Дәрістің тақырыбы


Қазақ ділін, мәдениетін Ислам дәстүрлері мен



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата24.10.2023
өлшемі0,81 Mb.
#187823
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лекция2 Ұлттық діл және діни құндылықтар

Қазақ ділін, мәдениетін Ислам дәстүрлері мен 
құндылықтарынсыз елестету мүмкін емес. 
Өйткені ислам –
қазақ халқының мәдениеті мен әдебиеті, өнері мен салт-
санасының мызғымас бөлігі. Сол себепті де әркезде де ислам 
біздің рухани дамуымыздың негізігі ұйытқысы боп келді және 
солай бола бермек. Патшалық Ресей тұсында «бұратана 
халықтардың өткені, ежелгі мәдениеті жоқ десе», Кеңес дәуірінде 
«олардың көзін Қазан төңкерісі ашты» деген жалған идеология 
үстемдік етті. Сол себепті де біз халқымыздың көптеген жақсы 
қасиеттерінен, рухани мұрасынан айырылып қалдық. Әдебиетіміз 
бен мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, мінез-құлқымыз, тәрбиеміз, 
діліміз Қазан төңкерісі әкелген арзан құндылықтарға емес, Ислам 
мәдениеті негізінде қалыптасқан. Олай болса ислам біз үшін тек 
дін ғана емес, рухани мұрамыздың қайнар көзі. 


Бұдан басқа ұлттық ділдің негізін құрайтын мынадай ұлттық құндылықтар 
бар: 
*
тәуелсіздік, 
*
бейбітшілік, 
*
теңдікке негізделген әділеттілік құндылығы
*байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау, 
*онымен тығыз байланысты бар нәрсеге қанағат ету
*ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау, 
*ерлікті, батырлықты қасиет тұту, өмірді бағалау
*руханилықты жоғары қою, 
*ертеңгі күнмен емес бүгінгі күннің бағасын түсіне, сезіне отырып өмір сүру, 
*қиналғандарға риясыз қол үшін беру, ата-ананы, үлкендерді сыйлау, құрметтеу.


Қазақ менталитеті (ділі) 
еуропалықтар шеңберіне 
сыймайды. Қазақ жері қандай 
кең болса, оның менталитеті де 
сондай мол, рухани жағынан 
өте бай. Оны еуропалық 
қалыпқа салып қарауға 
болмайды. Оның өркениеті де, 
өлшемдік түсінігі де басқа.
Досмұхамбет Кішібеков.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет