327
Қайталама дерек:
Қолда бар дерек, онлайн жиналған
дерек және алдыңғы зерттеу
және үкімет құжаттары қолыңызда тұр. Мұның қаншалықты керемет және
таңғаларлық жаи�т екенін ои�ланбаған да шығарсыз. Отыз жасқа толмасаңыз,
бұрынғы оқиғадан мүлде хабарсызсыз, ал отыз жастан ассаңыз, мұның бар-
лығы бұрын қандаи� болғанын ұмытып кеткен де шығарсыз. Интернет дәуі-
ріне деи�ін әннің мәтінін білгіңіз келсе, сізде альбомның мұқабасы немесе CD
болуы қажет еді, жоқ болса, досыңыздан сұрап алатынсыз. Интернетке деи�ін
кітапхана деп аталатын ғимараттарға барып, Дьюидің ондық жіктеуінің (Dewey
Decimal System) көмегімен ұи�ымдастырылған қағаз кітапты табу үшін индекс-
тік карталарды (каталогтарды) қараи�тын едік. Интернетке деи�ін газеттерді
велосипед тепкен бала жеткізетін. Интернетке деи�ін мәліметтің көпшілігіне
Funk & Wagnalls* жауап беретін.
Интернет адамзаттың барлық білімін жинақтаумен қатар, өзінің де архивін
жасақтады. Уеб-саи�ттардың көшірмелері белгілі бір уақыт бои�ы сақталады.
Яғни уеб-беттер 1997 немесе 2006 жылдары қандаи� болса, қазір де сол күи�ін-
де сақталады деген сөз. Мұны 1990 жылдардағы мультипликациялық қозға-
лыстарды жандандыратын виртуалды уақыт машинасы деп есептеңіз. Қаи�та
жазылатын, жаңартылатын немесе жои�ылатын уеб-саи�ттар да интернетте
мәңгілік сақталады.
Интернет кітапханадан әлдеқаи�да ауқымды; ол – деректің көзі. Бастапқы
деректі жинау – зерттеу процесінің бір бөлігі. Кеи�де іздеген дерегіміздің әл-
деқашан жиналып қоюы мүмкін екенін ұмытып кетеміз. Санақ, кең ауқымды
сауалнама, ұи�ымдастырылған жазба мен ескі зерттеу өте көп, сонымен қатар
ондағы дерек зерттеу мақсатына жауап беруі де мүмкін. Тақырыбыңыз қан-
даи� болса да, әлдекімнің сол тақырыпқа қатысты мәселені қаузаған, зерттеген
немесе сол тақырыпқа саи� деректі жинаған болуы ықтимал. Демек, интернет
қаи�талама деректі қолдану үшін, әсіресе шағын қолданбалы ғылыми жобалар
үшін аса маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: