Бағдарламасы Қаз«назарбаев зияткерлік мектептері»



бет9/9
Дата31.12.2019
өлшемі0,76 Mb.
#54978
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Астанадағы Бәйтерек
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті келесідей мәселелердің шешілуін мүдделілік танытуда және кейбір жағдайда өз қамқорлығын көрсетеді:

  • Арал теңізінің мәселесі. Қазақстан міндеті - осы мәселені шешу үшін басшылықпен қаптамасыз ету.

  • Ядролық қауіпсіздік. Семей өңірінде Кеңес билігі кезінде болған ядролық сынақтардан кейін Президент Назарбаев толығымен ядролық қарусыздану туралы шешім қабылдады және бұл халықаралық деңгейді қолдауға ие болды. 2012 жылы болған Саммит Қазақстанды ядролық қару мен қорларын жоюдың үлгісі ретінде көрінді. Қазақстанда Кеңес өкметі тұсында 500-ден аса сынақ өткізілген. Президент Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысына сәйкес БҰҰ 29-шы тамызды ядролық сынаққа қарсы халықаралық күн ретінде бекітті.

Президент Н.Ә. Назарбаев әлемдік майдандағы озат дипломат екенін дәлелдеді. Оның жеке күш-жігерінің арқасында Қазақстан бірнеше халықаралық мысалы, 2010 жылғы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық ету. Біз 2017 жылы болатын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің Астана қ. өткізу құқығына ие болғаны шін президентімізге алғыс білдіруіміз қажет. 2010 жылы Түркі халықтарының Дүниежүзілік Ассамблеясы Президент Н.Ә. Назарбаевты әлемдік Нобель сыйлығына ұсынды.



Біз Президентке әсем қала - Астана үшін де алғыс білдіреміз. 1997 жылы 10-шы желтоқсаннан бастап Астана ресми түрде жаңа астана болып бекітілді. Бұл Алматы (бұрын Алма-Ата) қаласында орналасқан астанамызды ауыстыру туралы орасан зор тұжырым әрі жоба еді. Астананың ежелгі атауы - Ақмола, одан кейін Целиноград, содан Ақмола, кейін Астана деп өзгертілді. Астана президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың шынайы қалаға айналған ойы мен арманы болатын. Астанаға келгеннің әрбірі қала жетістігі мен ғимараттарының үлкендігімен таныс болады. Астананы ауыстыру идеясын президент 1994 жылы ұсынған болатын. Қазақстанда президент Алтын Қыран орденімен, Астана медалымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 - жыл медалымен, Қазақстан теміржолының 100-жылдық медалымен, Астана қаласының 10 жылдығы медалымен, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалымен марапатталған. Ал, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы кезінде Еңбек Қызыл Ту орденімен, Құрмет Белгісі орденімен, КСРО Қорғаныс Күштерінің 70 жылдығы мерейтойлық медалымен марапатталған.


ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ядролық қарулардың Сеулдік Саммитінде АҚШ пен Ресей президенттерімен кездесуі

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаветың жетістіктері мен қосқан үлесі тек Қазақстанда ғана бағаланған жоқ. Президент Назарбаев марапатталған кейбір сыйлықтар мен марапаттар:



  • Қасиетті Апостол Андрей Первозванный ордені (Ресей Федерациясы)

  • Австрия Республикасы алдындағы қызметі үшін Гранд Жұлдыз Құрметі

  • Үлкен крест және Финляндия Ақ Раушан Ордені

  • Венгрия Республикасы алдындағы қызметі үшін Орден

  • Хризантема ордені (Жапония)

  • Румыния Жұлдыз Кушак Ордені

  • Сербия Республикасы Ордені

  • Түркия Республикасы Ордені

Осы ордендердің кейбірін Астана қаласындағы Назарбаев орталығынан көруге болады. Бұл орталықты Президент ұлттық бірлік пен толерантылықтың айғағы ретінде құрған.

Президент Назарбаев үйленген, 3 қызынан 8 немере және 2 шөбересі бар. Қызығушылықтары табиғат, спорт, кітап оқу және музыка.

Президент жыл сайын аса маңызды мәселелер талқыланған жолдауын жолдайды. 1997 жылғы жолдауда "Қазақстан - 2030" бағдарламасының 7 басымдылығы, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік, саяси тұрақтылық және экономикалық өсу туралы айтылды. 2007 жылы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты жолдауы экономикалық дамуға, денсаулық сақтауға және Конституцияға өзгерістер енгізуге бағытталды. Жақында ғана 2012 жылы "Қазақстан - 2050" атты стратегияны ұсынды. Басты мақсат- Қазақстанның 2050 жылға қарай өнеркәсібі дамыған 30 елдің қатарынан орын алуы. Сонымен қоса, Президент Назарбаев өз ой-пікірі мен көзқарасын мақалаларда жариялап тұрады. Президентіміздің ой-пікірін түсініп білу үшін үшін "Қазақстандық жол" деген еңбегін оқу керек.



Ол бір немесе бірнеше мәселелердің шешілуіне байланысты көптеген кітаптар жазды.

Президент Нұрсұлтан білім саласына да көп назар аударады. Мен осы үшін, Қазақстанда туып-өсіп, оқығанымды мақтан тұтамын. "Болашақ" сияқты бастамалар арқылы мен шетелде білім алуға қол жетіземін және алған білімімді еліміздің болашағын орнатуға жұмсаймын деп ойлаймын. Білім саласында халықаралық беделге ие болуы және әлемдегі орнын қамтамасыз ету үшін президенттің жеке өзінің бастамасымен жасалған Назарбаев университетінде білім алуды армандаймын.


Қорытындыда, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздік алған тұстан бастап еліміздің құрылуында шешуші рөл атқаратынын айтқым келеді. Мен біздің Президентіміз - ол осыған дейінгі және бұдан кейінгі тұлғалардың ішіндегі ең мықтысы, ұлтымыздың мақтанышы, Ұлт көшбасшысы деп ойлаймын. Нұрсұлтан Назарбаев мен секілді Қазақстанның жас ұрпағы үшін әрдайым құрмет пен таңданысқа ие болатынына сенемін. Қазақстанның келешегі болатын еліміздің жастарымен интернет және Facebook, веб-сайттар мен теледидар сынды технологиялар көмегімен әрдайым байланыста болады. Мен, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді дамытатын жетістіктерге қол жеткізетініне және Қазақстан халқының игілігі үшін экономикалық және саяси жүйелердегі реформаларды әлі де талай жасайтынына сенемін. Президенттің жастар туралы айтқан нақылымен аяқтағанды жөн көрдім:

"Жастар қазіргі жаһандық әлемнің көпшіл, қарқынды, ұтқыр, әрдайым жетіліп отыратын, өз сөзінде тұратындарды бағалайтынын түсінуі қажет. Көре алмаушылық, жалқаулық және бір ұлттың, тілдің және мәдениеттің басқаға артық болуы - жоюға алып келеді. Мұның бәрі де жас кезден түсіндірілуі қажет"

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  • http://ru.wikipedia.org/wiki/Назарбаев,_Нурсултан_Абишевич

  • https://www.facebook.com/AkordaPress

  • www.akorda.kz

  • Н.А.Назарбаев «Казахстанский путь», 2007

  • http://www.mod.gov.kz/mod-kz/index.php/2009-06-24-09-52-20


4.1 Жұмысты жетілдіруге арналған түсіндірмелер мен нұсқаулар

Төмендегі түсіндірмеде жұмыстың жақсы тұстары қанат белгісімен (), жетілдіруге келетін әлсіз тұстары (x) және жетілдіруге қажетті ұсыныстар () белгісімен көрсетілген.


Бұл Е деңгейіне сәйкес келетін жұмыс үлгісі. Қазіргі әлемдегі Қазақстан тест спецификациясында бағалау сипаттамалары мен бағалау бойынша қосымша ақпарат берілген.



Бағалау тапсырмасы

Түсіндірмелер

БМ1
Түсініп білу

  • Дерек көздері жеткіліксіз қолданылған

  • Жеке зерттеу жұмысының көлемі аз

  • Оқушы мәліметтерді жинауда күш салып қиналғандығы туралы көзге көрінер дәйек жоқ.

  • Оқушыларға аумақты зерттеуді жүргізуге мүмкіндік беретіндей тақырыптарды таңдауына кеңес береміз.

БМ2
Дағдылар: Tалдау, бағалау және мәселелі тапсырмаларды орындау

  • Көбіне таза түсіндірмеге көңіл аударғандықтан, талдауды аз жасағаны көрінеді.

  • БМ 2 дағдыларын (талдау, бағалау және мәселелі тапсырмаларды шешу) талап етіледі

БМ3
Дағдылар: Коммуникация және презентация


  • Жұмыстың түсіндірмелі сипатта жазылуы жоғары баға қоюды қиындатып отыр.

  • Алайда жазбаша бөлігі өте сауатты жазылғанымен, ой мен пайымдаудың жоқтығы бағаны төмендетеді.

  • Біреу емес бірнеше аабзацтардың көшірілгені айқын, Интернет арқылы қолжетімді ақпаратпен дәл келуі (бірінші беттегі ақпараттың көп бөлігі www.Wikipedia.com және www.akorda.kz сайттарындағы Президент сөзінің тұжырымымен өте ұқсас).

  • Кейбір дәйексөздерде сілтеме жоқ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет