76
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
(мораль мен негізгі наным-сенімнің басым бөлігі) олар танып-білерден бұрын-
ақ бои�ымызға сіңіп кеткен. Бұл сенімдер санамызда әбден қалыптасқан. Олар
әлемді қабылдап, ұғынуымыздың бір бөлігі, ол түсінік зерттеуімізге де ықпал
етеді. Сенім тудыратын зерттеу жүргізу дүниетанымның рефлексивті болуын
талап етеді, зерттеу жолына түскен кезде сол мақсатқа саналы түрде жұмыс
істеу керек.
Дәстүрлі ғалымдар үшін (мысалы, зертханада жұмыс істеи�тін) бұл – кез кел-
ген біржақты пікірден арылу, объективтілікке ұмтылу дегенді білдіреді. Қатаң
әдіснамалық хаттамалар мен тұлғадан тыс тұрған зерттеу нысаны бұл міндет-
ті атқара алады. Алаи�да қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеушілердің
міндеті қиындау. Зерттелетін нысан – қоғам, сол қоғамның бір өнімі ретінде
зерттеуші өз дүниетанымына сүи�енетінін мои�ындауы керек. Біздің түсінігіміз
көргенімізді және оны қалаи� қабылдағанымызды басқаша сипаттаса, мұқият
зерттеу жүргізу үшін естуіміз, көруіміз және түрлі көзқарас пен шындықты
бағалаи� білуіміз керек. Мысалы, феминистер қоғамдық ғылымдарды «әлемді
артықшылыққа ие ақнәсілді ер адамның көзқарасы тұрғысынан ғана талдаи�-
ды» деп сынаи�ды.
Объективтілік ешқашан орнамаи�ды. Зерттеуші ретінде субъективті пікіріңіз
болатынын ескермесеңіз, беи�тарап болуға тырыспасаңыз, өзгелердің шынды-
ғын өз шындығыңыздың жолында құрбан етіп, тұзаққа түсіп қаласыз. Шын
мәнінде, зерттеуші өз ұстанымына саналы түрде үңіліп, эгоцен тристік анализ
жасауға тырысады; яғни нәсіл, гендер мен тап ерекшелігін есепке алмаи�ды,
тілдің қуатын елемеи�ді, өктем дауысты ғана естиді.
Нәсіл, тап және гендерлік ерекшелікті ескермеу
Нәсіл, тап және гендерлік ерекшелікті ескермеу – зерттеу кезінде бұл кон-
цепцияларды маңызды фактор немесе аи�нымалы деп санамау. Ол эгоцентристік
анализдің жанама өнімі болуы мүмкін. Ғалым зерттелетін дүниенің шындық
екенін мои�ындап, бағалауға тиіс, әи�тпесе әмбебап әрі маңызды атрибуттарды
елемеи� кетеді. Мысалы, көпмәдениетті ортадағы студенттің мотивациясын зерт-
теу кезінде маңызды аи�нымалы ретінде этностық ерекшелікті ескеру керек.
Иә, карьера жасаудағы амбиция, оқудан ләззат алу, зерттеудің өзекті екенін
түсіну т.б. мотивацияға ықпал етуі мүмкін, бірақ осы факторлардың бәрі отбасы
мен мәдениеттен бастау алады. Мысалы, көптеген англоазиялық отбасыларда
оқушының жетістігі мен сәтсіздігі ата-анасының жетістігі мен сәтсіздігі ретінде
қабылданады, бұл студент үшін үлкен міндет және/немесе мотивация.
Нәсіл, тап және гендерлік ерекшелікті ескермеу дихотомияға да бастаи�ды,
яғни топтарды бөліп-жарады, олардың тоғысатын сипаттары бар екенін ес-
кермеи�ді. «Ер» және «әи�ел», «ақ» немесе «қара» сияқты абсолют терминдермен
сөи�легенде, оларды бөлектеи�міз. Дихотомияға ұшыраған зерттеу – таптаурын
пікірдің құрбаны болған зерттеу деуге болады.
77
Этика
талаптарына сай, сенім тудыратын зерттеу жүргізу
Қорыта келгенде, нәсіл, тап және гендерлік ерекшелікті ескермеу қос стан-
дартқа ұрындыруы мүмкін. Мұндаи� зерттеуде бірдеи� мінез-құлық, жағдаи� не-
месе сипаттама респонденттердің ақ не қара, ер не әи�ел, баи� не кедеи� екеніне
баи�ланысты басқаша критерии� қолдана отырып талданады. Мысалы, ерлі-за-
и�ыптылар не үшін бір-бірінің көзіне шөп салатынын зерттегіңіз келді делік. Ер
адамдар «тез зерігеді», ал әи�елдер «қажетсініп тұрады» деген біржақты түсі-
нікті негізге алып, жауап іздесеңіз – қос стандартқа тап боласыз. Есте сақтаңыз,
зерттеу жүргізген кезде қоғамға тән жорамалдар мен біржақты пікірлерден
бои�ды аулақ ұстау керек.
Үстем дауысты ғана есту
Үстем дауысты адамды не сіздің тіліңізде сөи�леи�тін жанды бірден естисіз.
Бірақ ол кезде маңызды жаи�тты қалт жібересіз де, басқа дауыстарды естімеи�
қаласыз. Өзім сабақ өткенде сонымен күрестім. Семинар берген кезде студент-
теріммен қарым-қатынас жасауға тырысамын, дәріс оқығаннан гөрі олармен
баи�ланыс орнатуға ұмтыламын. Диалог орнатып, екіжақты әңгіме жүрсе деи�мін.
Ол қолымнан келетін де сияқты. Себебі дәрістің бәрінде студенттердің көбі
менімен еркін сөи�леседі.
Бірақ ол көптің ішіне кімдер кіреді? Онда түрлі топ өкілдері бар, сондықтан
кімдер кірмеи�тінін аи�таи�ын. Әдетте шетелдік студенттер тасада қалуға тыры-
сады. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, олардың көбі сабаққа араласуды
талап етпеи�тін білім жүи�есі негізінде оқыған. Басқалары ағылшын тілінде
сөи�леуге қиналады. Мен және менің болмысым тағы бір фактор болуы мүм-
кін. Қолданған мысалдарым, аи�тқан әзілдерім, көзге ұрып тұрған америкалық
стилім демографиялық сипаты маған ұқсас топ өкілдерінің көбірек сөи�леуіне
жағдаи� жасаи�ды. Осылаи�ша азиялықтар немесе үнді студенттер елеусіз оты-
рады (Батыстағы университетін бітіргенше, көбі солаи� үнсіз кетеді).
Сабақ берген кездегі менің міндетім – бүкіл студентті баурап алу, әр шәкірт-
пен баи�ланыс орнату. Олар да маған зеи�ін аударуы керек. Зерттеу жасаған кездегі
қиындық та осыған ұқсаи�ды (4.1-қосымшаны қараңыз). Әртүрлі топ өкілдерін
естуге тырыспасаңыз, елеусіз қалғандарды баи�қауға саналы түрде ұмтылма-
саңыз, сол үнсіз қалған топтың пікірі қамтылмаған деректі жинап, көпшілікке
ұсынасыз; олардың мүддесі ескерілмеген қорытындыға келесіз. Жауапты зерт-
теуші маргиналданған дауыстарды да естуге тырысады. Баи�ырғы халықтар,
азшылық, балалар, әи�елдер, геи�лер мен лесбиандардың үні көп жағдаи�да ес-
тілмеи� қалады; жағдаи�ды толық түсіну үшін олардың да дауысын есту керек.
Тілдің қуатын елемеу
Зерттеу кезінде тілді түрлі тәсілмен қолдану арқылы жан-жақты ете түсе-
міз. Біріншіден, әр сөздің өзінің нәзік, бірақ қуатты күші бар. Респондентпен
78
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
сөи�лескенде қолданған сөзіміз бен олардың бізбен сөи�лескен кезде қолданған
сөзін қате түсініп, теріс ұғыну мәселесіне жиі кезігеміз. Мысалы, бір топ үшін
түсініксіз, күрделі тіл екінші топтың күнделікті қолданысындағы тіл шығар.
Сөзге талдау жасағанда зерттеушінің емес, зерттелушінің көзқарасы мен шын-
дығы тұрғысынан қарау керек.
Ортақ тілде сөи�лемеи�тін респондентпен
жұмыс істеу кезінде қосымша
қиындық туындаи�ды. Бір тілден екінші тілге ои�ды дәлме-дәл аударып бере-
тін компьютерлік бағдарлама жоқ; тілдердің бәрі метафораға, миф пен сырлы
сөзге, астарлы мағынаға, жұмбақ пен жорамалға толы. Тілдің мұндаи� түи�ткіл-
дерін былаи� қои�ғанда, нақты аударма жасаған кезде сөздің көбі аудармашыға
жеткенде не аудару барысында қалып қояды. Басқа тілде аи�тылған ои�-пікірді
ағылшын тілінде беруге ұмтылған зерттеуші респонденттің идеясы мен көзқа-
расын әу бастағы қалпында толыққанды етіп, бар бояуымен жеткізе алмаи�ды.
Респонденттің ана тілін білмеи�тін зерттеушілер ауызша не жазбаша тілдегі
деректердің дәлдігі мен туралығына көз жеткізуге тиіс.
Субъективтілікті басқару стратегиясы
Субъективтілікті басқару – сіз істеи� алатын жұмыстан да ауқымды дүние.
Шын мәнінде, бұл басқару сенім тудыратын дерек алуда және нәтижеге жетуде
шешуші рөлге ие. Ол стратегияларды да таныстыра кетеи�ік:
Достарыңызбен бөлісу: