Рим құқықтың субъектілері



Дата12.09.2020
өлшемі63,65 Kb.
#78343
Байланысты:
19d5b5bc-1ed9-11e8-aca4-bcaec5508c5bРим құқықтың субъектілері

Рим құқықтың субъектілері

  • Рим мемлекетінің тарихи кезеңдері:
  • 1 кезең — алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау және құлиеленушілік мемлекеттің құрылу кезеңі (б.э.д. 753 ж. Рим қаласының негізін қалаудан б.э.д. 509 ж. соңғы патша тәкаппар Тарквинийдің қудалауға дейінгі кезең);
  • 2 кезең — республика кезеңі (б.э.д. 509 — 27 ж.ж.);
  • 3 кезең — монархия кезеңі (б.э.д. 27 ж.— б.э. 476 ж.), бұл кезең өз ішінде екі кезеңге бөлінген:
  • а) принципиат — б.э.д. 27 ж.— б.э.284 ж.;
  • б) доминат — б.э. 284 — 476 ж.ж.
  • Рим құқығы тарихының кезеңдері
  • 1 кезең — цивильдік (квириттік) немесе азаматтық құқықтың қалыптасуы және даму дәуірі. Ол кездегі рим құқығының азаматтық деп аталатын себебі — бұл құқық тек римдік азаматтарға ғана таралатын.
  • 2 кезең — рим құқығының гүлдену кезеңі. Бүл кезде цивильдік құқықпен қатар преторлық құқық пайда болады, оның ішінен жалпы халықтық немесе халықтар құқығы бөлініп шықты, бұл құқық римдік азаматтар мен шетелдік азаматтар арасындағы, сонымен катар Рим мемлекетінің аумағында өмір сүруші шетелдіктердің өз расындағы қатынастарды реттеген.
  • а) Рим мемлекетінің құрылуы
  • Рим мемлекеті қалалық қауымнан қалыптасқан. Римнің негізін қалаған сәттен бастап б.э. 509 жылға дейін римдіктерде рулық құрылым болған, алайда ол ыдырау кезеңінде болған. Рулық ұғымының негізі әлеуметтік бірлігі ретінде экзогамды әкелік ру табылған. Рулар отбасыларына бөлінген, оларға тән сипат болып отбасы иесінің жанұя мүшелеріне үстінен шексіз билігі табылған.
  • Қоғамдық құрылым. Римде жалпы алғанда 300 ру болған. Он ру әскери және діни бірлік болып табылатын курияны құраған. Курияның басында курион тұрған. Он курия трибуды-тайпаны құраған. Рим халқы үш тайпадан құралған.
  • Халық патрицийлерге, клиенттерге және плебейлерге бөлінген. Патрицийлар — бүл қалалық қауымның толық құқылы азаматтары, клиенттер патрицийлерге жеке және мұрагерлік тәуелділікте болған, плебейлердің жеке бостандығы болғанымен, саяси құқықтарға иеленбеген
  • Мемлекеттік құрылым. Римдік қауымның басында патша — Рекс тұрған. Ол әскер басы, жоғарғы абыз болған және ерекше маңызды істер бойынша сотты жүзеге асырған. Рекстің лауазымы сайланбалы болған. Патшаның жанындағы кеңесуші орган сенат болған, ол үш жүз рудың ақсақалдарынан құралған. Сенат қоғамдық істерге басшылық жасаған, маңызды мәселелерді талқылаған. мұндай мәселелерге байланысты шешімдерді халық жиналысы қабылдаған. Сонымен қатар, сенат патшаны сайлауға да эсер еткен. Аса маңызды органдардың бірі халық жиналысы болған, ал рим руларының толық құқылы мүшелері — әскери кызметті орындай алатын ер адамдардан құралған: ал сенаттың ұсыныстарын қабылдаған немесе олардан бас тартқан, барлық лауазымды тұлғаларды, соның ішінде патшаны да сайлаған. Римдік қауымдағы тағы да бір орган — бүл абыздық алқалар олардың ішіндегі ең ежелегілері болып авгурлар, понтификтер және фециалдар алқалары табылған (авгурлар тұлғалардың әрекеттері туралы өз қорытындыларын әртүрлі белгілер мен жорамалдардың негізінде берген, понтификтер әдет-ғұрыптарды сақтаушы және түсіндіруші болған, фециалдар соғыс жариялау актісін жүзеге асырған).
  • Римдік рулық қауымның мемлекетке айналуын үрдісінің аяқталуына Сервий Тулийдің реформалары әсер етті, олардың мәні мынада болды:
  • A) барлық еркек адамдар жердің мөлшерімен анықталатын мүліктік жағдайына қарай бес топқа бөлінген. бүл бөлініс плебейлер үшін де, патрицийлер үшін де ортақ болған:
  • Ә) Римде жоғарғы органның жаңа түрі пайда болды — центуриаттық комиссиялар:
  • Б) плебейлер центуриаттық комиссиялардың құрамына енгізілді, яғни, «рим халқының» бөлігіне айналды және коғамдық жердің бөлінісіне иеленетін болды;
  • B)        Рим қаласы төрт аумақтық округтерге — трибаларға, ал қала шеті — он жеті селолық трибаға бөлінді. Трибуттық комиссиялар плебейлер үшін міндетті жалпы сипаттағы қаулыларды шығару құқығына иеленді.
  • э) Республика кезеңіндегі Рим
  • Римдегі республика кезеңі 500 жылға созылды (б.э.д.509-27 ж.ж.). Римнің даму тарихын екі кезеңге бөлуге болады: республиканың қалыптасу және нығаю кезеңі (б.э.д. УІ-ІУ г.) және римдік құл иеленушілік мемлекеттің гүлдену және құлдырау кезеңі, оның орнына монархиялық басқару нысанының келуі (б.э.д. ІІІ-І г.г.).
  • Қоғамдық құрылым. Өзінің таптық табиғаты бойынша римдік қоғам мен мемлекет құлиеленушілік болған, алайда құлдарды қанау монархия кезеңіндегі сияқты дәрежеге жеткен жоқ, сол себепті құлдық патриархалдык сипатта болған.
  • Еркін халықтың негізгі бөлігі болып патрицийлер мен плейбейлер қала берген, олардың арасында өзара күрес өрши түскен. Плейбейлер патрицийлер мен саяси және азаматтық құқықтары бойынша тең болуға ұмтылған, осы жағдай Рим республикасының құлауының негізгі себебі болған.
  • Мемлекеттік құрылым. Рим республикасында орталық органдар — халық жиналыстары болған, олар центуриаттық, трибуттық және куриаттық комициялар түрінде ұйымдастырылған. Сонымен қатар, сенат пен магистратуралардың да мемлекетті басқарудағы орны ерекше болған.
  • Центуриаттық комициялар халық жиналыстарының негізгі түрі болып табылады, олар заң жобаларын қабылдап, жоғарғы магистрат — консулдардың, преторлар мен цензорлардың сайлауын жүзеге асырды, сот билігіне ие болды. Трибуттық комициялар екі нысанды қызмет етті: патрицийлер мен плебейлер үшін жалпы жиналыс (олардың қаулылары "попуписцит" деп аталды) және арнайы плебейлік жиналыстар (олардың қаулылары "плебисцит" деп аталды). Куриаттық комициялар тек рулық құрылымының қолдағы ретінде ғана сақталады және уакыт өте келе бұрынғы 30 курияның өкілдері болып табылған 30 ликтордың жиналысымен ауыстырылды.
  • Сенат формальды түрде магистраттардың жанындағы кеңесуші орган ретінде саналған, алайда өте үлкен маңызға ие болған. Сенат халық жиналысы қабылданған заңдары бекітетін және қаржыларды басқарған. Сенаттың шешімдері "сенатус— консульт" деп аталған.
  • Магистратуралардың жүйесіне Рим мемлекетінің өкілі болуға және оның атынан сот өндірісі мен басқару саласында мемлекеттік әрекеттерді жүзеге асыруға өкілетті лауазымды тұлғалар кіретін. Магистратуралардың қызметі мен оны ұйымдастырудың келесі қағидалары болған:
  • — сайланбалылық (магистраттарды сайлау халық жиналыстарында жүзеге асатын);
  • — алқалық (бір лауазымға бірнеше магистрат сайланатын, олардың әрқайсысы толық билікті иелене отырып, өздеріне қарасты мәселелерді шешкен);
  • — жауаптылық (диктатор, цензор мен плебейлік трибундардан басқа магистраттар өз лауазымының мерзімі біткенде халық жиналысының сатына тартыла алатын);
  • — мерзімділік (барлық магистрлер 1 жыл мерзімге, ал цензорлық 5 жылға сайланатын);
  • — ақысыздық (магистраттар өз жұмысы үшін жалақы алмайтын).
  • Магистратуралар ординарлык және экстраординарлық болып бөлінеді. Ординарлық магистратуралардың басында екі консул тұратын. Ординарлық магистратуралардың кұрамында келесі лауазымдар болған:
  • Преторлар — консулдардың көмекшілері, цензорлар — Рим азаматтарын триболарға, разрядтарға және центурияларға бөлу мақсатында ценздерді орнықтыратын, эдилдер — полициялық міндеттерді жүзеге асырған, квесторлар — консулдардың арнайы мамандануы жоқ көмекшілері, плебейлік трибуналар — плебейлердің мүдделерін қозғаушылар және төменгі магистраттар — қылмыстарды тергеумен айналысқан.
  • Не соғыспен, не топтық күрестің өршуімен байланысты қандай да бір төтенше қиындықтар уақытында сенат консулға алты айдан аспайтын мерзімге диктаторды тағайындау туралы тапсырма беретін. Диктатор тағайындалған соң барлық ординарлық магистратуралар экстраординарлық магистратураларға айналып, диктатордың өкілеттіктері мерзімінде толығымен оған бағынатын. Бүл кездегі диктатордың билігі шексіз болатын.
  • Рим әскері. Әскери қызметті бес разрядқа енген барлық азаматтар өтейтін. Оған тек толық құқылы, кем дегенде 11000 асс мүліктік цензге ие азаматтар жіберілетін, әскерлер өздерінің мүліктік цензіне сәйкес әскердің әртүрлі түрлеріне бөлінетін. Әскерді консулдар цензорлардың құрастырған тізімдерінің негізінде жинақтайтын. Соғыс әрекеттері аяқталған соң әскер таратылатын.
  • Жергілікті басқару. Римнің жауап алған Италиядан тыс жерлері, провинциялардың барлығын Римнен тағайындалатын, бұрын консул мен претор болып табылған магистраттар басқаратын. Олардың жергілікті жерлердегі билігі шексіз болатын.
  • б) Монархия кезеңіндегі Рим
  • Римдегі құлиеленушілік монархияның тарихын екі кезеңге бөлуге болады: принципат және доминат.
  • Принципат кезеңінде әлі де республикалық мекемелер қызмет етеді, алайда олар өздерінің бұрынғы мәнін жоғалтады. Барлық магистратуралардың басына жаңа лауазымды тұлға принцепс келеді. Бүл шексіз мерзімге (өмір бойына) сайланатын жоғарғы республикалық магистрат төтенше билікке ие болатын.
  • 284 жылдан бастап Римде шексіз монархия — доминат орнығады. Ескі республикалық органдар толығымен таратылады, император заңнан да жоғары түр атын шексіз монарх деп танылады, барлығы оның билігіне бағынушыларға айналады, императордың билігі құдайдың билігіне теңестіріледі. Империяны басқару негізгі екі ведомствоға негізделеді:
  • 1) императордың жанындағы мемлекеттік кеңеске;
  • 2) император тағайындайтын шенеуніктер басқаратын қаржылық ведомствоға.
  • Доминатты орнықтыру Диоклетиянның реформаларымен тығыз байланысты. Ол мынадай реформаларды жүзеге асырады:
  • 1) әкімшілік реформа — империя екі провинцияға бөлінген 12 диоцезге жаңа әкімшілік бөлуді көздеген. Италияның барлық аумағы екі доцезге бөлінген: Шығыс және Батыс. Әрбір империяның басында император — Август тұрған, ол өзіне көмекші-ізбасарын — Цезарьді сайлап алатын;
  • 2) әскери реформа — әскер үш сенатқа бөлінетін: шекаралық әскер, кешенді әскер және преторлық гвардия, әскердің кұрамы үлкейтіліп, алғашқы рет рекруттық қабылдау енгізілді;
  • 3) салықтық және қаржылық реформалар — заттай және ақшалай салықтар, сонымен қатар тиын енгізілген.
  • Жергілікті басқару. Империяның әрбір бөлігі — диоцездер екі префектураларға бөлінген, олардың басында приторийдің префекті тұрған. Әрбір префектура екі диоцезден тұрған, олардың басында викарийлер тұрған, әрбір дионез провинцияларға бөлінген, провинцияларды ректорлар басқарған. Провинциялар ұсақ бірліктерден — қауымдардан тұрған. Қауымдарда жергілікті өзін-өзі басқару органдар — сенаттар (декуриондар) болады.
  • Сот. Қылмыстық істерді қарау тұрақты комиссиялардан император мен оның шенеуніктеріне ауысады. Римнің шет аймақтарында қылмыстық юрисдикция қаланың префектісінің қолында болған, Италияда — преторий префектісінің қолында, провинцияларда — провинция басшыларының қолында болған.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет