79
Этика
талаптарына сай, сенім тудыратын зерттеу жүргізу
Дүниетанымыңызды бағалау. Субъективтілікті басқару қабілетіңіз оны тану
мен анықтаи� алуға да баи�ланысты. Қазіргі кезде диссертациялардың көпшілі-
гінің бірінші тарауында зерттеушінің ұстанымы туралы бөлім бар.
y
Балама шындықты бағалау.
Зерттеуші мен зерттелушінің түсінігіне негіз болған
жеке және қоғамдық тұжырымдарды белсенді түрде зерттеңіз.
Олар әрқилы бо-
луы мүмкін, оны қабылдауыңыз керек.
y
Жедел тұжырым жасамау.
Өзіміз түсінбеген дүниені сөгуді әдет еткен қоғамда
өмір сүріп жүрміз. Зерттеушінің де түсінбейтін кездері болады,
сондықтан өзіңіз-
ше пайымдап, үкім шығармаңыз.
y
Оқиғаларды, жағдаяттарды және құбылыстарды инсайдерлермен бірге тексеріп
алу.
Мәдениетаралық зерттеу кезінде өте маңызды қадам – осы. Мәдени орта-
дан шыққан адамның жағдайды бағалауын пайымдау
арқылы біржақты пікірден
арыласыз.
y
Жағдайды жете білу.
Әдетте біз іздеген адам мен оқиғаға араласқысы келетін
адам үстем дауысты адам болады.
Өзіңіз қызыққан, зерттеуіңізге араласуға ұм-
тылған және негізінен үнсіз қалатын зерттелушілер зерттеу жобасында түгел
қамтылсын.
y
Балама және плюралистік көзқарасты іздеу мен қамту.
Түсіндірмелерді сұрып-
тау кезінде әртүрлі пікір тудырған күрделі әрі ауқымды
ұстанымдарды қамтуға
тырысыңыз.
Ақиқатқа жету
Зерттеу ақиқат концепциясын көзбен көріп, қолмен ұстауға ұмтылудан тұ-
рады. Яғни әрбір ақиқат
жарамдылық (validity)
индикаторы арқылы дәстүр-
лі түрде бағаланатын, тануға болатын әлем жаи�лы аи�тқымыз келеді. Демек,
зерттеу нәтижесінің дұрыс-бұрыстығын тексереміз. Мысалы, «Ұлдармен салыс-
тырғанда, қыздардың анасымен жақын қарым-қатынас орнатуына гендерлік
бірегеи�лік ықпал ете ме?» деген сұраққа жауап алу мақсатында зерттеу жұмы-
сын бастадыңыз делік. Мұндағы жарамдылық индикаторын былаи� тексереміз:
1) қарым-қатынас орнатуды анықтаи�тын өлшемдеріңіз, шын мәнінде, қарым-
қатынасты өлшеи�тінін көрсетуі керек; 2) қыздар мен ұлдар туралы жалпылама
аи�ту үшін сол топ өкілдерін кеңінен қамтитын іріктеме жасағаныңызды анық-
таңыз; 3) сондаи� қарым-қатынас орнатуға басқа фактор емес, нақты гендерлік
бірегеи�ліктің ықпал ететінін дәлелдеңіз (84-беттегі 4.4-қосымшаны қараңыз).
Әртүрлі шындықтар
бар екенін қабылдасақ, жарамдылық орнына сәи�-
кес индикатор ретінде
аутенттілікті
(
authenticity
) паи�далану керек болар.
Қатаң бірізділікке әрі рефлексивті практикаға сүи�еніп (ақиқатты табу бола-
шақтың еншісінде болған күннің өзінде), жасалған қорытындының негізді,
сенім тудыратын және шындыққа жақын екеніне аутенттілік кепілдік береді
(4.2-қосымшаны қараңыз).
80
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Достарыңызбен бөлісу: