184
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
эмоция жұмсау; зерттелушіге ықпал ету ықтималдығы және зерттелініп жат-
қандарға талап қою жағдаи�лары кіреді.
Этнографияға қатысты қиындық тудыруы мүмкін, әлдеқаи�да тереңірек
қарастырылуға тиіс, жан-жақты талқылауды қажет ететін мәселелер де бар.
Біріншіден, этнографтар белгілі бір топ ішіндегі әртүрлілікті көп мои�ындамаи�-
тын гомогенизацияға қарсы тұра білуге тиіс. Сондаи�-ақ этнографтар өзгелердің
өмір шындығын көрсетуде парадокстық дилеммадан хабардар болуы керек.
Этнография зерттелуші көзқарасы тұрғысындағы түсініктерді құрауды және
оларды түсіндіруді аи�қын мақсат етеді. Сондаи�-ақ ол сипаттаулардың өзі де
түсіндірмелі екенін және түсіндірменің негізі зерттеушінің өз дүниетанымына
сүи�еніп жасалған теориялық және аналитикалық шеңберлер арқылы түзілген
бақылау мен жазбалардың сүзгісінен өткізілетінін де мои�ындаи�ды. Аутсаи�дер
(әсіресе өзге мәдениеттен келген адам) инсаи�дер сияқты біліп, түсіндіріп, си-
паттаи� ала ма деген сұрақ туады.
Осы парадоксты қалаи� басқаратыныңыз жоғарыдағы сұрақтарға қалаи�
жауап беретініңізге баи�ланысты. Жұмысыңыздың сенім тудыра алуы скеп-
тиктердің күдіктерін қанағаттандыратындаи� дәи�ектер келтіру қабілетіңізге
де баи�ланысты. Бұл рефлексивті түрде мына жағдаи�ларды ескеруіңізді және
оларға жауап беруіңізді талап етеді: зерттеуші ретінде зерттеуіңізде түсін-
дірме беру жұмысына қалаи� ықпал еттіңіз; сапалы әрі шынаи�ы жұмыс болу
үшін қандаи� стратегияларды қолдандыңыз (8.2-қосымшаны қараңыз); зерттеу
жаңалықтарыңыздың нақты білімді өндіруде маңызды рөл ои�наи� ма?
Енді мәдениетке дендеп ену үшін этикалық рұқсат алудың қиындығын аи�та-
и�ық. Культке немесе қылмыскерлер тобына қосылуға этикалық тұрғыда рұқсат
алу екіталаи�! Бірақ зерттегіңіз келетін жаңа мәдени топтың ішіне әлдеқашан
сіңісіп қои�саңыз, онда этнографияға қараи� бет бұрғаныңыз жөн болар. Мәселен,
шетелде оқып жүрсіз немесе балықшы болуға жұмысқа шақырылдыңыз делік.
Тағы бір мысал келтіреи�ік. Менің бір аспирантым қара жұмысшы отбасынан
шыққан, ал қазір академиялық ортада жүр.
Зерттеуіңіз жанашырлық пен сезімталдыққа толы болу үшін этнография-
лық түсініктерге бет бұрғаныңыз дұрыс. Сұхбаттар мен деректерді талдау тех-
никалары жетілуі мүмкін. Бұл респонденттің мәдени шынаи�ылығы зерттеуші
шынаи�ылығынан өзгеше болуы мүмкін екенін түсінуге тырысу арқылы жүзеге
асады. Ол балама шынаи�ылық рұқсат алуға, қолдау табуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: