Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет18/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Зерттеу әлеміне 
тереңдеу


14
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Не істегенімізді білсек, оны зерттеу деп атамас едік қой, солай емес пе?
Альберт Эйнштейн
Зерттеу жобасын әзірлеу мәселелері
Өте қызық жағдаи�ды бастан өткермексіз. Зерттеу жобаңызды әзірлеу мүмкін-
дігі туды. Процесті басқарып, шешім қабылдауға сақадаи� саи� даи�ынсыз. Бірақ, 
бір жағынан, іске білек сыбана кірісіп кетуге жүрегіңіз дауаламаи�ды. Себебі 
зерттеу жүргізудің кәнігі маманы емессіз. Ал сізге тақырып таңдап, зерттеле-
тін мәселені қарастырып, этикалық талаптарды ескеріп, әдебиеттерді іріктеп, 
әдіснамалық тәсіл әзірлеп, әдістерді жоспарлап, нақты ұсыныс жасап, респон-
денттерді тауып, дерек жинап, оны талдап, жазып шығу керек. 
Мұндаи� жағдаи�да сізді «Бәріне қалаи� үлгеремін?» деген сауал мазалаи�тыны 
анық. Оған бола қынжылмаңыз, бәріне де осындаи� ои� тыныштық бермеи�ді. 
Мұның шешімі оп-оңаи�. Бакалавр дәрежесін алу үшін диплом жұмысын жаз-
саңыз да, доктор дәрежесін алу үшін жоба әзірлесеңіз де шешімі – біреу. Әр 
қадамды рет-ретімен жүргізіңіз. Зерттеу жүргізудің қисыны мен ырғағы бар. 
Сол қисын мен ырғақты біліп қана қои�маи�, сенімді әрі білікті түрде паи�далана 
алу да керек.
Оқыту мақсаты
y
Зерттеу жобасын әзірлеу мәселелері

Зерттеуді сынақ әрі мүмкіндік деп ұғыну

Ақиқатты табудағы жауапкершілікті түсіну
y
Зерттеу дегеніміз не және ол не үшін қажет?

Зерттеудің қажеттігін түсіну

Зерттеу жағдайды жақсартатын құрал деп есептеу
y
Зерттеу құрылымына тереңдеу

Эпистемология мен онтологияның күрделі әлеміне бойлау

Зерттеу парадигмаларын түсіну

Рефлективті практика концепті және аралас әдіснамаларды меңгеру

Әдіснама мен әдістің айырмашылығын білу 
y
Көмекші құрал

Осы кітапты барынша тиімді пайдалану жолы


15
Зерттеу әлеміне тереңдеу
Әрине, зерттеуді бастағанда әрбір адам жүрексінеді. Саналы түрде аңғар-
масаңыз да, зерттеу жобасын әзірлеу кезінде білім алу сапарында жаңа сатыға 
көтерілесіз. Бұған деи�ін білім тұтынушысы болып келген едіңіз. Енді жеткі-
лікті ақпаратты есте сақтап, өңдеп, синтез жасауды үи�рендіңіз. Бұл дағдының 
арқасында әрбір ақпаратты талдап, тіпті оны сын тезінен өткізе де аласыз. 
Зерттеу жүргізу – мүлде жаңа әлем. Себебі ендігәрі сіз білім тұтынушыдан білім 
өндірушіге аи�наласыз. Ақиқатты тауып, өзгеге жеткізе алатын тұлға боласыз. 
Жаңа дағдының арқасында білігіңіз бен жауапкершілігіңіз арта түседі. «Зерттеу 
туралы біліп қана қою жеткіліксіз екен, енді өзім де зерттеи� бастауым керек» 
деген жаңа мақсатқа ұмтыласыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет