интеллектуалдық әрекеттерді ұйымдастыру теориясымен қатар олардың жобалау бағдарламаларын құрастыруды жүзеге асырыла бастады және оның негізіне теориялық білімдер ғана емес, көбіне тәжірибелік талдау қызметтері алынатыны белгілі болды. Бұған дейінгі кездері ұйымдастырушылық мәдениеттің теориялық дамуы негізінде таңбалаудың жаңа түрлері – модельдер, алгоритмдер, ақпараттар қоры, т.б. жасаудың көптеген жолдары пайда болып, кейін бұлар жаңа технологиялар құрастыруға негіз болып отырды. Осылайша, жаңа модельдер мен технологиялар өнім күйінде ғана емес, таңбалар түрінде шығарылып, олар жобалауды ұйымдастырудың басты элементтеріне айналды.
|
жобаны ғылыми негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын. Кейін өзінің кең таралуына байланысты жобалау әмбебаптық сипат алды.
|
жобалау қызметі басқа әрекеттер түрлерімен байланысу негізінде қайта құруға, өзгерістерге ұшырап отырды, оны ғылымда жобалаудың эволюциясы ретінде: – құрастыру әрекетінен–дәстүрлі классикалық жобалауға, – классикалық дәстүрлі жобалаудан – қазіргі заманға жобалауға бағыт алуы деп көрсетеді. Классикалық жобалауға жататын архитектурадағы, техникалық ғылымдардағы дәстүрлі жобалардан басқа, жоба түрінде болғанымен мазмұны мүлдем басқаша қазіргі 11 заманғы квазижобалар қатарына әлеуметтік жобалау әрекеттерін жатқызуға болады.
|
қоғамдағы саяси -әлеуметтік қарқынды өзгерістер жобалауды әлеуметтік мәдени өзгерістерді басқару контекстінде де қарастырудың маңыздылығын айқындауда. Өйткені, бүгінгі ақпараттық жаңғыртулар ұдайы жүріп отырған қоғамдық өндірістің қуатты күші ауқымы жағынан табиғи үдерістермен барабар келіп, осы жағдайда адамдардың өзгермелі жағдайларға уақытында тез жауап бере алатын жаңа әрекеттерін ұйымдастыруды қажет ететін ортаны қалыптастыруда
|