Басты үш әлеуметтанулық бағыт тұрғысынан (құрылымдық, функционализм, қақтығыс теориясы, символдық интеракционизм) қоғамдағы кез келген құбылыс (спорт, кино, отбасы т.с.с) туралы эссе-негіздеме жазыңыз.
«Әлеуметтану дегеніміз не?» бөлімін оқыңыз, «әлеуметтанулық қиял» түсінігіне анықтама беріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б. 32-34). Қазіргі адамға неліктен «әлеуметтанулық қиялды» меңгеру мен әлеуметтанулық перспективаны көре алу маңызды екендігін түсіндіріңіз.
Әлеуметтанулық қиялды бағыт ретінде қолдана отырып, қазақстандық және өзге қоғамдардағы баспанасыз адамдардың әлеуметтік жағдайын сипаттаңыз.
«Жеке адамдар «әлеуметтік тіршілік иелері» ретінде» тақырыбында эссе-баяндама жазыңыз.
«Әлеуметтанудың пайда болуы» мен «Әлеуметтанудағы негізгі көзқарастар» бөлімдерін оқып шығыңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б. 35, 39). Әр түрлі әлеуметтанулық мектептердің, ағымдардың, теориялық бағыттардың, негізгі идеяларын кесте түрінде салыстырыңыз, өкілдері мен олардың басты еңбектерін көрсетіңіз (О. Конттың Библиографиялық очерктерін қараңыз (б.18-19, Ритцер Дж., Степницки Дж. Әлеуметтану теориясы.), Г. Спенсер (б. 37-38, Ритцер Дж., Степницки Дж. Әлеуметтану теориясы.). Э. Дюркгейм (б. 87-88, Ритцер Дж., Степницки Дж. Әлеуметтану теориясы).
Атақты әлеуметтанушы–теоретиктің (К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Г.Зиммель) ойы туралы баяндама жазыңыз. Негізгі жұмыстарын айқындаңыз және әлеуметтанулық теорияларының тұжырымдарын жазыңыз (Ритцер Дж., Степницки Дж. Әлеуметтану теориясы. Б.46-204).
«Ұғымдардың қорытындысы. Стратификацияның екі түрлі үлгісі» бөлімін оқыңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б. 205). Стратификацияны зерттеудің әр түрлі бағыттарын салыстырыңыз, олардың ерекшеліктерін анықтаңыз.
3-4 адамнан біріге отырып, топтарға бөліңіз және топта «Халықаралық деңгейдегі теңсіздік көрсеткіштері» атты 7.1. кестедегі мәліметтерді талқылаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б. 197).
«Әлеуметтену агенттері» бөлімін оқыңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б. 99-105). Әлеуметтенудің әрбір агентін сипаттаңыз. Сіздің әлеуметтануіңіздегі оның рөлін талдаңыз.
«Ұғымдардың қорытындысы - әлеуметтену түрлері» атты кестені қарастырыңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б. 106). Топта талқылаңыз.
Отбасының әлеуметтік мәртебесі баланың әлеуметтену үрдісіне әсерін бағалаңыз. Қала мен ауылдағы әлеуметтену үрдістерінің ерекшеліктерін атаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б. 110, «Сыни ойлау» бөлімінің 1,2 сұрақтары).
«Топтағы өзара әрекет» бөлімін оқыңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б. 143-145). Коммуникация кестесін құру негізінде топта коммуникацияның негізгі түрлерін атаңыз.
Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне қалай әсер ететіні туралы эссе жазыңыз. (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б. 81-83).
«Нәсіл мен этностың әлеуметтік құрылымы» атты бөлімді оқыңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б. 222-226). Этникалық топтар арасындағы өзара байланысты сипаттаңыз.
«Этнос», «халық», «ұлт», «этникалық топ» ұғымдарын салыстырыңыз.
«Қазіргі қазақстандық жастардың этикалық құндылықтары» тақырыбында эссе-талқылау жазыңыз.
«Дін – адамдарға өмірдің мәні мен мақсатын түсінуге ықпалдасатын наным-сенімдер мен киелі заттарға қатынас тәжірибелерін жиынтығы» тақырыбында сараптамалық эссе жазыңыз.
Әлеуметтік институт ретінде діннің қызметтерін анықтаңыз. Қоғам мен дін арасында қандай қарама-қайшылықтар туындайтынын айқындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б.347-357).
Мәдениет элементтерін атаңыз және сипаттаңыз – тіл, құндылықтар, нормалар, дәстүрлер және т.б. (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б.66-75).
«Ұғымдардың қорытындысы: құндылықтар, нормалар, заңдар» кестесінде берілген ақпаратты талдаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. С.76). Өзіңіздің мысалдарыңызды беріңіз.
«Білім және теңсіздіктің таралуы» бөлімін оқыңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б. 337-338).
Қазақстанда тегін білім беру қолжетімділігінің артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындау мақсатында салыстырмалы кестені құрыңыз. Топтық жұмыс (4 адамнан көп емес).
Білім адамның мәртебесін айқындайтын басты фактор болу себебін негізді түрде түсіндіріңіз. «Креденциализм» түсінігіне анықтама беріңіз. Негізделген мысалдар келтіріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б. 336-346).
Отбасының рөлі мен маңыздылығының адам өмірінің әр түрлі кезеңінде өзгеруін қарастырыңыз және талдаңыз. Отбасыңыздың мүшелері негізінде қарастырыңыз. (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б.314-317).
Отбасындағы гендерлік рөлдерді талқылаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б.255-256, 322-325).
«Отбасы қоғамның кішігірім жүйесі ретінде» тақырыбында презентация дайындау үшін модельді құру (дайындау алгоритмі: отбасыны қоғамның кішігірім жүйесі ретінде қарастырыңыз; негізгі құрылымдық элементтері мен қызметтерін сипаттаңыз; отбасыға әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды айқындап беріңіз).
Г. Тардтың еліктеу теориясы мен Эдвин Г. Сазерландтың дифференциалдық ассоциация теориясының негізгі идеяларын түсіндіріңіз. «Әлеуметтік орта адамның девиантты мінез-құлқының қалыптасуына әсер етеді» деген тұжырыммен келісесіз бе? Әлеуметтанулық сұрау негізінде алынған келесідей қорытындыны дәлелдеңіз немесе жоққа шығарыңыз: «Жоғары сыныпта қатарластар ішімдік пен нашаны қолдануға әсер етеді». (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б.170-171).
Дж. Ритцер, Дж. Степницкидің «Әлеуметтану теориясы» кітабындағы мәліметтерге негізделе отырып, суицидтың негізгі түрлерін айтып беріңіз және талдаңыз (Б.101-106.).
Қазіргі заманғы экономикалық жүйелердің – капитализм, социализм, аралас экономика, саяси экономиканың - ерекшеліктерін талдап беріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б.170-171).
Мәдени конвергенция мен мәдени имперализм идеяларының мазмұнын ашыңыз. Дж.Ритцер ұсынған макдональдизация тезисі мен оның негізгі бес сипаттамасын талқылаңыз (Ритцер Дж., Степницки Дж. Әлеуметтану теориясы. Б.602-603).
Гендер, әлеуметтік топ, жыныс, этнос, жас секілді денсаулық пен аурудың әлеуметтік сипаттамаларын бағалау маңыздылығын түсіндіріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б.292-295).
Дәрігерлер мен медбикелердің әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік мәртебесін талқылаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б.299-302).
Бір мемлекет мысалында демографиялық дамудың ерекшеліктерін ашыңыз. Орын алған демографиялық өзгерістер мен олардың қоғамға әсерін талқылаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б.401-409).
Қоғамдағы урбанизация үрдісі мен миграцияның өзара байланысын айқындаңыз. Мысалдар келтіре отырып, Қазақстанның ерекшелігін көрсетіңіз. (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б.413-418).
Әлеуметтік қозғалыстарды зерттеудің негізгі әлеуметтанулық бағыттарын салыстырыңыз: құрылымдық-функционалдық бағыт, қақтығыс теориясы, символдық интеракционизм (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б.436-438).
Кесте құрыңыз. Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырыңыз.
Сараптамалық шолу. Э. Дюркгеймнің «девиация әрбір қоғамның қалыпты құрамдас бөлігі» деген тұжырымына қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.
Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттап беріңіз. Әлеуметтанулық әдістердің (сұрау, бақылау, эксперимент, контент-талдау, статистикалық мәліметтерді талдау) ерекшеліктерін талдаңыз. (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б.45-57).
Әлеуметтанулық зертеудің бағдарламасын құру. Тақырып таңдау бойынша (дайындау алгоритмі: зерттеу сұрағын, болжамды айқындаңыз, ұғымдарды тұжырымдап беріңіз; іріктеу жиынтығын есептеңіз).
«Әлемде (соңғы жарты ғасырда) болған қоғамдық қозғалыстар: қоғамға әсер ету түрлері, себеп-салдарлық байланыстар мен қатынастар» тақырыбы бойынша индивидуалдық презентация.
«Әлеуметтік өлшем» ұғымына анықтама беріңіз. Технологиялар мен әлеуметтік өзгерістердің өзара байланысын зерттеудің әлеуметтанулық бағыттарын салыстырыңыз: құрылымдық функционализм пен қақтығыс теориясы. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері мен шектеуліктерін талқылаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері. Б.433, 445, 446-451).