ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ
1. Діл термині жайында түсінік.
2. Ұлттық діл.
3. Дін дегеніміз не?
4. Діл мен діннің байланысы.
5.
Қазақи ділмен ұштасқан діни
құндылықтар.
Діл ұғымы
«Менталитет» латын тілінің «mens – ақыл, ойлау» (8 түрлі мағынасы бар) сөзінен
шыққан. Бұл терминді ең алғаш 1910
жылы антрополог
Леви-Брюль қолданса,
1920
жылы Франциядағы «Анналов» мектебі «менталитет» сөзін алғаш ғылымға енгізді.
Менталитетті тарих, этнология, антропология, мәдениеттану, психология,
философия сияқты ғылымдар өздерінің өзекті тақырыптары ретінде зерттейді.
Ал «ментал», «менталитет» сөздерін қазақ тіліне «діл» деп аударылу ұсынылып,
оны ғылыми көпшілік мойындады. Сондай-ақ бұл ұғымға әр ғылым өз алдына жеке
анықтама берген.
Діл, менталитет – қоғамдағы ұжымдық деңгейде қалыптасатын ойлау
және іс атқару жүйесі. Ол қоғамның барлық мүшелеріне тән және барлық
жеке тұлғалардың іс-әрекеттерінде көрінеді.
Діл «біз және біз емес» деген ажыратушы оппозицияға негізделеді. Осыған
байланысты ұлттар арасындағы ең алдымен көзге түсетін, басты ажыратушы
ерекшелік – әр халықтың өзіне тән ана тілі. Екінші ерекшелік – сол ұлттың
ұстанатын діні.
Ділді қалыптастыруда мәдениеттің,
философияның, психологияның, ұлттық
салт-дәстүрдің,
тұрмыстың, қоғамдық
әлеуметтік ортаның, саясат пен
идеологияның, экономикалық қатынастардың маңызы зор.
Сондай-ақ ділді
қалыптастыратын басты факторлар тіл және дін болып табылады.