Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition


Қайталама дерекпен жұмыс істеудің артықшылықтары мен



Pdf көрінісі
бет327/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Қайталама дерекпен жұмыс істеудің артықшылықтары мен 
қиындықтары
Миымды толық іске қосып қана қоймай, басқалардың миын да толық 
пайдаланамын. 
Вудро Вильсон
Құжаттар, дерекқорлар және онлаи�н ресурстардағы қаи�талама деректі 
паи�далану уақытты, энергияны және қаржыны үнемдеи�ді. Ол – зерттеуші мен 
зерттелушінің арасындағы объективті буфер. Зерттеуші жүргізетін сұхбат алу, 
сауалнама жүргізу, тіпті бақылау зерттеуі, сөзсіз, жағдаи�лардың, оқиғалардың 
* Funk & Wagnalls – анықтамалық оқулық пен энциклопедия шығаратын америкалық баспа. 


328
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
немесе зерттелетін адамдардың шынаи�ылығына әсер етеді; ал зерттеуші мен 
зерттелушінің әлеуметтік ортаға ықпалы болады. Қолда бар дерек пен зерттеу-
ші арасында тікелеи� баи�ланыс болмағандықтан, деректі бұрмалау мүмкіндігі 
де жоқ.
Бірақ бірнеше жаи�тты алдын ала ескеру керек. Қолда бар дерек сенім туды-
ру үшін мұқият тексерілгені жөн. Жеке уеб-саи�ттар мен блогтардың, хакерлік 
мәліметтердің көп екенін ескеріңіз, мақсатыңыз ақпарат іздеу емес, сенімді 
және шынаи�ы ақпарат табу екенін ұмытпаңыз. Сенім тудыру қабілеті мен ау-
тенттілікке көз жеткізе отырып, қолда бар деректі паи�даланудағы маңызды 
қадам – іздеи�тін нәрсені білу, яғни нақты анықталған зерттеу сұрағы болу және 
қандаи� деректің осы сұраққа жауап беретінін түсіну екенін естен шығармаңыз.
Қаи�талама дерек маңыздылығы, қолданымдылығы және әдіснамалық мә-
селелері тұрғысынан қосымша қиындық тудырады. Себебі балама мақсат үшін 
жиналған дерек бастапқы дерек сияқты маңызды немесе қолданымды болмауы 
мүмкін. Кез келген қаи�талама деректі жинау әдісінің әдіснамалық кемшілік-
терін білмеуіңіз де ғажап емес. Ескі дерек жинағының жіктелу мен кодтау жү-
и�елеріне тән, анық емес, сыңаржақ пікірлері де бар. Мысалы, соңғы 50 жылда 
индивидтің жеке уақытын бои�лық зерттеу нәтижесі әсіресе әи�елдердің бос 
уақытының көбеи�іп жатқанын көрсетті. Бірақ оларда бала тәрбиесіне кететін 
уақыт та бос уақыт деп жіктелген. Десе де қолда бар деректі таразылаған соң 
қалаи� паи�далануды ои�ластырған жөн, бірақ ол үшін аңғарымпаз зерттеуші 
болуыңыз керек. 
Артықшылықтары
Қаи�талама деректі зерттеудің артықшылықтары да бар. Біріншіден, дерек 
көп және зерттеу сұрағыңызға жауап табу дерек жинаудың жаңа ережесін қажет 
етпеуі де мүмкін. Бұл – үлкен артықшылық. Қолда бар дерек адамдардың, шын 
мәнінде, не істегенін зерттеуге; вербал және беи�вербал дерекпен қатар, жан-
жақты сапалық дерек пен стандарт сандық дерек жинауға жол ашады. Сондаи�-ақ 
зерттеуге қатысушылармен физикалық тұрғыда араласу мүмкіндігін азаи�тып, 
зерттеуші мен зерттелушінің стреске түспеуіне және шығынды азаи�туға мүм-
кіндік береді.
Сондаи�-ақ ол сенімді нығаи�ту, адамдарды табиғи жағдаи�дағыдаи� әрекет ет-
кізу, рөл ои�нау, зерттеуші мен зерттелушінің нәсілі, жынысы, этносы, табы мен 
жасы сияқты ерекшеліктерінің дерек жинауға кедергі келтіруі сияқты жаи�ттар-
ды уаи�ымдаудан да құтқарады. Қорыта аи�тқанда, қаи�талама дерекпен жұмыс 
істеу зерттеушінің беи�тарап болуына мүмкіндік береді әрі нағыз зерттеу сұхбат 
алу мен сауалнама жүргізуді талап етеді деген сөзді жоққа шығарады.


329
Қайталама дерек: Қолда бар дерек, онлайн жиналған дерек және алдыңғы зерттеу
Қиындықтары
Демек, қаи�талама деректің артықшылығы көп. Бұл артықшылықтар әдетте 
толық кәдеге аспаи� жататын деректі зерттеуге қызығушылық тудырады деп 
үміттенеміз. Бірақ қолда бар дерекпен жұмыс істеуге баи�ланысты мәселе де 
жеткілікті. Қолда бар дерек нақты зерттеу сұрағына жауап беруге арналмаған 
дерекпен жұмыс істеуді; сыңаржақ пікірлеріңіздің интерпретацияларыңыз бен 
түсініктеріңізге әсер етпеи�тініне көз жеткізуді; контекстен тыс жазбаларға мән 
бермеуді; зерттеудің көзге көрінбеи�тін қажеттіктерін (яғни құпиялықты және/
немесе анонимдікті) қорғауды; мәтіннің түпнұсқа екеніне күмән келтіруді қажет 
етеді. Кеи�бір дереккөздер о бастан субъективті болатынын, яғни медиадағы 
хабарлар, жеке коммуникация немесе «саяси партиялардың» нақты саяси күн 
тәртібін көрсететін материалдар, тіпті объективті мәтіндердің де субъективті 
болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз.
Іс жүзінде қаи�талама дерекпен жұмыс істеи�тіндіктен, сенім туғызу қабілетін 
бағалап алу өте маңызды. Қолда бар деректің беи�тарап, толық және тиянақты 
екенін анықтаңыз. Мысалы, интернет жақсы (сенім туғызатын, аутентті, жа-
рамды, сенімді), жаман (қате, өтірік, бұрыс, жалған) және бұрмаланған (алдамшы, 
қателестіруші, боямалы, жасанды) ақпаратқа толы. Оны сын елегінен өткізу өте 
маңызды. Онлаи�н іздеу жасағанда, ең әуелі, мына сұрақтарға жауап іздеңіз:
 
y
Куәландырушы ақпарат
. Автордың құзыреті, білігі және оның тұлғасын анық-
тайтын ақпарат қандай?
 
y
Мотив/ниет
. Ұйымға қатысы, оған демеуші болуы мүмкін мекемелер. Қай ұйым-
мен байланысы бар? Сол ұйымның байланыс нөмірі немесе электрондық мекен-
жайы жазылған ба? Алайда автор жазған ақпаратты ұйым мақұлдады деуге де 
болмайды.
 
y
Мойындалған бедел
. Автордың ғылыми немесе кәсіби басылымдарда жарияла-
нымдары бар ма? Бұл жарияланымдар басқа сарапшылардың рецензиясынан, 
яғни қатаң ғылыми сүзгіден өткен бе?
 
y
Объективтілік
. Сыңаржақ пікірлер бар ма? Әлдебір өнімді таныстырмай ма?
 
y
Тексерімділік
. Автор сілтемелердің толық тізімін ұсына ма? Кімге сілтеме жасай-
ды және ол адамдар өз саласының сарапшылары ма?
 
y
Қолданымдылық
. Уеб-ақпарат жаңа ма? Байланыстар бар ма немесе жұмыс іс-
тей ме? Уеб-дизайнының нашарлығы, сайттың көп уақыт қараусыз қалғаны ұсы-
нылған ақпараттың жаңа әлде ескі екенін анықтауда қиындық тудыруы мүмкін.
Қолжетімді деректің сенім туғызатынын бағалау үшін мынадаи� стратегия 
қажет: 1) 
деректі триангуляциялау
(бір ғана қаи�нар көзге сүи�енбеңіз); 2) 
рецен
-
зияланған/сарапшы талдауларын іздеу
(бұл ақпарат көзі туралы басқалар не 
деи�ді?); 3) 
деректі тексеруден өткізу
(ақпарат ұсынған адам, саи�т және ұи�ым 
қаншалықты сенімді?); 4) 
ақпаратқа ұсынылған сілтемелерді барлау
(ақпарат-
тарын негіздеген бе немесе олар аутентті болса, әдісті көрсетті ме?).


330
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Субъективті пікірлерді қалаи� бақылаи�тынына қараи� да сенім туғызу қабілеті 
анықталады. Дерегіңізді қалаи� оқитыныңыз және оған қалаи� көз жеткізетініңіз 
зерттеуіңіздің шынаи�ылығын көрсетеді. Сыңаржақ пікіріңіз интерпретацияңыз 
бен түсініктеріңізге әсер етпеи�тініне және дерегіңіздің бастапқы контекст ая-
сында интерпретацияланатынына көз жеткізіңіз.
Уеб-сайттың сенім туғызу қабілетіне қатысты қандай кеңес бересіз?
Уеб-адресті сүзгіден өткізу бои�ынша бірер кеңес берер едім. Уеб-
мекенжаи� немесе URL-мекенжаи� ақпараттың шығу тегі, яғни оның сенім 
туғызу қабілеті туралы көзге көрінетін нұсқауларға жөн сілтеи�ді. Мысалы, 
URL-да тильда (~) болса, онда уеб-саи�т жеке уеб-бет немесе блог болуы 
мүмкін. Бұл жағдаи�да оның ақпаратына өте сақ болуыңыз керек. Домен ат-
тарының да маңызы зор. Келесі кесте паи�далы болып қалар деп ои�лаи�мын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет