Мақсаты: - Мақсаты:
- кешірімділіктің адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру. Айнала қоршаған адамдарға кешірммен , түсінісушілікпен, ізгілікпен үйрету.
- Міндеттері:
- ● «кешірім», «кешірімділік» туралы түсіндіру;
- ● айнала қоршаған адамдарға кешіріммен қарауға дағдыландыру;
- ● кешірімділікке тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері - Балаларды шаттық шеңберіне шақырып қолдарына гүлдерді таратып, оның нәзіктігіне, сүйкімділігіне назар аудартады.
- Енді сағат тілінің қозғалысы бойынша балалар бір-біріне тілек айтып, қолындағы гүлдерін көршіліес ұсынады. Осылай балалар жанындағы баланың берген гүлін өз гүлімен қосып, келесі балаға ұсына отырып, жылы сөздер айтуын жалғастыра береді. Гүлдер бірте-бірте үлкейіп, шоқ гүлге «Тілек шоғына» айналды.
Әңгімелесу - Оқулықтағы «ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген сұрақтар арқылы мұғалім оқушылардың берілген тақырып төңірегінде өзіндік пікірлерін білдіре алу іскерлігіне үйрету мақсатында төмендегі сұрақтарды қояды:
- «Кешірімді болу» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Өкпелеп, ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?
- Сол сәтте өздеріңе назар аударып көрдіңдер ме?
- Сені қандай жағдай өкпелетіп, ренжітеді?
- Басқаларға деген өкпе-назыңның себебіне үңіліп
- көрдің бе?
Мәтінмен жұмыс - Оқушыларға кешірімділіктің пайдасы мен қажеттілігін ұғындыру мақсатында оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарында берілген А.Бейсебайдың «Кешірімнің күші» атты мәтінімен таныстырамын.
Күнделікті өмірде көп нәрсені байқамайсың, қадірін біліп, бағалай жатасың. Өмірде өз ойлағанымыздай болмай қателесіп жатсақ, көрінбей кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып, өкпе-реніш танытамыз. Қателеспейтін адам болмайды, сондықтан кешіре де білу керек. Ал еке сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өзгелерге деген өкпе , реніш, ашу адам өмірін қызықсыз етіп, өзін бақытсыз сезінтіп, денсаулығын нашарлатады. Кешірімді болмай өз жан дүниемізді қинап, өзімізге зиян келтіреміз. Жүрегімізге салмақ саламыз. Ал өзгелерді кешірген кезде, бойымыз жеңілдеп, сол адамға жақсылық жасағандай боламыз. Алайда біреуді кешіру-ең алдыменен өзімізге жасалған жақсылық екенін түсінгеніміз абзал. Өзгелерді ылғи ренжітетін адамдар жайлы неліктен осындай қадамға, әрекетке баратыны жайлы ойланып көрейік. Кешіру деген ол адамды түсіну шығар. Егер адамға түсінушілікпен қарасаң, сол сәтте-ақ ол адамға ешқандай де өкпелемейсің. Өйткені осындай жағдайда өзім не істер едім деп өзіңе сұрақ қоясың. Өзіңді олардың орнына қойып, мүмкін, ертең мен оның орнында болармын деп ойлайсың. Сол кезде кешіру оңайырақ болады. Ең бастысы айналаңа жақсы ниетпен қарап, жақсы көрсең, олардың қателігін кешіре де аласың. Басқаларды жақсы көру үшін өзіңді өзің сыйлап, жақсы көруің керек. Ал өзін жақсы көретін, сыйлайтын адам, өз жан дүниесін жаман сезімдермен ластап, ауырлатпайды. Біз барлығына кешіріммен, сыйластықпен, түсіністікпен, сергектікпен қарауға тиіспіз. Өйткені өмір сондай тамаша , біз алға қарай тек қана адал ниет, ізгі істермен жүрсек, игілікке жетеміз. Өсиет әңгіменің басты мағынасы неде? Кешіре білу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар? «Кешіру-өзгені түсінуге тырысу» дегенді қалай түсінесіңдер? Дәйек сөз - Сабақта берілген ақпараттар мен жаңа білімді түйіндеу мақсатында Лютердің төмендегі «Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам да болмайды» деген қанатты сөзі қолданылады.
Тапсырма - Оқушылар адам өміріндегі «кешірім», «кешірімділіктің» мәні мен маңызын оның тікелей адамға немесе айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру мақсатында оқулықта берілген тапсырма орындалады.
Өмір маған ақыл айтты-сол ізгі, - Өмір маған ақыл айтты-сол ізгі,
- Қарап тұрсаң, өмір-ақыл теңізі
- Өмір айтты: бақытты деп өзгелер,
- Күйінбесең, саған рақат кез келер.
- Қанағат көр басындағы бағыңды,
- Аңсар көп жұрт сенің сол бір шағыңды.
- Өмір айтты:
- Тоқтата біл ашуды;
- Опа таппас бұл дүние ашынған.
- Сөйлеген жан бұғау салмай тіліне,
- Бұғаулатар екі аяғын түбінде.
- М.Мақатаев
- Өкінбе, өкпелеме бүгініңе,
- Өмір,өмір
- Болмайды түңілуге .
- Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
- Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге.
- Д.Байрон.
- Жауымыз досқа айналса-сол ғанибет!
- Сонымен солай қалса-абырой, құрмет!
- Жаманы өшігудің-кеке айналу,
- Бір кешіп, өшігуге қайта бару.
Түйіндеме - Оқулықта тақырыпты түйіндеп, қорытындылау мақсатында «назар аударайық» айдарында төмендегідей ақпарат берілген:
- мейірімділік
- ақылдылық
- ізгілік
- Кешірімділік рахымдылық
- адамгершілік
- азаматтық
- ақкөңілділік
Жағдаятты талдау - Оқиғаның нәтижесі қандай болады деп ойлайсыңдар?
- Балалардың орнына өздеріңді қойып көріңдер?
- Берілген сұрақтарға жан-жақты, өз деңгейінде жауап берілген кезде оқушылар берілген жағдаяттың себебін тереңірек түсініп, өз дәлелдері мен қорытындыларын ұсына алады.
Жүректен - жүрекке - Мұғалім оқушылардың өз-өзіне деген сенімдерін нығайтып, бойларындағы сенімсіздік, алаңдаушылықты сейілту мақсатында жүректен-жүрекке шеңберін төмендегідей ұйымдастыруына болады.
- -Мен жайдары, ақ көңіл және белсендімін.
- -Менің қолымнан барлығы келеді.
- -Мен айналама тек жақсылық тілеймін.
- -Мен бақыттымын.
Достарыңызбен бөлісу: |