І. «Халық ауыз әдебиеті»
1.Халық әдебиетінің тарихы мен теориясы, ерекшелігі туралы түсінік.
“Халық әдебиеті”, “Фольклор”, “Ауыз әдебиеті”, “Халық поэзиясы”, “Халықтың сөз өнері” деген атаулардың ерекшеліктері. Халық әдебиетінің тарихы мен теориясы туралы түсінік. Фольклортанудың тіл, этнография, тарих, философия, музыкамен байланысы. Ауыз әдедбиет пен жазба әдебиеттің ара-қатынасы. Фольклордың пайда болуы, жанрлары мен түрлері. Фольклордың көп қырлы болмыс-бітімі, әдет-ғұрыппен байланысы.
2. Эпикалық жырлардың зерттелуі және көне эпос.
Қазақ эпосының жанрлық классификациясы. Көне эпос, батырлық эпос, лиро-эпос, тарихи эпос және жиналу мен зерттелу жайы. Көне эпостың құрамы мен тақырыбы. Синкреттік сипатының басымдылығы. Миф, аңыз-әңгімелерімен байланысты болып келуі. Образдар жүйесі: бас қаһармандар мен қаскөй күштер (дию, пері, мыстан, т.б.) болып келетіндігі.
3. Лирикалық өлеңдер.
Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері. Лирикалық өлеңдер қара өлең, тарихи өлең, ән өлең болып үшке бөлініп, түрлі тақырыпты қамтиды. Қара өлең он бір буынды, төрт тармақты, үш жолды ұйқасқа (а, а, б, а) құрылады. Қара өлеңнің әнмен айтылып, қайырмасы болады. Тарихи өлең болған оқиға негізінде туады.
Достарыңызбен бөлісу: |