Этикалық рұқсат алу процестері Этикалық зерттеу жүргізу талаптарына бағынамын деу жеткіліксіз.
Университеттер мен ірі бюрократиялық мекемелердің көбі (мысалы, ауруха-
налар, мемлекеттік мекемелер) этикалық ұсыныс әзірлемесін қамтыған (5-та-
рауды қараңыз) ресми құжатыңызды талап етеді, оған келісім формасы мен
зерттеу жүргізуге арналған ақпараттық мәлімдеме де кіреді (4.8-қосымшаны
қараңыз). Сондықтан зерттеу кезінде кездесетін мәселелердің этикалық сал-
дарын жан-жақты бағамдап, жұмысты ұи�ымдастыру және жүзеге асырудың
барлық аспектісін жіті ои�ластыру керек.
Кеи�бір зерттеушілер «этикалық рұқсат алу – бар болғаны бюрократиялық
процесс, сондықтан алтын уақытымды текке құртамын, әуре-сарсаңға түсемін»
деп ои�лаи�ды. Бірақ бұл процеске немқұраи�ды қарауға болмаи�ды, оның бірнеше
себебі бар. Этика жөніндегі комитеттің міндеті – білім өндіруде адалдықты қам-
тамасыз ету; қатысушылар алдындағы жауапкершілікті арттыру, зерттеуші мен
мекемені зерттеу кезінде туындаи�тын этикаға қатысты кез келген құқықтық
әрекет салдарынан сақтандыру.