413
Сапалық
деректі талдау
деген сенімнің де, Құдаймен рухани байланыстың да үзілгенін көрсетеді. Көңілі қал-
ғаннан пайда болған интроспективті бағыт күдік пен сансыз сауалға итермелегенін
ұғамыз. Эгоистік жолдың ерекшелігі – бөтенсіген, өзін жоғалтқан сезіммен қатар
жүретін медитативтік және интеллектуалдық фокус.
Бала кезімде бұйығы өстім, білімсіз ортада қаннен-қаперсіз өмір сүрдім,
ата-анамның сөзіне бас шұлғыдым… Олардың ісі мен ойын дұрыс деп есепте-
дім, неге дұрыс екеніне ой жүгіртпедім. Университетке түскенімде сұрақ
қоюды
үйреткен бірнеше адаммен таныстым. Барлық сәйкессіздіктер шіркеуде байқа-
лады. Ешқашан дінге объективті түрде қарамаппын; тіпті объективті қарау керек
деген ой басыма кіріп те шықпаған екен. Қалай болғанда да, бұл – өте ауыр жағ-
дай. Шіркеудің байлығын кедейдің қолындағы барымен салыстырып көріңізші.
Шіркеу кедейлерге көмектескісі келетінін, алайда бәрі де Құдайдың қалауында
екенін айтады ғой. Шынында да, бұл жайт маған ауыр тиді... Мұның не мәні бар?
Оны білмеймін (№67-сұхбат).
Бұл үзінді Құдай мен діннен түңілу сезімін анық көрсетеді.
Шіркеудің сәйкессіздік-
тері діннен шыққан эгоистің интернализацияланған түңілу сезімін оятты. Шіркеудегі
екіжүзділік сенімді жоғалтты. «Шынында да, бұл жайт маған ауыр тиді» деген сөзде ше-
шімі қиын шатасу сезімі бар. Бұл әңгімеде «Құдай мен дін әлсіз» деп қарастырылады.
Айырылған жол
Адасқан және шатастырған интроспекция сеніммен байланысты емес. Эгоистік
жолдың себебі ұқсас болғанымен ол әртүрлі бағытқа бастауы мүмкін. Мысалы,
эгоист респонденттің бағытын көрсететін интроспекция ызадан, қайғыдан туындауы
ықтимал:
Дәстүрлі шіркеу мен дәстүрлі Құдайға күмән келтіре бастағанымда 16 жаста
едім. Әлемде қасірет көп қой.
Сансыз адам өліміне, балалардың зардап шегуі-
не жол беретін Құдайды қалай ғана бар дей аламыз? Қатал әке кейпінде бол-
ғанымен, қолынан түк келмейтін Құдай жаратты деген әлемге қалай сенеміз?
Құдайдың мәні жоқ. Ол бар болса, мейірімсіз әрі кекшіл немесе мүлде жоқ.
Менің ойымша, еркек Құдай болмайды. Ешбір дін әлемнің мәнін түсіндіре алмай-
ды. Діннен көңілім қалды және оның маған не беретінін түсінген сайын... хрис-
тиан діні ашкөздік пен қанаудың мекені екенін түсіндім. Бұл – адам және қоғам
деңгейінде уақытты босқа жоғалту. Сондықтан мен атеист болдым (№ 38-сұхбат).
Бұл респондент дүниедегі қайғы-қасіретке ызаланып діннен шыққан.
Христиандықтың
«ашкөздігі мен қанауы» ызаландырған, адам өзін жат сезінген. «Мейірімсіз, кекшіл, қа-
тыгез» сияқты сөздер ашулы реакцияны, ал «уақытты босқа жоғалту», «діннен көңілім
қалды» деген сөздер жеке тұлғаның өзін жат сезінуі мен өмірден мән таппаудың эгоистік
сезімін білдіреді. Осылайша респондент мұңға батып, ызаланған.
Алайда діннен шыққан эгоист ызаланып қана қоймайды. Эгоистік жолдың көбін-
де рационал және логикалық компонент бар. Бұл жағдайда
көңіл қалу отбасылық
сенім туралы рационал оймен үйлеседі. Келесі әңгіме – индикативті оқиға.
414
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Бұл жолға қалай түскенімді білмеймін. Бірақ, менің ойымша, бұл – жаһандық
мәселе. Қасиетті соғыстар мені әрдайым шошытатын. Артур патша және басқа-
лары. Қасиетті соғыс дегеніміз ақылдан алжасу ғой! Ең әуелі, Құдай ұғымынан
және одан бас тарттым. Бұл дүниеде Құдай жоқ, бар болса, оны неге көрмейміз?
Телефонмен дінді уағыздайтындар қарттардың ақысын жейді,
адамдар әлі де
қасиетті соғысқа аттанады. Түсінбеймін, ешқашан түсінбеймін! Дін мен Құдайға
қатысты нақты сұрақтар бар, оларды неге көргіңіз келмейді? Мен Құдайдан бас
тартқан соң... Оның шын «бейнесін» көрдім. Сосын түңілдім. Иә, қиын шығар, бі-
рақ логикалық тұрғыда ойлап қараңыз, діннен шығудан басқа қандай жол бар?
Бұл респондент үшін процестің эгоистік, эмоциялық
құрамдас бөлігі логикамен
үйлесетін секілді. Әсіресе эгоизм діннен шығудың бастапқы жолында байқалады.
Алайда бұл эгоизм «логикалық тұрғыда ойлап қараңыз» деп эмоцияны тежеп, ақыл-
ойға басымдық береді.
Қорытынды ескерту
Түңілу, көңілі қалу, шатасу және өмірдің мәнін жоғалту сияқты ауыр сезімдермен
арпалысып, Құдай мен дінді тұлға деңгейінде зерттеп, оны жоққа шығару процесі –
діннен шыққан эгоистер басынан өткізетін жайттар.
Дегенмен, бұл процестің өзі
түрлі жолдармен жүруі мүмкін, бірінде ашу-ыза мен реакцияшылдық басым түссе,
екіншісінде рационализм мен логика үстемдік етеді.
Сапалық деректі есептеп, сандық негізде бағалау сондай нашар ма?
10 адамнан сұхбат алдым. Ал сіз оған диаграмма сызба, гистограмма
пайдаланба дейсіз бе?
Шынымды аи�таи�ын, сізді онша қолдамаи�мын. Диаграмма жасап көріңіз,
бір нәрсе істеи�тін немесе әлдене туралы ои�лаи�тын адамдардың паи�ызын
көрсетуіңіз керек болады. Мысалы, «сіз сұхбаттасқан адамның 70%-ы Лас-
Вегасты лас қала деп ои�лаи�ды». Сонда қалаи�? Негізгі жиынтықтың 70%-ы
солаи� ои�лаи�ды деп аи�тқыңыз келе ме? Ол бар болғаны жеті адамның ои�ы
ғои�. Ол зерттеуді сосын қалаи� репрезентативті деп атаи�сыз? Сондықтан
жақсылап ои�ланыңыз. Дерек бар екен деп сандық бағалауды паи�далан-
ғыңыз келе ме? Сұхбатыңызда шынымен нені зерттеи�тініңізді түсініңіз.
Жалпы пікір ғана бар болса, сіздің зерттеу әдісіңізге күмән келтірер едім.
Бірақ тереңірек үңілгіңіз келсе, Лас-Вегасқа жиі келетін адамдардан осы
пікірге қатысты не ои�лаи�тынын сұрап көріңіз. «Қалаи�?» деген сауалды
қою арқылы сапалық жұмысты қызықты ете түсесіз 15.4-қосымшадағы
шолуды да жасап көріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: