Билік саяси институт ретінде
Саяси биліктің мәні. Саяси биліктің объектісі мен субъектісі, қайнар көздері, қорлары. Билікті жүзеге асырудың түрлері мен әдістері.
Саяси және мемлекеттік билік. Билікті табыстау және биліктің бөлінуі. Демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық биліктің ерекшеліктері. Саяси биліктің легитимділігі және оның көздері.
Биліктің әкімшілік институттары. Бюрократияның үлгілері. Сыбайлас жемқорлық мәселесі. Тәуелсіз Қазақстандағы мемлекеттік билік.
Саясат субъектілері
Саясат субъектілері. Олардың билік жүйесіндегі орны, рөлі. Тұлға саясат субъектісі ретінде. Тұлғаның саясатқа қатысуы. Тұлға мен қоғамның саяси мүдделерінің өзара қатынасы. Әлеуметтік қауымдастық саясат субъектісі ретінде. Ұлттар мен этникалық топтар саясат субъектілері ретінде. Саяси элиталар мен лидерлер. Қазіргі заманғы қоғамдағы әлеуметтік стратификация.
Қазақстанның әлеуметтік-саяси құрылымы. Қазақстанда жаңа саясат субъектілерін қалыптастырудың бастаулары мен әлеуметтік қоры.
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде. Мемлекеттің пайда болу теориялары мен концепциялары.
Мемлекеттің белгілері мен құрылымы. Мемлекеттік құрылыс және басқару формалары. Мемлекеттің қызметтері, олардың қазіргі заман жағдайындағы трансформациясы. Қазіргі заманғы тәуекелдер жағдайындағы саяси бағыт. Мемлекет - Қазақстан Республикасы. Қазіргі заманғы Қазақстандағы демократиялық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы.
Құқықтық мемлекеттің мәні. Конституция - қоғамның негізгі заңы. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы. Азаматтық қоғамның мәні мен критериелері. Қазақстандағы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қатынас формалары.
Саяси партиялар мен партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар
Саяси партиялар: түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтері. Саяси партиялардың типологиясы. Биліктік қатынастар жүйесіндегі саяси партиялар. Партиялық жүйелер, олардың классификациясы. Партиялық жүйенің қазақстандық үлгісі.
Қоғамның саяси өмірінде қоғамдық-саяси қозғалыстар мен бірлестіктердің пайда болуы және эволюциясы. Қазақстандық қоғамның саяси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың орны мен рөлі.
Лоббизм. Мүдделі топтар: түсінігі, қызметтері, типологиясы. Қысым топтар.
Достарыңызбен бөлісу: |