Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет20/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Ғылыми зерттеуге мұқтаждық
Кеи�бір адамдардың ғылыми дәреже алу үшін ғана зерттеу жобасына кірісе-
тінін білемін. Бірақ ондаи� талаптан бөлек, «осы зерттеу жобам арқылы жағдаи�-
ды жақсарта аламын» деп әлеуетіңізге сену сізді одан әрі ынталандыра түседі.


16
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Физик Ричард Феи�нман (Richard Feynman) аи�тқандаи�: «Біз адамзат дамуының 
ұшар басында тұрмыз. Проблемалармен күресуіміз негізсіз емес. Қолымыздан 
келгеннің бәрін істеп, шамамыз жеткеннің бәрін біліп, шешімдерді жетілдіріп, 
келер ұрпаққа аманаттап кетуіміз қажет» (Feynman, 1997: 102).
Ғылыми зерттеу жағдаи�ды жақсартуға ықпал етеді. Демек, әңгіме алға жете-
леи�тін жолдар туралы. Біз ол жолдарға мұқтажбыз. Жағдаи�ды өзгертуді талап 
ететін және өзгерте алатын қадамдар көп. Мысалы, үкіметте көп мәселе туын-
даи�ды, кеи�де сол үкіметтің өзі мәселеге аи�налуы мүмкін. Қоршаған ортамызда 
дағдарыс тудыратын жағдаи� шаш етектен. Ғаламшарымыз алып жылыжаи�ға аи�-
налып, жер сортаң тартып барады, таза ауызсуға жарымаи� отырған елді мекен 
көп. Ақшаны, азық-түлік пен дәрі-дәрмекті мұқтаж жандарға теңдеи� бөліп берудің 
жолын таппаи� келеміз. Денсаулық сақтау мен білім беру көңіл толатын деңгеи�де 
емес. Жаһандық деңгеи�ден бастап жергілікті ои�ын алаңына деи�ін нәсілшілдік, 
сексизм, соқыр сенім мен кемсітуден арылған жоқ. Дүниенің әр түкпірінде күн 
саи�ын балалар қатыгездікке ұшыраи�ды, балалар порнографиясы миллиардтаған 
доллар әкелетін индустрияға аи�налған. 
Терроризм қаупімен күресуіміз және сол қауіпті жеңіп үи�ренуіміз керек. 
Алкоголь өнімдері мен шылым сияқты зиянды дағдының кесірінен және зауыт-
тар мен автокөліктердің улы химиялық қалдықтарымен күн саи�ын өзімізді улап 
жүрміз. Анорексияны насихаттаған бұқаралық ақпарат құралдарының кесірі 
тиген балалар да ашығып, соғыс пен саяси қақтығыстардың құрбанына аи�на-
луда. Ал мектептер зорлық-зомбылықты, есірткіні, сексуалдық және нәсілдік 
шиеленісті әлі күнге жеңе алған жоқ.
Жазатаи�ым жағдаи� мен өндірістен зиян шегіп, күн саи�ын 6 300-ден аса адам 
жұмыс орнында көз жұмады (Халықаралық еңбек ұи�ымы, 2016). Ал «аман қал-
ғандар» басшылық тарапынан, бюрократиялық тиімсіз басқару жүи�есінен, кем-
сітуден және жұмыс пен басқа да мыңдаған міндетті қатар алып жүруден жапа 
шегеді. 
Иә, аи�налада қауіп тым көп, ал зерттеушілер – жағдаи�ды жақсартумен аи�на-
лысатын көп топтың бірі ғана. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет