Дұрыс сұрақ дегеніміз не?
Зерттеу сұрағын анықтап алған соң, «ол практикалық тұрғыдан жарамды
ма?» деген сұрақ төңірегінде ои�ланыңыз. Төмендегі бақылау тізімін қараңыз
(3.3-қосымшада берілген, онлаи�н нұсқасын да таба аласыз). Жауап беруге қи-
налсаңыз, сұрағыңызды қаи�та қарастырып көру керек болады.
Бұл сұрақ өзекті ме?
Жалпы қалыптасқан пікір бои�ынша, орындауға келетін зерттеу жоспарын
жасау үшін мына жағдаи�ларды ескеріңіз: 1) іске берілу деңгеи�іңіз; 2) тапсырмаға
жұмсаи� алатын уақытыңыз, сосын екеуін де екіге көбеи�тіңіз. «Тұтас зерттеу
мерзімі кезінде бұл мәселе маған қызықты бола бере ме?» деген сұраққа жауап
іздеген жөн. 2-тарауда аи�тылғандаи�, мотивацияны жоғалту оп-оңаи�, бағыттан
жаңылмау үшін тақырып сіз үшін өзектілігін жоғалтпауға тиіс.
Дегенмен мұның екінші қыры да бар. Әдетте өзіңіз қызыққан мәселелерге
біржақты қарап, субъективті пікір қалыптастыруыңыз мүмкін. 3-тарауда аи�-
тылғандаи�, мұндаи� субъективті пікірді мұқият зерделеп, зерттеу процесінің
тұтастығын қамтамасыз ететіндеи� етіп басқару керек. Келесі жаи�ттарға көңіл
бөліңіз:
y
Жеке мүддеңізді көздейтін мәселені зерттеу. Әдетте әлдене туралы нақты көзқа-
рас қалыптастырып алсаңыз, оны терең зерттеу қиынға соғады.
y
Отбасындағы зорлық-зомбылық, сексуалдық күш көрсету сияқты мәселелерді
зерттеу. Мұндай зерттеу оңай сияқты көрінуі мүмкін, бірақ жеке және кәсіби мін-
детті араластыру екі тарапқа да ауыртпалық түсіреді.
66
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Сұрақ зерттеу саласымен ұштаса ма?
Зерттеу мына міндеттердің біреуін не бірнешеуін атқаруға тиіс: белгілі бір
саладағы білім аясын кеңеи�ту; кәсіби тәжірибені жетілдіру; саясатқа ықпал ету
немесе адамдарға көмектесу. Зерттеу мәселесі сіз үшін ғана емес, ғылыми және
кәсіби орта үшін де маңызды болуы керек.
Студенттеріме ұдаи�ы «зерттеу шығынын өтеи�тін қордың баи�қауына өтініш
бердім деп елестетіңіздер» деи�мін. Олар қаржыландырушы мекемені сендіретін
дәлел ұсынудан (зерттеу жүргізуге білігім жетеді, зерттеу тәсілім сенімді және
жобамның нәтижесі маңызды) бұрын, тақырыптың қаржыландыруға лаи�ық
екеніне әуелі өздері көз жеткізуі керек. Олар мынаны дәлелдеи� алуға тиіс:
y
Білімнің маңызы
y
Қоғамдық маңызы
y
Ашқан жаңалық (нәтиже) әлеуметтік прогреске қалай жетелейді?
y
Зерттеу нәтижесі кәсіби практикаға және/немесе саясатқа қандай жаңалықтар
әкелуі мүмкін?
Зерттеу процесінің бастапқы мақсаты – жобаның маңызын көрсететін дә-
лелдерді сенімді етіп ұсына алу. Көтерген мәселеңізді әдебиеттермен негіздеп,
өзекті тақырып екеніне сендіруіңіз қажет.
Сұрақ дұрыс қойылды ма?
Зерттеу сұрағы зерделеу мен шолуға мұқтаж әдебиет пен теорияны табуға
көмектесумен қатар, жинақтауыңыз керек деректерді, қолдануыңыз керек әдіс-
терді де нұсқаи�ды. Сондықтан зерттеу сұрағын дұрыс қоя білу өте маңызды.
Терминдер екіұшты емес, бір оқығаннан түсінікті болуы керек.
«АҚШ-та денсаулық сақтау мәселесі өзекті ме?» деген сұрақты алаи�ық.
Жалпы, пікірталас сұрағы ретінде жап-жақсы естіледі. Бірақ зерттеу сұрағы
ретінде нақтылауды қажет етеді. «Денсаулық сақтау» дегенді қалаи� түсінеміз?
Оның шеті мен шегі қандаи�? Нақты қандаи� мәселені қозғағыңыз келеді: әлеу-
меттік пе, моральдық па, экономикалық па, құқықтық па, әлде бәрін қамтисыз
ба? Кімнің атынан сөи�леи�сіз? Кімнің мәселесі? Сұрақты аи�қындаған саи�ын оның
мәні ашыла түседі, зерттеу бағыты анықтала береді.
Ескертетін тағы бір жаи�т – сұрағыңыз негізсіз ұи�ғарымға сүи�енбеуі керек.
«Фиджи ауылындағы әи�елдер өздеріне қысым жасап келген патриархалдық
құрылымды қалаи� жеңе алады?» деген сұрақты қарастыраи�ық. Мұнда тексеруді
талап ететін бірнеше жорамал бар:
1.
Әуелі патриархалдық құрылым ұғымын анықтап алу. Ол туралы кітаптарда жа-
зылған. Онда жазылғанды рас деп ойлаймыз...
67
Зерттеу сұрағын әзірлеу
2.
Патриархалдық құрылымдар әйелдерге қысым көрсететіні рас.
3.
Фиджи әйелдері осы патриархалдық құрылымды өзгертуді қалайды.
4.
Өзгеріс жасаудың жалғыз жолы – құрылымды өзгерту. Бұл термин жеке адам-
ның субъективті пікірін тұспалдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |