Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2018 жылғы № бұйрығына 1-қосымша


Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі



бет9/101
Дата26.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#182478
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   101
Байланысты:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымд-emirsaba.org

Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі. Оларды еңсеру жөніндегі шаралар: экономиканың құрылымын өзгерту, әлеуметтік бағдарланған нарық құру, жекешелендіру және бағаны ырықтандыру, инвестициялық саясат. Н.Ә.Назарбаевтың қанатты нұсқамасы – «ең әуелі экономика – сонан соң – саясат».
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу. Өнеркәсіп, аграрлық және қаржы-банк секторлары сияқты экономиканың шешуші салаларының даму басымдықтары мен келешегі. Қазақстан экономикасын реформалаудың бағыттары – экономика дамуының кластерлік принципі, еңбек өнімділігі деңгейін арттыру, заманауи технологияларды енгізу, инвестициялық, салық, аграрлық-индустриалдық саясаты, инфрақұрылымды әсіресе көлік және байланысты дамыту. Стратегиялық маңызы бар жаңа темір жол магистралін салу. Қазақстандық экономиканы дамытуға шетелдік инвестицияны тарту.
Президенттің ел халқына Жолдауы: «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» және оның маңызы. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оны табысты еңсеру. Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономика мен қаржы секторының дамуы.
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары.
2011 жылғы 28 ақпандағы ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Жеделдетілген экономикалық жаңару – үдемелі инновациялық индустрияландыру Бағдарламасының жалғасы». «Қазақстан – 2020» стратегиялық жоспарының басымдықтары. Қазақстанның экономикалық өсуінің келешегі. Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуының траекториясы. ХХІ ғасырдағы экономиканың қазақстандық үлгісі.
ЭСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы. «Нұрлы Жол – болашаққа жол» жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның жаһандануға берген жауабы. «Нұрлы жол» экономикалық даму жоспары.
Әлеуметтік жаңғыру – қоғам амандығының негізі
Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару: кедейшілікті еңсеру, халықты еңбекпен қамтуды көтеру, жастарды, студенттерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру реформасы. 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты». Адам капиталын, елдің еңбек қуатын дамытудың стратегиясы. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің жаңа стратегиясы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жаңарту.
Денсаулық сақтау, спорт және дене шынықтыруды дамыту. Астана және Алматы қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындары, 7-ші Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жетістігі.
Ел халқының табысы аз топтарын қолдау және көмек беру. Бюджеттік ұйымдарда жалақыны көтеру. Салауатты өмір салты - ұлт болашағын қалыптастырудың негізі.
Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттері. Білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту. 2010 жылы Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы және Болон декларациясына қол қою. Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр – магистр - PhD доктор. Техникалық және кәсіптік білім беруді қайта құру.
2005-2010 жылдардағы Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының нәтижесі. Инновациялық негіздегі жоғары білім беруді дамыту стратегиясы. Президенттің «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның маңызы. Қазіргі білім беру моделі. 
ЖОО-ның инновациялық қызметке көшуі. Оның дамуының тетіктері. «Назарбаев-университеті» негізінде жоғары оқу орындарының инновациялық үлгісін қалыптастыру.
«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білікті мамандар даярлау мәселесі.
Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу міндеттеріне сәйкес ғылымның дамуына және ҒТҮ (ғылыми –техникалық үдеріс) -ті басқаруға жаңа көзқарас қалыптастыру.
Жаппай Еңбек ету Қоғамы. ҚР әлеуметтік модернизациясы саясатының негізі – нағыз өндіргіш еңбек пен бәсеге қабілеттілік және мықты жаппай еңбек етуші қоғам болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет