Қабылдаған: Т.ғ. к., проф м. а. Жолсейтова М



бет1/5
Дата04.01.2022
өлшемі61,49 Kb.
#108994
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Алиакбарова М. ЖХБ-011. БӨЖ
10 СЫНЫП БЖБ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті



Қабылдаған: Т.ғ.к., проф. м. а. Жолсейтова М.

Орындаған: Алиакбарова М. ЖХБ-011

Түркістан 2021 жылы



СӨЖ Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар

Жоспар: I.Кіріспе.

1.1Қазақстан Республикалардағы саяси партиялардың қоғамдағы рөлі.



II.Негізгібөлім.

2.1.Қазақ мемелекетіндегі алғашқы ұйымдармен саяси партиялар .

2.2.Кеңестік дәуірдегі саяси партия және оның атқарған ісі .

2.3.Тәуелсіз Қазақстанның саяси жағдайы,алғашқы саяси ұйымдармен партиялар.

2.4. Нұр Отан партиясы.

III.Қортынды.

IV .Пайдаланылған әдебиеттер



Партия - саяси институт. Кез келген партия мемлекеттік биліктің жүзеге асуын қадағалау немесе билікті өз қолына алу бағдарламасымен жұмыс істейді [1.503 бет]. Ал көппартиялық жүйе партиялар арасында бәсекелестік туғызып, жұмыстарының қарқынды жүруіне ықпал етеді. Қазақстан - демократиялық ел, бізде барлық партиялардың құқығы бірдей. Қазақстан өз бағдарламаларын жүзеге асыру үшін партияларға толықтай мүмкіндік беріп отыр. Олар өз бағдарламасы мен мақсаттары туралы мәлімет таратып, үгіт-насихат жүргізуге, президенттікке, мәжіліс, мәслихат депутаттығына үміткер ұсынып, сайлауға қатысуға фракциялар құрып, көзқарасын ұстанатын ақпарат құралын иемденуге құқылы. Алайда біздің елімізде саяси партиялардың мемлекет ісіне, ал мемлекет саяси партия ісіне заңсыз араласуға жол бермейді. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанда 600-ден аса қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, саяси партиялар тіркелген. Заман талабына ілесе алмаған олардың біразы саяси сахнадан ығысып қалған жайы бар. Бүгінгі таңда Қазақстандағы саяси партиялардың саны тоғыз. Саяси партиялардың көш басында тұрған ХДП Нұр Отан. Ал басқа партиялар өз мүмкіншіліктерін толық пайдалана алмай жүр. Айталық кейбір партиялардың өз БАҚ-ы жоқ. Онсыз партия ұстанымын тарата, көпшілік даусын жинай алмайды. Қазақстанда тек ХДП Нұр Отанның ақпараттық жүйесі толық деңгейде жұмыс істеп жүр. Десек те, бір партияның бірнеше БАҚ иемденуі де құптарлық нәрсе емес. Және бір айтып кетерлік жайт, көпшілік ақпарат құралдарында партиялар жайлы, олардың жұмыстары жайлы ақпарат аз. Жалпы Қазақстанда көппартиялық жүйе дамудың алғашқы сатысында тұр. Олай дейтініміз - біздегі партиялардың көбі сайлаулық науқан кезінде бой көрсетіп, кейін ізім-ғайым жоқ болып кетеді. Ал көптеген партиялар өздерінің мақсаттарын айқындай алмай, идеологиясын, тұғырнамасын құрастыра алмай жүр. Олар көбіне сападан гөрі санға басымдылық беріп, өздерінің мүшелерін көбейтуден әрі асып жатқан жоқ. Кейбір партиялар бөлініп, қайта бірігіп атауларын ауыстырып, бағдарламаларын өзгертіп, өз ұстанымдарына өздері қарсы шығып, сөздері мен іс-әрекеттері ұштаспай жатады. Сол себепті олар халық арасында беделдерін төмендетіп алды. Нақты социологиялық зерттеу мәліметтеріне қарағанда, танымалдығы мен ықпалдылығы жағынан 61,5% иемденіп, ХДП Нұр Отан бірінші орында тұр. Екінші орында 10,6% - Ақ жол партиясы тұрса, 7,4%-бен ЖСДП үшінші, қалғандары төменгідей жайғасқан: Ауыл партиясы - 2,1%, 1,5% Патриоттар партиясы, 0,6% Коммунисттер, 0,1% Руханият партиясы соңғы орынды иеленсе, сұралғандардан 16,2% адам ешқандай партияға бүйрегі бұрмайтындығын білдірген [2]. Оппозициялық партиялар туралы айтар болсақ, олардың негізгі қолдаушысы жұмыссыздар болып отыр.Егер 1999 ж. парламенттік сайлауда республикалық Отан саяси партиясын сайлаушылардың 30,89%-ы қолдаса, ал 2004 ж. сайлау нәтижесінде 60,62%-ы қолдаған. Өткен осы екі сайлауда да "Отан" партиясына аз дауыс берген Қызылорда облысының сайлаушылары екен. Бір таңқаларлығы, облыс азаматтары 1999 ж. сайлауда билік партиясына бәсекелес болған Коммунистік партияға (22,99%), ал 2004 ж. сайлауда "Ақжол" (37,95%) партиясына көбірек қолдаушылық көрсеткен. Зерттеушілер бұған түрлі пікір айтып жүр. Біздің пікірімізше, мұның біден-бір себебі ол кезде Қызылорда облысы республика бойынша мұнайлы өңір болғанымен, облыс тұрғындарының тұрмысы төмен, жұмыссыздық деңгейі жоғары болған. Егер республика бойынша жұмыссыздық деңгейі 9,3% құрайтын болса, ал Қызылорда облысында жұмыссыздық деңгейі 12,5% құрапты. Бүкіл республика бойынша жұмыссыздық көрсеткіші бойынша облыс "бірінші" орында тұрған [3].Шындығына келсек, билік партияларының негізін мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері құрайды. Ал жұмыссыздар мен басқа сала қызметкерлері арасында саяси белсенділік төмен, тіпті партияларға қызығушылығы барлардың өзі оппозициялық партияларға басымдылық береді. Біздің елде партияға деген халықтың сенімі жоқ. Оған бір себеп жетпіс жылдай бір партияның жетегінде жүргені болса, бір себеп партиялардың өздерінде. Яғни олар өздері бағыттарын айқындай алмай, бір бөлініп, бір бірігіп атауларын өзгертіп жүр. Ал кейде біржақтама билікке қарсы шығумен шектеледі. Бізде партияларға көп мүмкіншілік берілген, мемлекет партия ісіне араласып, жөнсіз шектемейді. Оларға қоғамдық пікірді қалыптастыруға, БАҚ иемденіп жарғыларын сол арқылы білдіруіне, жиналыстар ұйымдастыруна, президенттікке, парламент Мәжілісі мен мәслихаттарына кандидат ұсынуға, өз өкілдері арқылы Сенатқа да кандидат ұсынуға құқылы. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттің конституциялық құрылымын өзгертіп, тұтастығына қауіп төндірмесе болды. Дегенмен, демократия - дандайсу, бостандық - бассыздық емес. Партия Қазақстан заңы негізінде әрекет етуі тиіс. Партияларға мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіне араласуына жол бермейді [4]. Сол сияқты мемлекет өз аумағында басқа мемлекеттердің саяси партиялары қызметіне жол берілмейді. Көппартиялық құрылым - тек билікке қарсы шығу емес, ол белгілібір қоғам өкілдерінің мүддесін қорғай білу, биліктің жүзеге асуын қадағалау, әр партиялар арасында тұрақтылық, бірліктің болуымен қатар, әр партияның тәуелсіз, еркін болуы. Ал бізде өкінішке орай, партиялардың бір-бірімен бәсекелесуге қауқары жоқ.Жалпы алғанда Қазақстанда көппартиялылықтың құрыла бастау процесінің алғашқы сатысында тұр. Көптеген партиялар мен қозғалыстар өзінің идеологиялық бағдарламасын дұрыс құрастыра алмай, саяси өзгешелігін ашық көрсете білмеушіліктен қиындыққа ұшырап жүр. Олардың платформалары ұқсас, халықпен тығыз байланыс жүйесі жоқ. Сонымен қатар Қазақстан халқының топтық ықыласын жете түсіну және даралануы әзірге бастапқы күйінде тұр. Сондықтан республиканың саяси партиялары топтық ықыласты қорғағанда ашық саясат жүргізе алмайды, өз бағдарламаларын тек идеологиялық бағалылықтарға негіздейді. Саяси партиялар - азаматтардың түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi. Партия ісі - қоғам ісі. Бұл бүгінгі шындық.Қазақстанда саяси партиялар сатылап дамуда, ол Қазақстан республикасының тұрақты да өркениетті мемлекет болуына көмектесуде және мақсатына қызмет етуде. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси жағынан дамып, өркениетті елдер қатарына қосылу жолында саяси партиялардың орны ерекше. Елбасымыздың тұрақты саяси-партиялық жүйе құруды маңызды міндеттердің бірі ретінде санауы жайдан-жай емес. Саяси партиялардың қоғамның дамуында алар орны зор.

II.Негізгібөлім .





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет