Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет416/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

1 5 . 2 - Қ О С Ы М Ш А


408
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
2-кезең. Тақырыпты редукциялау және кодтау
Әрбір клипті кезек-кезек қараңыз, 1-кезеңде айтылған/жасаған категориялар-
мен (дедуктивті процесс), сондай-ақ процесс барысында ашылған өзге категория-
лармен (индуктивті процесс) байланысты барлық жайтқа назар аударыңыз. Мысалы, 
1-клиптегі ән мәтіннен алдану, жаралы жүрек және сенімнің жоғалуы туралы тақы-
рыпты табасыз. Осылайша әр клипті қарағанда категориялар көбейіп, қосалқы ка-
тегориялар пайда болады.
3-кезең. Паттерндер мен өзара байланысты іздеу
37 клипте ұқсас тақырып кездесуі мүмкін. Сондықтан бұл кезеңде ұқсастық пен 
айырмашылықты іздеңіз. Мысалы, клиптегі ең ашық контент әйел артистерге емес, 
музыкалық топтың клипіне тиесілі екенін ұғасыз. Отандық клипте бишілер көп еке-
нін де түсінуіңіз мүмкін.
4-кезең. Тақырып картасын жасау және құру
Болашақ картаның шағын бір бөлігі:
Визуалды
образ
Сән
Гендер
Еркіндік
Жанр
Ән мәтіні
Музыкалық 
клиптер
Нәсіл/этностық тек
Жаралы жүрек
Романтика
Сатқындық
Достық
Осы тұста: 1) барлық негізгі тақырыпты (жанры, жынысы және т.б.) картаға түсіре 
беріңіз; 2) жағдайға байланысты барынша көп қосалқы категория жасаңыз (мыса-
лы, «тәуелсіздік» категориясының астына ерлер мен әйелдерді бөлек алыңыз); 3) әр-
түрлі байланысты көрсетіңіз. Бұл тапсырманы орындау кезінде әдебиет оқу керегін 
ұмытпаңыз. 
Зерттеуіңізде алдымен шекара айқын болмаса, музыкалық клиптердің барлық 
аспектісіне сапалық талдау жасау күрделі екенін түсінетін шығарсыз. Сондықтан 
өзіңізді қызықтырған бір немесе екі саламен, мысалы, гендермен шектеліңіз. 
Ауқымды, бірақ нашар жұмысқа қарағанда, шағын, бірақ сапалы жұмыс жақсы еке-
нін ұмытпаңыз.
5-кезең. Теория түзу және растау
Клиптерді 103 рет қарап, ой картаңызды 72 рет жасаған соң барып, «Міне, енді 
ұқтым!» дерсіз. Кім біледі, музыка индустриясын таңдай қақтыратын тамаша теория 
ойлап табарсыз. 


409
Сапалық деректі талдау
Сапалық деректі талдау зерттеуіне мысал көп. 15.3-қосымшада әдісті жақ-
сы түсіндіретін және бірқатар стратегия мен тақырыпты қамтитын бірнеше 
зерттеу мысалын көрсеттік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет