69
Зерттеу
сұрағын әзірлеу
Тарауды қорытындылау
y
Нақты тұжырымдалған зерттеу
сұрағын қою өте маңызды, себебі ол жобаны ай-
қындап,
шекарасын белгілейді, бағыт беріп, жұмысты бағалауда бағдар береді.
y
Зерттеу тақырыбын таңдау өте қиын.
Әдебиеттерді оқу, жеке тәжірибеңіз бен
идеяңыз, бақылау жасау; өзекті/маңызды проблемалар, мүдделі тараптарды
анықтау т.б. жағдайлар шабыт беруі мүмкін.
y
Зерттеу бағыты зерттеушіге әр кез тәуелді бола бермейді.
Мынадай практика-
лық жайттарды есте сақтаңыз: тақырып өзекті ме,
жетекшінің қолдауына ие
болды ма, қаржыландыру мүмкіндігі мен міндеттері қандай?
y
Тақырыптан зерттеу сұрағына ауысу қиындық тудыруы мүмкін. Ой картасын
жасау немесе тарауда келтірілген сұрақ әзірлеу
процесін қолдану және қайта
қарастыру әдістерін пайдалану арқылы дұрыс сұрақ қоюға болады. Бұл әдістер
қажет жағдайда гипотеза құрастыруға да көмектеседі.
y
Зерттеу сұрағы дұрыс қойылуы керек: сауалыңыз өзіңіз үшін өзекті, салаңыз
үшін пайдалы,
жақсы қойылған, жауабы табылатын болуы керек және саланы
білетіндер оны құптауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: