Бағдарламасы Қаз«назарбаев зияткерлік мектептері»



бет3/9
Дата31.12.2019
өлшемі0,76 Mb.
#54978
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

























Mark

балдар

БМ 1

Оқушыларды білу мен түсіну дағдысы бойынша бағалау

БМ 2

Оқушыларды қолдану, анализ, бағалау, синтез дағдылары бойынша бағалау

БМ 2

Оқушыларды дәйектерді тиімді пайдалануын және зерттеу материалдарын тиімді таңдап алуын бағалау

БМ 3

Оқушыларды берліген тапсырмаларды сәйкес стильде жазуын бағалау

9-10

• Жоғары дәрежеде идеяларды, тұжырымдарды және дәлелдерді тиімді пайдаланады.
•Қазақстанның әлемдегі орны мен ролін жоғары дәрежеде түсінеді.

• Жоғары дәрежеде идеяларды, тұжырымдар мен дәлелдерді пайдаланады.
Идеяларды, тұжырымдарды, дәйектер мен дәлелдерді жоғары деңгейде бағалайды және іріктейді

• Тәуелсіз көзқарасты баяндайтын жауаптарға жоғары дәрежеде негізделген және сарапталынған нақты дәйектер береді.

•Жоғары тиімділік деңгейінде зерттеу дағдысын көрсете алады.



• Берілген жазба тапсырмаларын логикалық жүйеде дәл және барлық жазылу ережер талаптарына сәйкес жоғары дәрежеде және тиімді орындайды.
• Граматикалық және жазылу/ пунктуациялық қателері аз немесе жоқ жоғары дәңгейдегі жазбаша жұмысты көрсетеді.

7-8

•Тиімді дәрежеде идеяларды, тұжырымдарды және дәлелдерді пайдаланады.
•Қазақстанның әлемдегі орны мен ролін жақсы дәрежеде түсінеді.

• Жақсы дәрежеде идеяларды, тұжырымдарды және дәлелдерді пайдаланады.
•Идеяларды, тұжырымдарды, дәлелдер мен дәйектерді жақсы деңгейде бағалайды және іріктейді

•Негізделген және тиімді жауаптар беретін жақсы дәрежедегі дәйектерді келтіреді және өзінің тәуелсіз ой-пікірін бере алады.

•Тиімді деңгейде зерттеу дағдысын көрсете алады.



• Берілген жазба тапсырмалары логикалық жүйеге сәйкес және жазылу ережерінің көбі жазылу талаптарына сай, тиімді дәрежеде орындалған.
•Коммуникациялық тәртіпті бұзбайтын граматикалық және жазылу/ пунктуациялық қателері кездесетін жақсы деңгейдегі жұмыстар көрсетеді.

5-6

•Жалпы дәрежеде идеяларды, тұжырымдарды және дәлелдерді тиімді пайдаланады.
•Қазақстанның әлемдегі орны мен ролін орта деңгейде түсінеді.

•Орта деңгейде оқушылар идеяларды, тұжырымдарды және дәлелдерді пайдаланады және сараптайды.
• Идеяларды, тұжырымдарды, дәлелдер мен дәйектерді орта деңгейде бағалайды және іріктейді

•Орташа деңгейдегі дәйектерге негізделген, кейде жақсы деңгейді көрсетпеген немесе тиімсіз және тәуелсіз жауаптар бере отырған ой-пікір білдіреді.
• Орта деңгейде зерттеу дағдысын көрсете алады.

•Берілген жазба тапсырмаларындағы идеялардың көбі логикалық жүйеге және кейбір жазылу ережері талаптарына сай орта деңгейде орындалған
•Коммуникациялық тәртіпті бұзбайтын граматикалық және жазылу/ пунктуациялық қателері көбінеки кездесетін орта деңгейдегі жұмыстар көрсетеді.

3-4

• Идеяларды, тұжырымдарды және дәлелдерді тиімді пайдаланады, бірақ көбінесе олар тиімсіз келеді.
•Қазақстанның әлемдегі орны мен ролін ортадан төмен деңгейде түсінеді

•Идеяларды, тұжырымдарды және дәлелдерді белгілі деңгейде және тиімсіздігі аз келеді.
• Идеяларды, дәйектерді, тұжырымдарды және дәлелдерді белгілі деңгейде және тиімсізділігі аз негізде бағалайды және таңдап алады.


•Логикалық және тиімділік жағынан дұрыс жауапты өрбітпейтін, қалыптасқан дәйекті келтіруге талпынатын жауап көрсетеді

• Шектелген деңгейде зерттеу дағдысын көрсете алады.



•Берілген жазба тапсырмаларындағы идеялардың көбі логикалық жүйеге сәйкес емес және кейбір жазылу ережері талаптарының бұзылу шарттары кезедесетін ортадан төмен деңгейде орындалған.
•Коммуникациялық тәртіпті бұзатын граматикалық және жазылу/ пунктуациялық қателері көп, ортадан төмен жұмыстар көрсетеді.

1-2

• Идеяларды, тұжырымдарды және дәлеледерді тиімсіз пайдаланады.
•Қазақстанның әлемдегі орны мен ролін төмен деңгейде немесе мүлдем түсінбейді.

• Идеяларды, тұжырымдарды және дәлелдерді аз және тиімсіз пайдаланады

• Идеяларды, тұжырымдарды, дәйектер мен дәлелдерді аз және тиімсіз деңгейде бағалайды және таңдап алады.





•Тиімділігі төмен немесе талпынысы жоқ жауаптар береді
•Тиімділігі төмен немесе негізі жоқ зерттеу дағдысын көрсете алады.

•Берілген жазба тапсырмаларындағы идеялары логикалық жүйеге сәйкес емес және жазылу ережері жалпы талаптарының шарттары бұзылған жұмыстар көрсетеді.
•Коммуникациялық тәртіпті бұзатын граматикалық және жазылу/ пунктуациялық қателері өте көп, талаптарға сәйкес емес жұмыстар көрсетеді.

0

Сәйкес мазмұны немесе жауабы жоқ

Сәйкес мазмұны немесе жауабы жоқ

Сәйкес мазмұны немесе жауабы жоқ

Сәйкес жауабы жоқ








2 1 –ші тапсырма (В деңгейіне сәйкес келетін жұмыс үлгісі)





________ қаласы

___________бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан

Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН МЕН БОЛАШАҚ

Тақырып: "Қазақстандағы мұнайға қатысты пікірталас: мұнайдың зиянынан пайдасы артық па?
(2616 сөз)



Орындаған: ____________________________

(аты-жөні, қолы)
Жетекші:______________________________

(аты-жөні, қолы)



Ішкі модератор_________________________

(аты-жөні, қолы)

Қаланың атауы, 2015



КІРІСПЕ
Қазақстан 1991 жылы тәуелсізідігін алған кезден бастап бүкіл әлемге мұнай арқылы танымал бола бастады. Шетелдіктер Қазақстан туралы айтқанда, алдымен олар мұнай туралы және біздің президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың атын атайды. Мұнай өндіруші 15 елдің тізімінде болғандықтан, біз Қазақстанның гүлденуі мен табыстарының айтарлықтай өсуіне мұнайдың үлесін теріске шағара алмаймыз. Онымен қоса, Қазақстанның саяси орны мен әлеуметтік табыстар мұнай (жалпы алғанда, энергетикалық) өнеркәсібін дамытуға байланысты жақсарған болатын. Дегенмен, мұнай өнеркәсібінің дамуы саяси, әлеуметтік және экономикалық қосымша келеңсіздіктермен қатар жүреді, олардың қатарына қоршаған орта жағдайының нашарлауы, энергетика саласын қайта мамандандыру, шетелдік энергетикалық компаниялардың үстемдікте болуы мен теңсіздіктің ұлғаюы жатады. Менің қөзқарасым бойынша, бұл бағытты дамытуды жалғастыруымыз қажет, бірақ біз жасыл энергияның көздерін (көмірсутекті емес, мәселен жел, күн және су энергетикасы көздері) қайта жаңғыртып отыруға көп уақытымызды, қаражатымызды және күшімізді салуымыз қажет деп есептейміз. Қазақстан бұл бағытқа қадам басты, енді, біз, энергияның осы тұрақты түріне және болашақта тұрақты дамуға ұмтылуымыз қажет.


  1. ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫНЫҢ БАСТАУЫ

Мұнай қабырттануы - миллиондаған жылдарға созылатын жер қыртысының бірнеше қабаттарының астынан шығатын газ секілді көмірсутек. Жанған уақытында электр энергиясын жасауға, автокөліктерді қуаттандыратын жанармай және пластиктер алынатын шикізат ретінде қолданылады. Әлем мұнайға және "қара алтынның" көп қоры бар елдерге барған сайын кіріптар болуда. Ал мұнай өндіретін елдердің экономикасы осы шикізат өнімінің төңірегінде құрылған.



Қазақстан мұнайы алғаш рет 1899 жылы Қарашұңғыл кен орнынан алынды. Мұнайды өндіру кеңестік кезеңде де жалғасты. Тәуелсіздік алғаннан кейін, мұнай өндіру 2000-шы жылдары көбіне шетелдік инвестициялар есебінен бірден өсті. Қазақстан Үкіметі өзінің көптеген энергетикалық қорларына шетелдік қатысуды 50% дейін шектеді. Осындай бақылаудың орнатылуынан мемлекеттің мұнайдан табысы 65-85% аралығында және Қазақстан экспортының 35% мұнай және мұнай өнімдері құрайды. Қазақстан қазіргі уақытта әлемде мұнай қоры бойынша 11-ші орында болса, мұнай өндірудің көлемі бойынша 18-ші орында тұр. Қазақстанның мұнай және газ өндірісінің 76% еліміздегі негізгі үш кен орнына тиесілі. Олар: Тенгиз (290000 баррель / күн), Қарашығанақ (210000 баррель / күн) және Қашаған (210000 баррель / күн). Соңғысында өндіріс бірнеше кейінге шегерулерден кейін барып осы жылы іске қосылды. Басты мемлекеттік мұнай компаниясы - ҚазМұнайГаз. Басқалары бірлескен кәсіпорындар болып табылады, мысалы Тенгизшевройл 50% - ChevronTexaco, 25% - ExxonMobil, 20% - ҚР Үкіметіне, 5% - Ресейдің Lukarco компаниясына тиесілі.
Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет