Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2018 жылғы № бұйрығына 1-қосымша


Ұлы Дала халқының жаңа тарихи санасының және дүниетанымының қалыптастыру саясаты



бет11/101
Дата26.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#182478
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   101
Байланысты:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымд-emirsaba.org

Ұлы Дала халқының жаңа тарихи санасының және дүниетанымының қалыптастыру саясаты
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға бағытталған шаралар. 1997 ж. - Ұлттық бірлік және жаппай саяси жазалау құрбандарын еске алу жылы. 1998 ж. - Ұлттық тарих жылы. Ресей империясының Қазақстанды жаулап алу тарихын зерттеудегі жаңа тәсілдер.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы. Оның мақсаты және жүзеге асырудың негізгі бағыттары: рухани және білім беру жүйесін дамыту, мәдени мұраның сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Тарихи және сәулет ескерткіштерін жаңғырту. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру – фольклор, дәстүр, әдет-ғұрыптар. Мемлекеттік тілде гуманитарлық білімнің толық бағалы қорын құру.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінде ұлттық тарихты зерделеу. Қазақ жерлерін Ресей империясының жаулау тарихын қайта зерттеудің қолға алынуы. Елбасының «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулерге бағытталған бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы негіздеудегі маңызы. 
Жаңа Қазақстан – ол ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала мұрагері. Ұлытау ұлағаты. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбатының басты мәселесі. Елбасының қазақ тарихын Бәйтерекке теңеуі. Көне түріктердің мемлекеттілігі, Алтын Орданың және Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекетке ұласуы туралы қағида. Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауы. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи еңбектерінің қазақ тіліне аударылып, қайта басылуы. Елбасының ежелгі Ұлыстар мен Ордалардағы этносаяси үрдістердің қалыптасуына байланысты пікірлері.
Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өту маңызы. Н.Ә.Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының – ұлттық мемлекеттіліктің бастауы ретінде бағалануы. Мәселенің деректік негіздері мен тарихнамасына Қазақ хандығының құрылуына жаңаша көзқарастың пайда болуы. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас. Қазақ хандарының мемлекеттік қызметін зерттейтін жаңа еңбектердің жарыққа шығуы. Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуде социомәдени негіздерге байланысты көзқарастардың қайта қаралуы.
Байырғы Қазақ қоғамындағы батырлар мен билер институтын және қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениетін зерттеудегі үдерістер. Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет