Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition


Палау аралындағы тамақтан улану оқиғасын зерттеуде қолда бар



Pdf көрінісі
бет169/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Палау аралындағы тамақтан улану оқиғасын зерттеуде қолда бар 
деректерді пайдалану
Мені бірнеше жыл бұрын Палаудағы «
Денсаулыққа қатысты іс-шаралардың 
ұлттық жоспары
» (
National Environmental Health Action Plan
) атты топқа мүше болу-
ға шақырды. Сөздің шынын айтқанда, осы шақыруды алардан бұрын Палау аралы 
туралы хабарым аз еді. Кейін білгенімдей, Палау Тынық мұхиттың ортасындағы, 
Индонезияның солтүстігіндегі алақандай ғана жер екен. 300-ден аса әктасты арал 
халқының саны шамамен 20 000 адам. 1994 жылға дейін АҚШ-тың протекторатын-
да болған, қазір қадамын апыл-тапыл басқан жас мемлекет. Дайвиң мен су астында 
сүңгуді қатар дамытқан бұл елдің экономикалық келешегі туризм секторын қалып-
тастыруына тікелей байланысты. 
Мені және әріптесімді жобамен таныстыра сала Палаудағы Қоршаған ортаны 
қорғау бөлімінің (ҚОҚБ) ең өзекті мәселелерінің бірі – тағам қауіпсіздігі екенін айт-
ты. Ел арасындағы алыпқашпа әңгімелерге сенсек, мұнда тамақтан уланудың жоға-
ры көрсеткішін сипаттайтын дәлелдер жетіп-артылады. Әсірсе туристер тағамнан көп 
уланады екен. Дегенмен бұл мәселенің шындығын дәлелдейтін бұлтартпас дерек-
тер жоқ. Бұл туралы толығырақ білу үшін дизайндау әдісіне басымдық беруге шешім 
қабылдадық. Сол уақытқа дейін қанша оқиға тіркелгеніне, жағдайдың қаншалықты 
ушыққанына, кімдердің зардап шеккеніне, әр маусымда жағдайдың өзгерген-өзгер-
мегеніне қатысты және олардың болжамды себептеріне байланысты деректерді жи-
нақтауда қиындықтарға тап болдық.
Бірнеше оқиғаны саралап көрген соң (олардың ішінде туристерге сауалнама 
жүргізу де бар), біз осыған дейін жинақталған жазбаларға басымдық береміз деп 
шештік. Зерттеу тобы тамақтан уланған барлық жазбаларды (шын мәнінде, улану 
деректері шамадан тыс көп сияқты естілуі мүмкін, алайда арал халқының саны кі-
шігірім қалашықтан да аз екенін есіңізден шығармаңыз) анықтап және зерделеу 
мақсатында елдегі әрбір ауруханаға, дәрігерге, медициналық орындарға бардық. 
Олардан алған жазбалардың да кемшілігі бар екен: ендігіде ресми түрде тіркелген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет