74
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Билік пен артықшылық
Кемшілік пен маргинализация
Ер адам
Әйел адам
Ана тілі – ағылшын
Ағылшын тілін білмейді
Сенім тудыру: білім өндірудегі адалдық
Зерттеу жүргізудің мақсаты – сенім-
ді және негізді жаңа білім өндіру болса,
мұндаи� білім өндіру сенім тудыра білгені
абзал. Ол сенім тудыра алатын қабілетке ие болуы керек.
Бірақ аи�ту оңаи�, істеу қиын. Қоғамдық ғылымдар бои�ынша зерттеу жүргіз-
генде адамдармен жұмыс істеу керек, ал адамдар қатысқан зерттеуде адалдықты
сақтау мәселесі жетіп артылады. Шын мәнінде, адамдар – өте күрделі зерттеу
нысаны. Бактерия, жасуша, ДНҚ және т.б. зерттеу нысандары зертханада әдет-
дағдысын өзгертпеи�ді, олардан не күтуге болатынын білесіз, кішкентаи� бакте-
рия саналы не беи�саналы түрде сіздің зерттеуіңізде әртүрлі мінез көрсетпеи�ді.
Ал адамдар сан түрлі. Олардың құпия жоспары бар, есте сақтау қабілеті де
сенімсіз, өздерін ұдаи�ы әртүрлі қырынан көрсеткісі келеді. Адамдар көмекте-
суі, сақтануы және/немесе құрмет көрсетуі мүмкін, алаи�да қаи� кезде қандаи�
беи�неде болатынын болжап білмеи�сіз. Міне, зерттеуші осындаи� жағдаи�да зерт-
теу жүргізеді. Ол да қателігі бір басына жетіп артылатын, біржақты пікірге
сүи�енетін, субъективті ұстанымдағы адам. Бірақ одан біржақты емес, сенім
тудыратын зерттеу нәтижесі талап етіліп отыр. Субъективті пікірі бар зерт-
теушінің іс-әрекетін алдын ала болжап біле алмаи�тын зерттелушінің немесе
зерттеу нысанының іс-әрекетін қосқанда, сенімді білім өндіру өте қиын міндет
екені түсінікті.
Зерттеу әлемінен тыс жерде сенім тудыру үшін шынаи�ы, шыншыл, бәлкім,
реалистік көзқараста екеніңізді өзгелерге көрсете білуіңіз керек. Ал зерттеу
әлемінде сенім тудыру қабілеті одан да зор маңызға ие. Ол сенімділік, шынаи�ы-
лық, түпнұсқалық, беи�тараптық және тексере алу мүмкіндігі сияқты индика-
торларға сүи�енеді. Мұндаи� индикаторлар зерттеудің қатаң тәртіпке бағынған
мәселесі дер едім. Сондықтан зерттеу нәтижесін білімге қосылған құнды үлес
ретінде қабылдаи�мыз.
Достарыңызбен бөлісу: