Газтектес, Авогадро, заң

Газтектес заттарға арналған негізгі заңды Авогадро ашты

Химия Тұрмыста

Асханада қолданылатын қышқыл?

Сірке қышқылы

Пышақты қалай өткір етіп қайрауға болады?

Қайрар алдында тұз қышқылының әлсіз ерітіндісіне біраз батыру қажет

Шараптың құрамында көп кездесетін көмірсу?

Глюкоза

Алма, алмұрт, қауын, қарбызды кескенде пышақ неге қараяды?



Құрамдарында қышқылы бар ол темірмен қосылғанда сия түзеді

Адам ағзасындағы өт пен бүйрекке тас қайдан жинақталады?

Судың құрамындағы еріген тұздардан жинақталады

4-тур Финал:

Ойлан тап

Жұмбақты шешіп, химиялық элементтердің атауын қазақша, орысша,латынша атап шығу (толық жауапқа 20 ұпай,


жартылай жауапқа 10 ұпай беріледі)

1,Ауылым ... бесігім.

Алтын-золото-аурум

2.Өзім газбын, менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.

Оттек-кислород-оксигениум.

3.Ең жеңіл элемент саналады,


Периодтық жүйе осыдан бастау алады.

Сутек-водород-гидрогениум.

4.Өшпейтін өмір жоқ, сынбайтын... жоқ

Темір-железо-феррум

5. Өзі ауыр металға жатады,
балалар осы металл құйған сақамен атады.

Қорғасын-свинец-плюмбум

Есептер шығару

1.12г күкіртті темір ұнтағымен қыздыру нәтижесінде 33г темір сульфиді түзілді.Қанша грамм темір реакцияға қатысты?

Берілгені: m(FeS) = 33г

m(S) = 12г

Т/к: m(Fe) = ?

Шешуі: 33г – 12г = 21г

Жауабы: m(Fe) = 21г

2.Массасы 24г мыс сульфиді түзілу үшін 16г мыс алынған. Ал күкірттің неше грамы керек?

Берілгені: m(CuS) = 24г

m(Cu) = 16г

Т/к: m(S) = ?

Шешуі: 24г – 16г = 8г



Жауабы: m(S) = 8г
Каталог: uploads -> doc -> 0cc6
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cc6 -> Сабақтың тақырыбы: Меңгеру байланысына жаттығулар жұмысы Сабақтың мақсаты
0cc6 -> Сабақтың тақырыбы: г дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: а


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет