Қосымшаәдебиеттер Бұл тарауда түсінуге қиын теориялық тұжырымдар бар. Олармен толық та-
нысқыңыз келсе, келесі еңбектерді ұсынамыз.
Тарауды қорытындылау y
Зерттеу – белгілі бір сұраққа жауап беретін дерек жинау арқылы жаңа білім
өндіру процесі. Бұл білімге үлес қосу, тіпті өзгеріс әкелу мүмкіндігіңіз дер едім.
Дәлелді шешімдер қабылдауға ықпал ететін негізгі құрал деуге де болады. «Не
істеу керек, не істей аламыз, оны қалай істейміз және қаншалықты жақсы іс-
тедік» деген сауалдарға жауап іздегенде, оның шешімі зерттеу арқылы келеді.
y
Ғылыми зерттеу позитивизмнен туындады, осы парадигманың тұжырымдарын
қабылдады. Оған: тануға болатын әрі болжауға келетін әлем; эмпирикалық
және редукционистік зерттеу; объективті және сарапшы зерттеушілер; бол-
жамға сүйенген әдістер мен статистикалық маңызы бар сандық нәтижелер
кіреді.
y
Соңғы жылдары позитивизм тұжырымдары сынға ұшырады. Постпозитивист
зерттеушілердің пікірінше, әлем біркелкі емес, өзгермелі; зерттеу жұмысы біртұ-
тас және интуитивті болуы мүмкін; зерттеушілер субъективті және бірлесіп жұмыс
істейді; әдістер индуктивті және зерделеуге негізделуі ықтимал, ал қорытынды
идиографиялық және сапалы бола алады.
y
Зерттеушіні парадигмалық ұстанымдарына қарай сипаттаудан бұрын, рефлек-
сивті зерттеуші «Нақты бір зерттеу мәселесіне қарай түрлі парадигма тұжырым-
дарын қарастыру мүмкін бе?» деген сұраққа жауап іздейді.
y
Зерттеу жұмысын бастау бойыңызға үрей ұялатқанымен, осы кітапты нұсқау-
лық ретінде қолдану зерттеу әлеміндегі саяхатыңызда ол процестің қыр-сырын
толық танып-білуге көмектеседі.