«Балапан боп келіп ем алтын ұяға, Қыран болып ұшып барам қияға!»



Дата15.12.2021
өлшемі15,21 Kb.
#101416
Байланысты:
Тақырыбы тарбие
abai, Тақырыбы тарбие, 1. Äûáûñòû? áè³êò³ã³ àíû?òàëàäû æè³ë³ã³ Äûáûñòû? ôèçèêàëû? øàìà

Тақырыбы

«Балапан боп келіп ем алтын ұяға, Қыран болып ұшып барам қияға!»

Мектеп

188 мектеп-гимназия

Тексерген

Қоқымбаева М -____________

Мақсаты

Мектептің алдын қоңырау макетінде түрлі-түсті шарлармен, лента және жалаушалармен безендіруМектептің алдын қоңырау макетінде түрлі-түсті шарлармен, лента және жалаушалармен безендіру

Мазмұны

Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,

Жас түлегім, сөзіме көңіл аудар.

Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені

Бұрынғыдай соқпайды қоңыраулар.

Мектеп қайта есігін ашпас енді

Өмір ұстаз, ақылды, ақ шаш өңді

Басқаша енді үйретер бар сабағын,

Қоңыраулар соғылар басқаша енді!

Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл- қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұр.

Әне олар әрбіреуі тұлға дара,

Бірі көсем болашақта, бірі дана.

Кеше ғана балапан болған олар,

Қанат жайып ұшқалы тұр кең далама.

Аттанарда ұрпағым бақ жолына

Түссін деп тура жүрер нақ жолына

Арнайы ақ матадан жол төседік

Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!Білімді шәкірттерін аялаған 

Жақсылығын ешкімнен аямаған, 

Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың 

«Ұстаз» деген аяулы , ардақты адам. 

Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол –болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік.

Он жыл бойы оқыған, 


Ойға білім тоқыған. 

Апалар мен ағалар! 

Орындалды ойыңыз. 

Құттыболсын тойыңыз! 

Үлгілі болып сіздердей 

Үлкейеміз біздер де. 

Біз де ойшыл, өнерлі 

Боламыз істің шебері. 

Көп екен «төрт»,бесіңіз» 

Өмірде өстіп өсіңіз. 

Жарау күндер заулайды,оралмайды.

Дамыл көрмей самғау да оған жайлы.

Жас мұрпақтар көшіне ілестіріп,

Сыр шертеді оларға өмір жайлы.

Қош айтысып балалық шақ өткеніне,

Қош айтысып сүйікті мектебіне.

Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар,

Аттанып барады өмір көктеміне.

2-жүргізуші

Толқимыз толқып тұрмыз баршамыз да,

Мұндай күй болған бәлкім баршамызда.

Қол соғып қошеметпен шақырайық ,

Түлектер келсін, кәне ортамызға.

Қандай тұнық мөлдір тау бұлақтары,

Жағасында жайқалған құрақтары.


Қорытынды

Ұлы Абайдың:

Ақырын жүріп, аңық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға-деп айтуында үлкен мән-мағына жатыр. Шынында да ұстаз еңбегі-ұлы да ұлағатты еңбек емес пе?





«188 мектеп- гимназия »

Тақырып : «Балапан боп келіп ем алтын ұяға, Қыран болып ұшып барам қияға!»

8 «Г» сынып



Сынып жетекшысы : Сегізбай Н.Н.

2019-2020

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет