Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Мотоатқыш бөлімшелері қазіргі заманғы қуаты?
Ұсынылған әдебиеттер.
Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж
Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл
№20 тақырып: Радио байланысты ұйымдастыру оқыту әдістемесі
Дәріс мақсаты: Радио байланысты ұйымдастыру
Қарастырылатын сұрақтар:
Радио байланыстын маңыздылығы?
Дәріс.
Бөлімшелер мен бөлімдердің арасында берік және тұрақты байланыстың болуын, бейбіт кезде және соғыстың барлық түрінде ойдағыдай басқарылуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері мен бөлімдері жақын және алыс қашықтықта үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне негізделіп құралған радио және радиорелелік, желілік құралдарды пайдаланады.
Радио байланыс штабқа жағдайды баяндау үшін қажет ұрыс кезінде бөлімшелер бір – бірінен мәліметтер алмасу үшін қажет.
Радио байланысты жақсы меңгеру ұрыс кезінде жеңіске жетуде маңызы зор.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Соғыс кезінде радио байланыс қандай рөл атқарады?
Ұсынылған әдебиеттер.
«Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.
№21 тақырып: Жауынгерлердің денсаулығын сақтау, жеке және ұжымдық гигиена оқыту әдістемесі
Дәріс мақсаты: Жеке құрам денсаулығын сақтау командирдің міндеттерін білу
Қарастырылатын сұрақтар:
Жеке гигиена ережелері?
Дәріс.
Әрбір әскери қызметші өзінің денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығы туралы қамқорлық көрсетуі, медицина қызметкерлерінен сырқатын жасырмауы, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтауы, зиянды әдеттерден аулақ болуы тиіс.
Жеке гигиена ережелеріне:
таңертең белуарына дейін салқын сумен шайынуы және тісін тазалауы;
тамақ ішер алдында қолын жууы;
ұйқыға жатар алдында жуынуы, тісін тазалауы және аяғын жууы;
уақтылы қырынуы, шашын және тырнағын алуы;
іш киімі мен төсек-орнын, шұлғауы мен ұйықтарын ауыстырумен апта сайын моншада жуынуы;
киім-кешегін, аяқ киімі мен төсек-орнын таза ұстауы, жаға астарларын уақтылы ауыстыру кіреді.
Әскери қызметшілердің шаш үлгісі, мұрты мен сақалы (егер олар бар болса) ұқыпты болуы, гигиена талаптарына жауап беруі және жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға және жарақтарды алып жүруге бөгет жасамауы тиіс.
Сақал қоюға тек офицерлерге рұқсат етіледі.
Қоғамдық гигиена ережелеріне:
ұйықтайтын үй-жайларда, дәретханаларда және басқа да жалпы пайдаланылатын бөлмелерде тазалық сақтау;
үй-жайларды жиі желдету;
көпшілік орындарда, сондай-ақ әскери бөлім (бөлімше) орналасқан аумақта тазалық сақтау кіреді.
Әскери қызметшілердің жұқпалы ауруларды жұқтырмауын қамтамасыз ету үшін алдын ала егу жұмыстары жүргізіледі. Егулер жоспарлы және індеттік көрсетулер бойынша болуы мүмкін.
Жоспарлы сақтандыру егулері әскери бөлімнің (бөлімшенің) барлық жеке құрамын алдын ала егулердің күнтізбелік жоспарына сәйкес, ал індеттік көрсетулер бойынша аға командирдің (бастықтың) бұйрығымен жүргізіледі.
Індеттік көрсетулер бойынша егулерден әскери қызметшілер тек дәрігерлердің қорытындысы бойынша босатылады.
Егулер туралы белгілер медициналық кітапшаларына және әскери билеттеріне енгізіледі.
Әскери қызметші өзінде немесе онымен бірге бір пәтерде (жатақхана бөлмесінде), сондай-ақ казармада тұратын адамдар арасында жұқпалы аурудың туындағаны туралы медицина қызметкеріне баяндауға және медицина қызметі бастығының қорытындысы бойынша өзінің тікелей командирінің (бастығының) рұқсатымен қызметтік міндеттерін орындауы тиіс.
Әскери бөлімде жұқпалы аурумен сырқаттанушы табылған кезде медицина қызметінің бастығы бұл туралы дереу командирге (бастыққа) және үлкен медицина бастығына баяндайды, сырқаттанғандарды белсенді анықтауды, оқшаулауды және госпитальға жатқызуды, бөлімшелерді залалсыздандыруды, сырқаттанғанмен қарым-қатынаста болған адамдарды қадағалауды жүргізеді және санитарлық-гигиеналық бақылауды күшейтеді.
Қажет болған кезде әскери бөлімде қадағалау режимі немесе карантин енгізіледі, азаматтық тұрғындармен қарым-қатынас тоқтатылады немесе шектеледі, әскери бөлімнің ішінде жеке құрамның жиналысына және мәдени көпшілік іс-шараларына тыйым салынады, қосымша оқшаулағыштар өрістетіледі.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Қоғамдық гигиена ережелеріне?
Ұсынылған әдебиеттер.
«Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.
№22 тақырып: Жараққаттану, сүйектер сынуында және күюлер кезіндегі алғашқы көмек оқыту әдістемесі
Дәріс мақсаты: Жараққаттану, сүйектер сынуында және күюлер кезіндегі алғашқы көмек беруді үйрету
Қарастырылатын сұрақтар:
Тереңдетілген медициналық тексерулер?
Диспансерлеу?
Медициналық тексеру?
Дәріс.
Негізгі емдеу-алдын алу іс-шаралары әскери қызметшілерді амбулаториялық, стационарлық, санаторлық-курорттық емдеу және диспансерлеу болып табылады.
Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу мақсатында медицина қызметі ұсынатын емдеу-алдын алу іс-шаралары барлық әскери қызметшілер үшін міндетті.
Диспансерлеу үрдісінде:
әскери қызметшілердің денсаулық жағдайына медициналық бақылау;
ауруларды белсенді түрде ерте анықтау;
әскери қызметшілердің қызмет жағдайы мен тұрмысын зерделеу, олардың денсаулығына теріс әсер ететін факторларды анықтау;
алдын алу және емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргізу;
әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізу іс-шаралары жүргізіледі.
Әскери қызметшілердің денсаулық жағдайын медициналық бақылау:
күн сайын жауынгерлік даярлық процесінде және тұрмыста жеке құрамға медициналық бақылау;
әскери қызметшілерді медициналық қарау;
әскери қызметшілерді тереңдетілген және бақылаулық медициналық тексерулер;
әскери қызметшілердің денсаулық жағдайына диспансерлік динамикалық қадағалау жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
Медициналық тексеруге:
әскери бөлімнің (бөлімшенің) барлық жеке құрамы – алдын алу егулерді жүргізу алдында;
мерзімді әскери қызметтің барлық әскери қызметшілері – моншада жуынар алдында;
қарауылдың, кезекші күштердің (ауысымның) жеке құрамы – қарауылға және жауынгерлік кезекшілікке (жауынгерлік қызметке) түсер алдында;
жұмысы қолайсыз факторлардың мүмкін болатын әсерімен байланысты әскери қызметшілер, сондай-ақ диспансерлік динамикалық қадағалаудағы адамдар – олар үшін белгіленген мерзімдерде;
асханаларда, азық-түлік қоймаларында, сумен жабдықтау объектілерінде, наубайханаларда, моншаларда, кір жуу орындарында тұрақты жұмыс істейтін адамдар мен санитарлар – аптасына бір рет;
асхана бойынша нарядқа тағайындалған жеке құрам – тәуліктік нарядты таратқанға дейін;
әскери бөлімге жаңадан келген, сондай-ақ демалыстардан, іссапарлардан және сауығуы бойынша емдеу мекемелерінен келген, басқа әскери бөлімдерге кеткен барлық әскери қызметшілер – әскери бөлімге келген күні, бірақ оларды бөлімшеге жібергенге дейін;
жүргізушілер – рейске шығар алдында;
спорттық жарыстарға қатысушылар – жарыстар алдында алынады.
Одан басқа, аптасына бір рет әскери бөлім командирі белгілеген уақытта бөлімшенің мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің денесін қарау жүргізіледі.
Тереңдетілген медициналық тексерулер:
Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін – жылына екі рет, оқу-жаттығу кезеңі басталар алдында;
офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін – төртінші тоқсанда жүргізіледі; екінші тоқсанда бақылау медициналық тексеру жүргізіледі. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді тереңдетілген медициналық қарауға медициналық мекемелерден дәрігер-мамандар тартылады. Әскери бөлімнің (бөлімшенің) әскери қызметшілерінің денсаулық жағдайын медициналық бақылау жөніндегі іс-шараларды жүргізу уақыты, тәртібі және орны бөлім бойынша бұйрықта жарияланады. Медициналық тексеруді демалыс күндері белгілеуге тыйым салынады. Бөлімшенің жеке құрамын медициналық тексеруде барлық офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатысуға міндетті.
Бөлімшені медициналық тексеруге бөлімше командирі, ал медициналық қарауға рота старшинасы апарады. Олар дәрігерге бағыныстылардың денсаулық жағдайын өздерінің қадағалаулары туралы хабарлауы тиіс.
Бөлімшенің жеке құрамын медициналық тексеру және қарау нәтижелерін дәрігер медициналық кітапшаларға енгізеді. Денсаулық жағдайы бойынша диспансерлік динамикалық қадағалауды қажет ететін әскери қызметшілер есепке алынады және бақылаулық медициналық тексерулерге жиі тартылады. Бөлімшенің (ротаның) командирі жеке құрамды толық медициналық тексеру үшін жауап береді.Қандай да бір себеппен медициналық тексеруде болмаған әскери қызметшілерді бөлімше командирі мүмкіндік болған кезде осы үшін әскери бөлімнің медициналық пунктіне (медициналық ротаға) жібереді.
Әскери бөлімнің жеке құрамын медициналық тексерудің нәтижелері, сондай-ақ қажетті емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргізу жөніндегі ұсыныстарды әскери бөлімнің медицина қызметінің бастығы әскери бөлімнің командиріне баяндайды. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін амбулаториялық қабылдау әскери бөлімнің медициналық пунктінде және гарнизонның әскери-медициналық мекемелерінде әскери бөлім командирі мен гарнизон бастығы белгілеген сағатта жүргізіледі.
Кенеттен сырқаттанған немесе жарақат алған әскери қызметшілер әскери бөлімнің медициналық пунктіне немесе гарнизонның әскери-емдеу мекемесіне тәуліктің кез келген уақытында дереу жіберіледі. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері әскери бөлімнің медициналық пунктіне (медициналық ротаға) рота бойынша кезекшімен ротаның санитарлық нұсқаушысымен немесе бөлімше командирі тағайындаған үлкеннің командасымен жіберіледі. Рота старшинасының қол қойған сырқаттарды жазу кітабы бөлімнің медициналық пункті (медициналық рота) бойынша кезекшіге амбулаториялық қабылдау басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Дәрігер ротаның сырқаттарды жазу кітабына енгізілген барлық әскери қызметшілердің медициналық пунктке (медициналық ротаға) келуін бақылайды. Медициналық пункттен (медициналық ротадан) тыс дәрігерді шақыру және сырқатты қарау жағдайында сырқаттанғандар сырқат сипатына байланысты емделу үшін әскери бөлімнің медициналық пунктіне, бөлімнен тыс емдеу мекемелеріне (госпитальға, ауруханаға) жіберіледі немесе оларға амбулаториялық емдеу тағайындалады. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үй жағдайында емделу үшін қалдырылуы мүмкін. Дәрігер сырқаттарды қарау нәтижелері, көрсетілген медициналық көмектің сипаты және тағайындаулар туралы медициналық кітапшаларға тиісті белгілер жасайды, ал қорытындыны әскери қызметші медициналық қамтамасыз етілуде тұрған әскери бөлімнің медицина қызметі бастығының қорытындысын бекітумен сырқаттарды жазу кітабына тіркейді.
Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері медициналық көмек алғаннан кейін ротаға санитарлық нұсқаушының немесе үлкеннің командасымен қайтып келеді. Команданың үлкені сырқаттарды жазу кітабын рота бойынша кезекшіге береді, ол оны рота командиріне береді. Рота старшинасы сырқаттарды жазу кітабында бар дәрігердің қорытындысы бойынша рота командирінің шешіміне сәйкес қажетті нұсқаулар береді.
Сырқаты бойынша әскери қызмет міндеттерін орындаудан уақытша босату, сабақтар мен жұмыстардан ішінара немесе толық босату туралы қорытындыны анықтама түрінде дәрігер, ал штатында дәрігер көзделмеген әскери бөлімдерде фельдшер кемінде үш күнге береді (Қазақстан Республикасы азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органының бұйрығымен белгіленген тұмаумен жаппай ауыру кезеңінде – алты күнге). Берілген мерзім өткеннен кейін әскери қызметшілер, қажет болған кезде, егер олар осыған мұқтаж болса, қайта медициналық тексеруге жіберілуі тиіс және қайта босатылуы мүмкін.
Алты тәулік өткеннен кейін, емдеуді жалғастыру қажет болған жағдайда сырқат емдеу мекемесіне тексерілуге жіберіледі. Дәрігердің (фельдшердің) әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) орындаудан ішінара немесе толық босату туралы ұсынымдары лауазымды адамдардың міндетті түрде орындауына жатады. Босату туралы құжаттарды ресімдеу дәрігер (фельдшер) емдеу үшін айқындаған уақытты қысқартпауы тиіс.
Әскери қызметші қызметке келе алмаған жағдайда өзінің ауырғаны туралы командирге (бастыққа) кез келген мүмкін болатын тәсілмен хабарлауға міндетті. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқарудан босату туралы және олардың сауыққаннан кейін қызметке шығуы әскери бөлім бойынша бұйрықта жарияланады. Дәрілер қабылдау және басқа да емдеу процедураларын жүргізу үшін амбулаториялық емдеу тағайындаған сырқаттар, сондай-ақ медицина мамандарының кеңесін қажет ететіндер әскери бөлімнің медициналық пунктіне (медициналық ротаға) дәрігер сырқаттарды жазу кітабында (медициналық кітапшасында) көрсеткен күндері және сағатта жіберіледі. Емдәмдік тамақтануды қажет ететін мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін және әскери оқу орындарының курсанттарын тіркеу әскери бөлім командирінің бұйрығымен бөлімнің медицина қызметі бастығының қорытындысы негізінде үш ай мерзімге жүзеге асырылады. Әскери бөлімнің медициналық пункті (медициналық ротаның) лазаретінде сырқаттарды стационарлық емдеу он төрт күн емдеу мерзіміне дейін жүргізіледі.
Лазаретке түскен кезде сырқаттар санитарлық өңдеуден өтеді. Әскери қызметшілерді әскери бөлімдерден тыс орналасқан стационарлық емделуге дәрігердің қорытындысы бойынша бөлім командирі, ал дәрігер болмағанда жедел көмек көрсету үшін медициналық пункт (медициналық рота) бойынша кезекші фельдшер (санитарлық нұсқаушы) бір уақытта әскери бөлімнің медицина қызметінің бастығына және бөлім бойынша кезекшіге баяндаумен жібереді. Сырқаттарды емдеу мекемесіне жеткізу фельдшердің (санитарлық нұсқаушының) ілесіп жүруімен әскери бөлімнің санитарлық немесе өзге көлігімен жүзеге асырылады. Әскери қызметшілер әскери бөлім орналасқан жерден тыс емделуге жіберілген кезде жыл мезгіліне сәйкес нысанда киінуі және өзімен бірге емделуге жіберу туралы бөлім бойынша бұйрықтың көшірмесі, бөлім командирі қол қойған жол қағазы, медициналық кітапшасы, жеке басын куәландыратын құжаты, жеке гигиена заттары, қажетті жеке заттары мен азық-түлікке аттестат, қажет кезде жарақаты туралы анықтама мен медициналық сипаттамасы, ал гарнизоннан тыс емделуге кеткен кезде, одан басқа, медициналық мекеме орналасқан жерге дейін және кері жолда жүру құжаттары болуы тиіс. Әскери қызметшіні шұғыл госпитальға жатқызу кезінде медициналық мекемеге құжаттарды ұсыну жөніндегі міндет оның тікелей бастығына жүктеледі. Командир (бастық) стационарлық емделудегі әскери қызметшілерге баруды ұйымдастыруға, сондай-ақ олардың емдеу мекемелерінде болуын бақылауға міндетті. Әскери бөлім орналасқан жерден тыс стационарлық емделуге түскен барлық әскери қызметшілер туралы, сондай-ақ оларды сауығуы бойынша шығару туралы әскери-медициналық мекеме (бөлім) бастығы (командирі) сол күні осы әскери қызметшілер келген бөлімнің командиріне хабарлауға міндетті. Келіп түскен сырқаттан жұқпалы ауру табылғаны туралы және уланумен, жарақаттармен келіп түскен сырқаттар туралы әскери-медициналық мекеме (бөлім) бастығы (командирі) сырқат келіп түскен әскери бөлім командирін, ал жұқпалы ауру туралы, одан басқа жақын маңдағы санитарлық-эпидемиологиялық мекемені дереу хабарландыруға міндетті.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Тереңдетілген медициналық тексерулер?
Ұсынылған әдебиеттер.
«Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.
№23 тақырып: Төтенше жағдайларда зақымдану кезінде дәрігерлік көмек көрсету оқыту әдістемесі
Дәріс мақсаты: Төтенше жағдайларда зақымдану кезінде дәрігерлік көмек көрсету
Қарастырылатын сұрақтар:
Жалпы мұздау?
Үсу туралы мәлімет?
Дәріс.
Төмен температураның ұзақ уақыт әсер етуі салдарынан адам ағзасында тіндердің зақымдалуы пайда болады. Тіндердің шектеулі түрде зақымдаулы үсу, ал ағзаға төмен температураның жалпы әсері етуі кезінде органдар мен тіндердегі терең өзгерістер жалпы мұздау деп аталады.
Үсу ылғал ауа, жел, ылғал киім, тар және су аяқ киімі әсерінен болады. Сондай – ақ, шаршау, ашығу, қан аздық, шок, тамырлардың ауруы, мас болу және басқа да себептер үсудің дамуына жағдай жасайды.
Жалпы мұздаудың (қатудың) белгілері: қалтырау, шаршау, ұйқы басу, соңында ұйықтап кету. Дене сіресіп, тыныс алу мен жүрек жұмысы әлсірейді. Миға қан жетіспей, ақырында адам қайтыс болады.
Жеңіл үсіктер қайталанғанда немесе суық ұзақ уақыт әсер еткенде (аязда немесе ылғалды, суық көктемгі – күзгі уақытта) қалтырау болуы мүмкін: жан ауыртар домбығу, көгеру, салқындау байқалып, тері қышиды (“қаз терісі”). Ол терінің ашық жерлерінде, қол саусақтарында, құлақ қалқанында, кейде аяқ басында байқалады.
Зардап шегушіні жылы бөлмеге орналастыру керек. От немесе ыстық пеш жанында жылытуға болмайды. Жылыта отырып ауруға ыстық шай, кофе, шарап немесе арақ беруге болады. Жалпы қату кезінде зардап шегушіні шешіндіріп, денесін спирт немесе арақпен сылайды, есін жинатқызып, сусын береді, жылы етіп қымтайды. Егер зардап шегуші дем алмаса, онда жасанды тыныс алдырады, тері астына камфора немесе кофеин, қажет болса эфедрин, кордиамин енгізеді. Содан кейін ауруды босатады. Клиникалық өлім белгілері байқалғанда реанимациялық іс – шараларын жүргізеді.
Үсудің алғашқы кезінде ең алдымен аяқ – қолды жылы су ваннасында (су температурасы 20 – дан 37 – қа дейін ақырындап көтере отырып) жеңіл массаж жасай жылыту керек. Ысқылағаннан кейін мақтаның қалың қабатымен таза (ең жақсысы стерильді) таңғыш салу керек, аяқ – қолды жоғары көтеріп, дәрігерге жіберу қажет. Үсіген бөлік домбығып іссе немесе күлдірек пайда болса ысқылауға болмайды. Ең дұрысы үсіген бөлікке мақтаның қалың қабатымен стерильді таңғыш салады, аяқ – қолды жоғары қалыпта ұстайды және зардап шегушіні дәрігерге жібереді.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Үсудің алғашқы кезінде ең алдымен не істеу қажет?
Ұсынылған әдебиеттер.
«Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.
№24 тақырып: Негізгі ұғымдар мен анықтамалар оқыту әдістемесі
Дәріс мақсаты: Негізгі ұғымдар мен анықтамаларды оқыту
Қарастырылатын сұрақтар:
Негізгі ұғымдар?
Дәріс.
Негізгі ұғымдар:
Науқастарды күтудің жалпы практикалық дағдысы;
Теріні күту;
Санитарлық тексеру (өңдеу);
Науқасты бөлімге апару;
Дененің қызуы және оны өлшеу;
Қан айналымына әсер ету шаралары. Қыша салу. Қан айналдыру шаралары. Қышалар;
Жүрек – қан тамырлары жүйесінің қызметі бұзылған ауруларды бақылау және күту;
Жарақат алу, буынның шығуы, сіңірдің созылуы, олардың белгілері;
Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің жалпы ережелері;
Бас сүйегі, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас, сүйектері, қол – аяқ сүйектерінің сынуы кезіндегі алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсілдері;
Басқа, кеудеге, ішке, аяқ пен қолға, бұт арасына таңғыш қою тәсілдері мен ережелері;
Күйік кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек;
Әр түрлі бақытсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек;
Күн және ыстық өту туралы түсінік, олардың алдын алу және алғашқы медициналық жәрдем көрсету;
Суға кеткен кезде көрсетілетін алғкашқы медициналық жәрдем;
Жүрек жұмысы мен тыныс алудың тоқтауын анықтау әдістері.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Медициналық жәрдем?
Ұсынылған әдебиеттер.
«Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.
№25 тақырып: Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар оқыту әдістемесі
Дәріс мақсаты: Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларды оқыту
Қарастырылатын сұрақтар:
Төтенше жағдайлар туралы мәлімет?
Дәріс.
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі министірлігі заң жүзінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік орган болып табылады.
Қазіргі таңда тамырын тереңге жайған бұл саланың өзіне бағынышты аумақтық органдары, құрылымдары барлық облыс, ауыл аймақтарында жасақталған.
Заманның түрлі қажеттілігіне байланысты Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар саласының сан алуан қызметтері құрылды.
Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларға байланысты арнайы заңдарда бар. Бұл осы салалардың тәуелсіз мемлекетіміз үшін, халық, қоршаған орта сондай – ақ шаруашылық жүргізуші объектілер үшін аса маңызды екенін көрсетеді.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Төтенше жағдайды болжау және болатын салдарын бағалау?
Ұсынылған әдебиеттер.
«Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.
№26 тақырып: Қазақстан Республикасының Азаматтық Қорғаныс және Төтенше Жағдай агентствосының рөлі, негізгі ұйымдастырылу структурасын оқыту әдістемесі
Дәріс мақсаты: Қазақстан Республикасының Азаматтық Қорғаныс және Төтенше Жағдай агентствосының рөлі, негізгі ұйымдастырылу структурасын тусіндіру
Қарастырылатын сұрақтар:
Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері?
Дәріс.
Қазақстан Республикасының басты қорғанысы оның Қарулы Күштері болып табылады. Дұшпанның шабуылына соққы беру немесе оның талқандалуы үшін – бүкіл халықтың және шаруашылық объектілерінің жаппай жою қаруына қарсы дер кезіндегі дайындықтың маңызы зор. Бұл міндетті орындаудағы ерекше рөл Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысына жүктеледі.
Азаматтық қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану шаралар жүйесінің құрамдас бөлігі . ол дұшпанның түрлі қаруларының (жаппай жою қаруының, аса қуатты қарудың т.б. қару түрлерінің) сондай – ақ техногендік және табиғи сипаттың негізгі факторларының халық пен объектілерге әсерін әлсірету үшін Азаматтық қорғаныс функциялары Төтенше жағдайлар агенттігіне, заңды тұлға болып табылатын әскери емес құрылымдарға жүктелген.
Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері:
Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының тұтқиылдығы мен қауіпті факторлардың әсерін болдырмау.
Бастырмалатқан соққылардың нәтижелілігін бәсендету мен қауіпті факторлардың әсерін әлсірету.
Жою құралдарының әсері мен қауіпті факторлардың зардаптарын атықтау.
Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының зардаптары мен қауіпті факторлардың әсерін жою.
Бірінші міндеттің шешілуі мына жолдармен жүргізіледі:
Дұшпанның жаппай жою қаруын, аса қуатты қаруды және басқа да қару түрлерін қолдануға дайындалуын дер кезінде анықтау;
Техногенді және табиғи сипаты бар қауіпті факторлар әсерінің қауіп – қатерін болжау;
Халықты жаппай жою қаруының, техногендік және табиғи сипаты бар қауіпті факторлардың әсерінің қаупі жайында ескерту;
Халыққа радиоактивті, химиялық, биологиялық зақымдану мен қауіпті факторлар жайында хабарлау.
Екінші міндеттің орындалуы былайша жүзеге асырылады:
Халықты қорғану құралдарымен және оларды дер кезінде қолданумен қамтамасыз ету;
Түрлі фортификациялық құрылымдарды (баспаналық тез құрылатын қорғаныс құрылымдарын, радиацияға қарсы баспаналарды) қолдану арқылы;
Радиациялық және химиялық қауіпті объектілерді елді мекендерден тыс жерде орналастыру мен белгіленген санитарлық нормаларды қадағалау арқылы;
Қазіргі құрылыстың нормалар мен талаптарға сай сейсмологиялық қауіпі жоғары аудандарда тұрғын үйлер және өндірістік мекемелер салу арқылы.
Жою қарулары мен қауіпті факторлар әсері зардаптарының анықталуын болжамдау, жағдайды бағалау және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, шабуылдың зардаптарының жою және объектілерді қалпына келтіру үшін қажет мәлімет алу мақсатында барлау мен бақылау жүргізу жолымен Азаматтық қорғаныстың барлық күштері мен құралдары апрқылы іске асырылады.
Дұшпан соққыларының қираған зардаптары мен қауіпті факторлар әсерін жою кезінде халықтың қалыпты өмір жағдайларын құру мақсатында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ол мыналарды қамтиды:
Жаппай жою қаруы қолданылған ошақта лектік жолдардың салынуы;
Мемлекеттік басқару органдарының, электршаруашылық объектілерінің, сумен жабдықтаудың, көпірлердің, т.б. жұмыстарын қалпына келтіру;
Жаппай жұқпалы аурулар ошақтары пайда болған жағдайда – құтқарушымен оңашалық – шектеу шаруаларын (карантин, обсервациялық бақылау) жүргізу;
Материалдық қорды толықтыру;
Техника мен ғимараттарды залалсыздандыру жұмысын жүргізу;
Сумен жабдықтау мен тамақтану орындарын ұйымдастыру;
Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар агенттігінің объектілік құрылымдары арқылы халықтың санитарлық өңдеуден өтуін жүргізу.
Азаматтық қорғаныс шараларын жүзеге асыру және құтқарушылық дереу апаттық қалпына келтірушілік жұмыстарын жүзеге асыру үшін шаруашылықтың барлық объектілерінде әскери емес құрылымдар құрылады. Объектілік құрылымдардың саны өндіріс көлеміне, жұмысшылар мен қызметкерлердің санына байланысты.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Жою қарулары мен қауіпті факторлар әсері?
Ұсынылған әдебиеттер.
«Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.
№ 27 тақырып: Педагогикалық практиканы өту және жоспарлау. Тіркеу және есеп беру, курстық жұмыстарды орындау оқыту әдістемесі
Дәріс мақсаты: Жоспарлау, есеп беру, курстық жұмыстарды орындауды үйрету
Қарастырылатын сұрақтар:
Курстық жұмыстардың орындалуы?
Дәріс.
050104 “Бастапқы әскери дайындық ” мамандығы бойынша III – курстың 5 – ші семестрінде Бастапқы әскери дайындық оқыту әдістемесі пәнінен студенттер курстық жұмыс орындауы тиіс. Курстық жұмыста оның жоспары, мақсат – міндеттері, қолданылған әдебиеттер болуы тиіс. Курстық жұмыстың тақырыптары төменде ұсынылған:
Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі бойынша курстық жұмыстардың тақырыптары
Ұрыстағы сарбаздың әрекетін зерттеу әдістемесі.
Барлаудағы сарбаздың әрекетін зерттеу әдістемесі.
Дене дайындығы процесіндегі әскери қызметкерді зерттеу және тәрбиелеу әдістемесі.
Төменгі, калибрлі қарудан атуды үйрету және қойылатын негізгі, талаптар әдістемесі.
Қорғаныс ұрысының мәні және зерттеу әдістемесі.
Төменгі, калибрлі ТОЗ – 8, ТОЗ – 12 винтовкаларының ұрыстық қасиеті және жалпы құрылысын зерттеу әдістемесі.
Калашников қол пулеметінің құрылысы, ерекшеліктерін және неге арналғанын зерттеу әдістемесі.
Ату негіздері және тәртібін зерттеу әдістемесі.
Оқу орнының оқулық табелді қаруларын есепке алу және сақтауды зерттеу әдістемесі.
Автоматтан ату және қол гранатасын лақтыруды зерттеу әдістемесі.
Қару мен және қарусыз қозғалыстағы саптық тәсілдерді зерттеу әдістемесі.
БӘД бойынша сабақ өткізудің негізгі түрлері және әдістерін зерттеу әдістемесі.
Калашников 5,45 мм автоматтың ұрыстық қасиеттерін зерттеу әдістемесі.
Қазіргі жалпы әскери ұрыстық негізгі принциптері және оқу әдістемесі
Автоматтан оқ ату және қол гранаталарын лақтыруды үйрету және тәсілдерді әдістемесі.
Жабық түрдегі құрылымда ұрыс жүргізуді оқыту әдістемесі.
Қазіргі жалпы әскери ұрыс сипатын және түрлерін оқыту әдістемесі.
Картасыз жергілікті жерде бағыт – бағдарды оқыту әдістемесі.
Атмосфералық қысым және оның адам ағзасына әсерін оқыту әдістемесі.
Әскери педагогика және психологияны әскери басшыларға оқыту әдістемесі.
ҚР әскеріндегі қарулану және ұрыс техникаларын оқыту әдістемесі.
ҚР ҚК тәртіптік жарғысын оқыту әдістемесі
Саптық дайындық бойынша сабақты оқыту әдістемесі
Қорғаныстағы сарбаздың әрекетін оқыту және зерттеу әдістемесі
Ұрыс жүргізу барысында бөлімді басқару және оқыту әдістемесі
Барлаудағы мотоатқыштар бөлімін оқыту әдістемесі
ҚР – мектептерінде, оқу орындарында БӘД ұйымдастыру және өткізуді оқыту әдістемесі
Әскери сәлем беру, саптан шығу және бастыққа келуді оқыту әдістемесі
Әскери жетекші қызметіндегі, тұлғаның педагогикалық дайындауды оқыту әдістемесі
Гранатаметтан ату тәсілдерін оқыту әдістемесі
ҚР Қк ішкі қызмет жарғысын оқыту әдістемесі
ҚР ҚК гарнизондық және қарауылдық қызметі жарғысын оқыту әдістемесі
Тактикалық дайындық бойынша сабақ өткізу әдістемесі
Атыстық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «АК – 74 тен ату тәсілдері және тәртібі».
Инженерлік дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «Жарылмайтын бөгеттер».
Атыстық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «ПК, ПКТ – ату тәсілдері және тәртібі».
Атыстық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «Ату негіздері».
Атыстық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «ТҚГ – ату тәсілдері және тәртібі».
Атыстық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі « АП, ПКТ – күту, сақтау».
Атыстық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «Шабуылдағы МАБ ұрыстық мүмкіндіктері».
Тактикалық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «МАВ шабуылда».
Тактикалық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «Бетпе – бет ұрыс».
Тактикалық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «МАВ қозғалыста».
Тактикалық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «МАВ бір орында орналасқанда және қарауылдық қорғауда».
Тактикалық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «Ұрыс ұйымдастыру және ұрыстағы бөлімшені басқару».
Тактикалық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «Бөлімше шабуылда».
Тактикалық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «Бөлімше қорғаныста».
Тактикалық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «Бөлімше маршта».
Тактикалық дайындықтан сабақ өткізу әдістемесі «БТР – дағы МАБ штатты – құрылымдық ұйымдастылуы».
Далалық сабақ өткізу кезінде қауіпсіздік шаралары және өткізу әдістемесі.
Қазіргі ұрыстағы барлаудың рөлі және барлауға қойылатын талаптарды өткізу әдістемесі
Атыстық дайындық бойынша практикалық сабақтар өткізу әдістемесі.
Тасада отырған ЖҰМ мотоатқыштар бөлімі
Қолдың жарықшақты Ф – 1 гранатасының ұрыстық қасиеті және құрылысы.
Шетел армиясы мото жаяу әскер бөлімшесінің қарулануын және әрекет ету тактикасын ұйымдастыру
Атыс қаруының материалдық бөлігін үйрету бойынша сабақ өткізуді ұйымдастыру және әдістемесі
«Қалқан» әскери – спорттық ойынын ұйымдастыру және өткізу.
Әскери жетекшінің сабаққа дайындалуын ұйымдастыру
Мотоатқыштар ротасын ұйымдастыру, қарулануы және ұрыстық техникасы.
Қолдық жарықшақты Ф – 1, РГД – 5, РГО, РГН, гранаталарын лақтыру тәсілдері және тәртібі
Ату тәсілдері мен тәртібі және қозғалымайтын нысананы ату.
Дәрігерлік көмек көрсету тәсіл әдістері
Әскер түрлері және олардың ҚР ҚК орны.
БӘД бойынша тактикалық сабақ. Оқыту әдістемесінің мазмұны
БӘД құрамындағы дене дайындығы, өткізу әдістемесі.
Токсикомания, наркомания және ЖПС оқыту әдістемесі.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Курстық жұмыстардың орындалу тәртібі?
Ұсынылған әдебиеттер.
«Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.
№28 тақырып: III және IV курстарда практика өтудің ерекшеліктері
Дәріс мақсаты: III және IV курстарда практика өтудің маңыздылығын түсіндіру
Қарастырылатын сұрақтар:
Практианың өту мерзімі?
Дәріс.
III – курс практикасының өту мерзімі ақпан – наурыз айларында 6 апта.
IV – курс практикасының өту мерзімі қыркүйек – қазан айларында 6 апта.
Әрбір студент сабақ өткізеді, сабақ жоспарына сай бұған қоса бір сыныптың сынып жетекшісі міндетін атқарып сол сыныптағы бір оқушыға және сыныпқа мінездеме жасайды. Сол мектеп жайлы мағұлмат жинайды. Бастапқы әскери дайындық оқытушысы – ұйымдастырушысы жеке жұмыс жоспарын, апталық жоспарын, сабақ жоспарын жасайды. Сабақтан тыс уақытта әскери спорттық әскери патриоттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып оларға белсене қатысады.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Әрбір студент сабақ өткізуі керек?
Ұсынылған әдебиеттер.
«Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.
№29 тақырып: Кәсіптік практиканы ұйымдастыру, өткізу және басшылық жасау оқыту әдістемесі
Дәріс мақсаты: Кәсіптік практиканы ұйымдастыру, өткізу және басшылық жасау оқыту
Қарастырылатын сұрақтар:
Практиканы ұйымдастыру, өткізу және басшылық жасау?
Дәріс.
Студент жұмысын іс – тәжірибе институты бойынша практика жетекшісі бақылауға алып, практика барысында конференция ұйымдастырып өткізеді. Онда практика мазмұнын, міндеттерін, мақсатын атап өтіп әр бір студентке бекітілген оқу орынға жіберіледі. Әрбір мектепте студентке тура бақылау жасайтын сол мектептің оқушы – ұйымдастырушысы болып табылады.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Осы конференцияда қандай мәліметтер қарастырылып оқу орындарына жіберіледі?
Ұсынылған әдебиеттер.
«Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.
№30 тақырып: Практика мазмұны. Студент жұмысын бақылау және бағалау оқыту әдістемесі
Дәріс мақсаты: Практика мазмұны. Студент жұмысын бақылау және бағалау оқыту
Қарастырылатын сұрақтар:
Практика мазмұны?
Дәріс.
Практика соңында мектептің оқытушы – ұйымдастырушысы студентке мінездеме беріп оған бағасын қояды. Соңында мектеп мүдірі осыны бекітеді, барлық құжаттарды институттың кафедра бойынша оқытушысы бекітеді.
Күнделік
Қоңырау кестесі
Сабақ кестесі
Апталық жоспар
Сабақ жоспары
Сабақтан тыс өткізілетін шаралар
Мінездеме (оқушыға, студентке)
АӘД орталығы туралы мәлімет
Қортынды
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Студент жұмысын бақылау?
Ұсынылған әдебиеттер.
«Алғашқы әскери дайындық» әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жыл.
Тәжірибелік сабақ.
№ 6 тақырып: Сарбаздың әр – түрлі ұрыстағы әрекеті оқыту әдістемесі
Бөлімшеде (танкіде) нақты және үйлесімді әрекеттер жасау үшін әрбір сарбаз ұрыс құжаттарында белгіленген өз міндеттерін білуі тиіс. Бұл кезде оқушылар түсінбейтін терминдерді, мысалы: “дезактивизация”, “дегазация”, ‘дезинфекция” түсіндіріп кетуге тырысыңыздар.
Оқушыларға сарбаздың ұрыстағы қозғалысы мен жаяу ретпен қимылдау кезіндегі тәсілдері туралы айтып беру қажет.
Жаяу ретпен қимылдау кезінде қарсылас бақылауынан жасырын және оның атысынан тыс жер учаскелерінен өту жеделдетілген адым немесе жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Осы тәсілмен сарбаз шабуыл барысында да алған жылжиды.
Мұғалім өзі оқу қаруын (макетін) пайдалана отырып, бауды қолданбай жүріп келе жатып атысты жүргізу немесе дүмді бүйірге қысып, атыста жүргізу тәсілдерін көрсетеді.
Жүгіре өту және жер бауырлай жылжу тәсілдері туралы айтып беріңіздер. Жүгіре өтуде сарбаз ең әуелі алға жылжу жолын және демалу үшін тоқтайтын жасырын таса жерді белгілейді, содан кейін тез тұрып, белгіленген орынға жүгіріп өтеді.

Жер бауырлай еңбектеу, жартылай төрт тағандап немесе бүйірлей жылжуы үшін, сарбаз ең әуелі алға жылжу жолын және демалу үшін тоқтайтынжасырын таса жерді белгілеп алуы тиіс.
Жер бауырлай жылжу тәсілін ең әуелі оқушыларға көрсету керек, ал содан соң қашықтықты (200 м-ге дейін) белгілеп, әрбір оқушы жүгіре ату және жер бауырлай жылжуы арқылы қозғалыс орындайтындайетіп, пәрмен беру қажет. Оқушыларды практикалық дағдыларға үйрету үшін жер бауырлай жылжудың барлық тәсілдерін орындау жөн.
Мұғалім оқушылардың назарын атыс үшін жер мен жағдайды дұрыс таңдауға аңғаруы қажет. Атыс үшін таңдалынып алынған орын керекті бағытта жақсы шолуды және атқылауды, сарбазды қарсылас атысынан және бақылауынан тасалауды, сондай – ақ атыс үшін ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.
Сарбаз атыс және бақылау жүргізу үшін жергілікті заттарды қолдануға икемді болуы қажет.
Шабуыл ұрысы барысында басып алынған шепті ұстап тұру, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалу және басқа жағдайларда сарбазға орлануға тура келеді автоматтан жатып ату үшін жеке оқпана мөлшері, ал автоматтан жатып ату үшін жеке оқпана қазудың реті көрсетілген.
Сарбаз әр түрлі табиғи кедергілерден өтуді шебер меңгеруі тиіс.
Мұғалім бөгеттерден тоқтаусыз ұрыс барысында шабуыл екпінін немесе қозғалыс жылдамдығын төмендетпей және қарсылас күтпеген жерлерде өту өте маңызды екенін ашып көрсете отырып, бөгеттерден өту тәсілдері мен құралдарын атап беруі қажет.
Бұл кезде жоғары қырағылық көрсету қажет, өйткені бөгеттер миналанған болуы немесе қарсыластың оғымен тасалануы мүмкін.
Қазіргі заманғы ұрыста әр түрлі инженерлік бөгеттер, әсіресе миналанған алаңдар мен сымды бөгеттер кеңінен қолданылады.
Қарсылас жарылмайтын бөгеттерді өзінің оғымен тасалап миналайтын оқушылардың естеріне түсіруі қажет.
Инженерлік бөгеттер тауып, олардан өту үшін миналарды бүркенішті ашу белгілері бойынша және қармағыштар мен мина іздеушілер көмегімен табуға болатынын айтып беріңіздер. Сондай – ақ миналы – жарғыш бөгеттердегі өтпелерді кесіп өту жарғыш тәсілмен немесе қолмен, миналы тралмен жабдықталған танкілер арқылы кесіп өту жүзеге асырылады.
Мұғалім оқушылар назарын инженерлік бөгеттерден өту тәсілдерін оқып – үйрену қажеттілігіне аударады.
Ұлы Отан соғысы, Ауғаныстан және басқа шағын аймақтағы соғыстарда қолданылған миналы бөгеттердің шешуші рөл атқарғаны жайлы айтып беруі қажет.
№ 8 тақырып: Мотоатқыштар танкі взводының ұйымдастырылуы мен ұрыс әрекеті оқыту әдістемесі
Орындалатын жауынгерлік міндетке, қарсыластың қимылы мен жергілікті жерге байланысты бөлімшелер жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттерінде әрекет етуі мүмкін.
Жорық реті – бөлімшелерді қозғалыс үшін лек сабына тұрғызу. Ол қозғалыстың жоғарғы жылдамдығын, ұрысқа кіру мен ұрыс реттеріне тез жазылуды, сондай-ақ жеке құрам күшін, машиналар мен техниканы сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
Мотоатқыштар бөлімшесінің, взводының, ротасының жорық реті – лек. Егер мотоатқыштар взводы мен ротасы ЖҰМ-нда, (БТР, автомобильде) қозғалатын болса, онда жорық реті лек түрінде болады. Бұл кезде машиналар командир тағайындаған арақашықтықты сақтай отырып, бірінің артынан бірі жүреді. Жаяу ретте жылжыған кезде мотоатқыштар бөлімшесінің жорық реті бір лек немесе екі лек бойынша, ал взводтың жорық реті – үш лек немесе екі лек бойынша жасалады .
Ұрысқа кіру реті – маңдай шеп пен тереңдікке бөлінген бөлімшенің белгіленген аралық және арақашықтық бойынша сапқа тұруы. Ол бөлімшені ұрыс алаңына шығару, сонымен бірге ұрыс барысында немесе қарсылас қорғанысы тереңдігінде жылжу кезінде қолданылады. Ұрысқа кіру реті бөлімшенің артиллерия атысы мен авиация соққысына мейлінше аз тәуелді болуын, оларды ұрыс ретінде тез екпінінде қол жеткізуді және бөгеттер мен қиратулардан тез өтіп кетуді қамтамасыз етуі тиіс.
Мотоатқыштар бөлімшесі үшін ұрысқа кіру реті болып оның жорық реті – лек саналады; Жаяу ретпен қимылдайтын мотоатқыштар взводы үшін – маңдай шеп пен тереңдікте бір-бірінен 100 м-ге дейін алыстағы бөлімше легі саналады.
Ұрыс реті дегеніміз – ұрыс үшін күшейту құралдарымен бірге бөлімшенің сапқа тұруы. Ол орындалатын міндетке, қарсылас қимылына, бөлімшедегі күш пен құралдардың болуына және жергілікті жер сипатына байланысты құрылады. Барлық жағдайда қарсыласты жою үшін бөлімше күші мен құралдарының бір мезгілде қатысуын, атысты жүргізуді, маневр жасауды, қарсылас атысына мейлінше тәуелді болуды, сондай-ақ жергілікті жерді дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.
Жаяу рет қимылындағы шабуылда мотоатқыштар бөлімі, взводы және ротаның ұрыс реті – тізбек болып табылады. ЖҰМ, (БТР) бұл кезде тасадан тасаға 400 м қашықтықта өз бөлімшесінің соңынан жылжып отырады және оны өз атысымен қолдайды. Мотоатқыштар бөлімі ЖҰМ-нан (БТР) жаяуланудан кейін және лектен тізбекке жазылады. Тізбектегі сарбаздар арасындағы аралық 6-8 м (8-12 адым), бұл бөлімше шабулының маңдай шебін 50 м-ге дейін құрайды. Жаяу ретте взвод бөлімшелер арасында 50 –ге дейінгі аралықтарда 300 м-ге дейінгі майданда шабуылға шығады.
ЖҰМ (БТР) қимылдайтын мотоатқыштар взодының ұрыс реті – машиналар арасындағы аралық 100 м-ге дейін болатын ұрыс желісі. Атқыш-зенитшілер тізбек артынан ЖҰМ (БТР) немесе жаяу ретпен жүріп отырады және әуе нысаналарына атыс жүргізеді.
Қорғаныста мотоатқыш бөлімшесі майдан бойынша 100 м дейінгі бекініске, ал ЖҰМ (БТР) – атыс бекінісіне ие болады, ол алған тапсырма, міндетке байланысты бөлім бекінісінің орталығында, қапталда немесе 50 м артта орналасады. Мотоатқыштар взводының майдан бойынша 400 м-ге дейін және тереңдік бойынша 300 м-ге дейін тірек пункттері орналасады. Ол бөлімше бекінісінен ЖҰМ (БТР) атыс бекінісінен және күшейту құралдарынан тұрады. Бөлімше бекінісі арасындағы аралық 50 м-ге дейін болуы мүмкін, ол көрші бөлімшелердің қапталдай және айқастыра атысымен және тірек пунктерінің тереңдігінен атыс бойынша тасаланады. ЖҰМ (БТР) маңдай шеп пен тереңдікте 200 м дейінгі аралықта орналасады. Взводтың тірек пункттерінде және оның қапталдарында взвод командиріне бағынбайтын танкілер мен танкіге қарсы құралдар бекініске ие болуы мүмкін. Мотоатқыштар ротасы тірек пунктін қорғайды, ол мотоатқыштар взводтарының тірек пунктеріне және танкілер мен танкіге қарсы құралдардың атыс бекінісінен құралады.
№ 10 тақырып: Атыс қаруынан ату тәсілдері мен ережесі және қол гранатасын лақтыру оқыту әдістемесі
Қазіргі уақытта атыс қаруының барлық түрлері бойынша қажетті әдебиет бар, онда басқа сұрақтармен қатар атыс ережелері де баяндалады. Нысанаы кез келген жағдайда алғашқы кезектен (атыстан) жою өнерін меңгеру үшін атыс ережелері мен тәсілдерін білу қажет.
Атыс қаруынан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдерінің және жарықшақты қол гранаттарын лақтырудың теориялық негіздерін оқып – үйретудің мақсаты – оқушылардың практикалық қолдануында бастапқы дағдыларын қалыптастыру.
Әр түрлі қару түрлерінен ату тәсілдері бір – біріне ұқсас болады. Оларды мына жүйелілікпен оқып – үйренген жөн: оқжатарды патрондармен жабдықтау және патрондарды одан алып тастау – қаруды оқтау және оқсыздандыру, атуға оңтайлану, жатып (қолдан, тіреуден), тізерлеп отырып, әр түрлі тасалар артынан, оқпанадан тұрып, жүріп келе жатып, қысқа фялдама жасап атыс жүргізу және тоқтату.
Оқушыларды оқжатарды патрондармен жабдықтауға үйрету кезінде оларды жаттығу, оқсыз және ұрыстық патрондарды ажыратуға және байқау жүргізуге үйрету қажет. Бұл кезде оқушылардан жарамсыз патрондарды қолданбауын және оқжатарды жабдықтауын білуді талап ету керек.
Оқ ушылар оқжатарды дұрыс жабдықтауға үйренген соң, тәсілдерге үйретуге кірісуі қажет.
Ұрыстық қаруының (гранатаның ) жоқ болуы мұғалім мен оқушылардың оқылып жатқан сұрақтарға үстіртін қарауға және сабақта атыс жүргізу ережелері мен жарықшақты қол гранаттарын лақтыру талаптарын сақтамауға себеп болмауы керек.
Оқып – үйрену сапасын бағалау үшін келесі білім деңгейлерін ұсынамыз.
Оқушылар тарау материалын оқып – үйреніп, мыналарды білуі тиіс.
Атыс қаруынан (кіші калибрлі винтовкадан, автоматтан, пулеметтен), гранататқыштан атыс жүргізу және жарықшақты қол гранаттарын лақтыру кезіндегі қауіпсіздік шараларын;
Автоматтан (пулеметтен) атысқа оңтайлануды;
Көздеуішті, автомат (пулемет) дүмін қондыруды, көздеуді, шүріппені басуды;
Атысты тоқтату ретін;
Тіреуден және тасалар артынан ату тәсілдерін;
Әуе нысаналарын ату тәсілдерін;
Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдерін;
Ұрыста бақылау және арақашықтықты анықтауды.
Бұл кезде оқушылар мыналарды істеуі тиіс.
Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу, (атысқа оңтайлану, көздеу және шүріппені босату) тәсілдерін орындауды;
Автоматтан (пулеметтен) атыс жүргізу тәсілдерін орындауды;
Атыс жүргізу үшін жатып, тізерлеп тұрып, тұрып атудың жағдайларын қабылдауды;
Гранатты бір орында тұрып лақтыруды;
Нысанаға дейінгі арақашыұтықты анықтауды (көзбен, дүрбімен, сызғышпен).
№ 12 тақырып: Сапта жүру, сапта жүру тәсілдері мен қозғалысы. Бөлімше мен Взводтың сап түзеуі оқыту әдістемесі
Саптық қалып «САПҚА ТҰР» командасы бойынша қабылданады. Осы команда бойынша жылдам сапқа тұрып, қалыпты жағдайда тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшеп сызығы бойынша, оларды табан еніне қойып түзеу керек; тізені жазу, бірақ тым қатайтпау керек; кеудені шамалы көтеріп, ал денені біршама алға ұстау керек; ішті тарту керек; иықтарды артқа жазу керек; саусақтарды жартылай бүгіп, алақандарды ішке қаратып, екi жанына тиетіндей етіп қолдарды төмен түсіру керек; басты жоғары және тік, иекті алға шығармай ұстау керек; өзінің алдына қарап тұру керек; шұғыл іс-қимылға даяр болу керек.
Орнында «ТІК ТҰР» командасы бойынша саптық қалыпты жылдам қабылдау және қозғалмау керек.
Саптық қалып орнында командасыз да қабылданады: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта, командир (бастық) назар аударған, бұйрық берген және алған, баяндаған, әскери сәлемдесуді орындаған кезде, сондай-ақ командаларды берген кезде.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта взод командирі және одан жоғары бөлімшелер командирлері қолдарын бас киіміне апарады.
«ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша еркін тұрып, оң немесе сол тізені бос ұстау, бірақ орнынан кетпеу, назарды әлсіретпеу және сөйлеспеу керек.
«РЕТТЕЛ» командасы бойынша саптағы өз орнын тастамай, қаруды, киім-кешек пен жабдықты түзеу керек; қажет болған кезде рұқсат алу үшін саптан шығып тікелей бастыққа өтініш жасау керек.
«РЕТТЕЛ» командасы алдында «ЕРКІН ТҰР» командасы беріледі.
Бас киімді шешу үшін «Бас киімді – ШЕШ», ал кию үшін – «Бас киімді – КИ» деген команда беріледі.
Шешілген бас киім кокардасы алға каратылып, сол қолдың шынтағы бүгілген күйде ұсталады
Қарусыз немесе қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң қолмен, ал қарумен «қарубауға», «кеудеге» және «аяққа» күйлерінде сол қолмен шешіледі және киіледі. Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде карабин алдын ала «аяққа» күйіне түсіріледі.
Орнында бұрылулар
Орнында бұрылулар: «Оң-ҒА», «Жарты айналым оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Жарты айналым сол-ҒА», «Артқа БҰРЫЛ» командалары бойынша орындалады.
Артқа, солға, жарты айналым солға бұрылулар сол қол жаққа қарай сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға, жарты айналым оңға бұрылулар – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жасалады.
Бұрылулар екі тәсілмен орындалады:
бірінші тәсіл – дененің дұрыс қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, дененің салмағын салмақ түсетін аяққа түсіру керек;
екінші тәсіл – қысқа жолмен екінші аяқты қою керек.
Қозғалыс
Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.
Адыммен қозғалыс жасау минутына 110-120 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы – 70-80 см.
Сапта жүгіре қозғалыс жасау минутына 165-180 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы – 85-90 см.
Адым саптық және жорықтық болады.
Саптық адым бөлімшелер салтанатты шерумен өткен, олар қозғалыста әскери сәлемдесуді орындаған, командир (бастық) бөлімшеге назар аударған, әскери қызметші командирге (бастыққа) жақындаған және одан алыстаған, әскери қызметші саптан шыққан және сапқа қайтып тұрған кезде, сондай-ақ саптық даярлық бойынша сабақтарда қолданылады.
Жорықтық адым барлық қалған жағдайларда қолданылады. Саптық адыммен қозғалыс жасау «Саптық адыммен – БАС» командасы бойынша басталады.
Жорықтық адыммен қозғалыс «Адым – БАС» командасы бойынша басталады, осы команда бойынша әскери қызметшілер үш саптық адым жасайды, одан кейін жорықтық адымға көшеді.
Алдын ала берілетін команда бойынша дене біршама алға ұсталады, орнықтылықты сақтай отырып, оның салмағын көбіне оң аяққа ауыстыру керек; орындалатын команда бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқты ұшын алға соза отырып, жерден 15-20 см биіктікке көтереді және табанға нық қояды.
Иықтан бастап қолдарымен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға – оларды белдік тоғасынан жоғары алақанның енінде және денеден алақан аралығына көтерілетіндей, ал шынтақ қол білегінің деңгейінде болатындай етіп, шынтақтан бүгу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдардың саусақтары жартылай бүгіліп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.
Саптық адыммен қозғалыс жасау
Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау және оны жерге кәдімгі жүріс кезінде сияқты қою керек; дененің айналасында қолмен еркін қозғалыс жасау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс жасаған уақытта командир (бастық) бөлімшеге назар аударған кезде, сондай-ақ «ТІК ЖҮР» командасы бойынша саптық адымға ауысу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде «ЕРКІН ЖҮР» командасы бойынша жорықтық адыммен жүру керек.
Жүгіре қозғалыс жасау «Жүгіре – БАС» командасы бойынша басталады.
Алдын ала берілетін команда бойынша орнынан қозғалыс жасаған кезде денені алға ұстап, шынтақты біршама артқа жіберіп қолды жартылай бүгу керек; орындалатын команда бойынша жүгіруді сол аяқтан бастау керек, жүгіру жылдамдығы бойынша қолмен артқа және алға еркін қозғалыс жасау керек.
Қозғалыста адым жасаудан жүгіруге ауысу үшін алдын ала берілетін команда бойынша шынтақты біршама артқа жібере отырып, қолды жартылай бүгу керек. Орындалатын команда сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша оң аяқпен бір адым жасау және жүгіре қозғалысты сол аяқтан бастау керек.
Жүгіруден адымға ауысу үшін «Адым – БАС» командасы беріледі. Орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша жүгірумен тағы да екі адым жасау және адыммен қозғалысты сол аяқтан бастау керек.
Орнында тұрып адым жасау «Орныңда адым – БАС» (қозғалыста – «Орныңда») командасы бойынша жасалады.
Осы команда бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен жасалады, бұл ретте аяқты жерден 15-20 сантиметрге көтеру және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек; қолмен адым ырғағына сәйкес қозғалыс жасау керек (4-сурет). Сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін «ТУРА» командасы бойынша оң аяқпен орнында тағы бір адым жасау және қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек. Бұл ретте алғашқы үш адым саптық болу керек.
Қозғалысты тоқтату үшін «ТОҚТА» командасы беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов – Тоқта».
Оң немесе сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін орындалатын команда бойынша тағы бір адым жасау және аяқты жерге қоя отырып, саптық қалыпты қабылдау керек.
Қозғалыста бұрылулар
Қозғалыста бұрылулар мынадай командалар бойынша орындалады: «Оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Артқа бұрыла – БАС».
Оңға (солға) бұрылу үшін орындалатын команда оң (сол) аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша сол (оң) аяқпен бір адым жасап, сол (оң) аяқтың ұшымен бұрылу керек, бұрылумен бір уақытта оң (сол) аяқты алға созу және қозғалысты жаңа бағытта жалғастыру керек.
Артқа бұрылу үшін орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі, осы команда бойынша сол аяқпен тағы бір адым жасап, оң аяқты алға қарай жарты адым шығару және біршама солға, сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрыла отырып, қозғалысты сол аяқпен кері бағытта жалғастыру керек.
Бұрылулар кезінде қолмен қозғалыс адым ырғағымен жасалады.
Жүгіре қозғалыс жасау кезінде оңға және солға бұрылулар адыммен қозғалыс жасау кезіндегі командалар бойынша жүгіру ырғағында екі деп санағанда бір орында бұрылумен орындалады. Жүгіру кезінде артқа бұрылу бір орында жүгіру ырғағымен төрт деп санағанда сол қол жаққа қарай жасалады.
№13 тақырып: Ішкі қызмет жарғысы. Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы. Тәртіп жарғысын оқыту әдістемесі
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ІШКІ ҚЫЗМЕТ ЖАРҒЫСЫ
Осы Жарғы ішкі тәртіптің негізгі ережелерін, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін және олардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негізгі лауазымды адамдардың және тәуліктік наряд адамдарының міндеттерін айқындайды.
Осы Жарғыда көрсетілмеген лауазымды адамдардың міндеттері тиісті нұсқаулықтармен, ережелермен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.
Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,
басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының
ГАРНИЗОНДЫҚ ЖӘНЕ ҚАРАУЫЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖАРҒЫСЫ
Осы Жарғы гарнизондық және қарауылдық қызметтерді ұйымдастыру және өткеру, әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шаралар өткізу тәртібін айқындайды.
Жарғының күші Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының САПТЫҚ ЖАРҒЫСЫ
Осы Жарғы қарусыз және қарумен саптық тәсілдер мен қозғалыстарды; бөлімшелер мен әскери бөлімдердің жаяу тәртіптегі және машиналардағы саптарын; әскери сәлемдесуді орындау, саптық байқау өткізу тәртібін; әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының саптағы жағдайын, оны шығару мен әкету тәртібін; әскери қызметшілердің сапқа тұру алдындағы және саптағы міндеттерін және оларды саптық үйретуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ әскери қызметшілердің ұрыс даласындағы қозғалысы мен қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі іс-әрекетінің тәсілдерін айқындайды.
Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,басқа да әскерлері мен әскери құралымдарыныңТӘРТІПТІК ЖАРҒЫСЫ
Осы Жарғы әскери тәртіптің түсінігі мен мәнін, әскери қызметшілердің оны сақтау жөніндегі міндеттерін, көтермелеу, тәртіптік теріс қылықтар мен тәртіптік жазалар түрлерін, командирлердің (бастықтардың) оларды қолдану жөніндегі құқықтарын, қызметтік тексеру жүргізу, тәртіптік комиссиялардың жұмыс тәртібін, әскери қызметшілерді әскери тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру және оларды қарау тәртібін айқындайды.
Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге қолданылады.
Әскери қызметшілер өздерінің әскери атақтарына, қызметтік жағдайына және сіңірген еңбегіне қарамастан, осы Жарғының талаптарын қатаң басшылыққа алуы тиіс.
№21 тақырып: Жауынгерлердің денсаулығын сақтау, жеке және ұжымдық гигиена оқыту әдістемесі
Әрбір әскери қызметші өзінің денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығы туралы қамқорлық көрсетуі, медицина қызметкерлерінен сырқатын жасырмауы, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтауы, зиянды әдеттерден аулақ болуы тиіс.
Жеке гигиена ережелеріне:
таңертең белуарына дейін салқын сумен шайынуы және тісін тазалауы;
тамақ ішер алдында қолын жууы;
ұйқыға жатар алдында жуынуы, тісін тазалауы және аяғын жууы;
уақтылы қырынуы, шашын және тырнағын алуы;
іш киімі мен төсек-орнын, шұлғауы мен ұйықтарын ауыстырумен апта сайын моншада жуынуы;
киім-кешегін, аяқ киімі мен төсек-орнын таза ұстауы, жаға астарларын уақтылы ауыстыру кіреді.
Әскери қызметшілердің шаш үлгісі, мұрты мен сақалы (егер олар бар болса) ұқыпты болуы, гигиена талаптарына жауап беруі және жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға және жарақтарды алып жүруге бөгет жасамауы тиіс.
Сақал қоюға тек офицерлерге рұқсат етіледі.
Қоғамдық гигиена ережелеріне:
ұйықтайтын үй-жайларда, дәретханаларда және басқа да жалпы пайдаланылатын бөлмелерде тазалық сақтау;
үй-жайларды жиі желдету;
көпшілік орындарда, сондай-ақ әскери бөлім (бөлімше) орналасқан аумақта тазалық сақтау кіреді.
Әскери қызметшілердің жұқпалы ауруларды жұқтырмауын қамтамасыз ету үшін алдын ала егу жұмыстары жүргізіледі. Егулер жоспарлы және індеттік көрсетулер бойынша болуы мүмкін.
Жоспарлы сақтандыру егулері әскери бөлімнің (бөлімшенің) барлық жеке құрамын алдын ала егулердің күнтізбелік жоспарына сәйкес, ал індеттік көрсетулер бойынша аға командирдің (бастықтың) бұйрығымен жүргізіледі.
Індеттік көрсетулер бойынша егулерден әскери қызметшілер тек дәрігерлердің қорытындысы бойынша босатылады.
Егулер туралы белгілер медициналық кітапшаларына және әскери билеттеріне енгізіледі.
Әскери қызметші өзінде немесе онымен бірге бір пәтерде (жатақхана бөлмесінде), сондай-ақ казармада тұратын адамдар арасында жұқпалы аурудың туындағаны туралы медицина қызметкеріне баяндауға және медицина қызметі бастығының қорытындысы бойынша өзінің тікелей командирінің (бастығының) рұқсатымен қызметтік міндеттерін орындауы тиіс.
Әскери бөлімде жұқпалы аурумен сырқаттанушы табылған кезде медицина қызметінің бастығы бұл туралы дереу командирге (бастыққа) және үлкен медицина бастығына баяндайды, сырқаттанғандарды белсенді анықтауды, оқшаулауды және госпитальға жатқызуды, бөлімшелерді залалсыздандыруды, сырқаттанғанмен қарым-қатынаста болған адамдарды қадағалауды жүргізеді және санитарлық-гигиеналық бақылауды күшейтеді.
Қажет болған кезде әскери бөлімде қадағалау режимі немесе карантин енгізіледі, азаматтық тұрғындармен қарым-қатынас тоқтатылады немесе шектеледі, әскери бөлімнің ішінде жеке құрамның жиналысына және мәдени көпшілік іс-шараларына тыйым салынады, қосымша оқшаулағыштар өрістетіледі.
№22 тақырып: Жараққаттану, сүйектер сынуында және күюлер кезіндегі алғашқы көмек оқыту әдістемесі
Негізгі емдеу-алдын алу іс-шаралары әскери қызметшілерді амбулаториялық, стационарлық, санаторлық-курорттық емдеу және диспансерлеу болып табылады.
Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу мақсатында медицина қызметі ұсынатын емдеу-алдын алу іс-шаралары барлық әскери қызметшілер үшін міндетті.
Диспансерлеу үрдісінде:
әскери қызметшілердің денсаулық жағдайына медициналық бақылау;
ауруларды белсенді түрде ерте анықтау;
әскери қызметшілердің қызмет жағдайы мен тұрмысын зерделеу, олардың денсаулығына теріс әсер ететін факторларды анықтау;
алдын алу және емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргізу;
әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізу іс-шаралары жүргізіледі.
Әскери қызметшілердің денсаулық жағдайын медициналық бақылау:
күн сайын жауынгерлік даярлық процесінде және тұрмыста жеке құрамға медициналық бақылау;
әскери қызметшілерді медициналық қарау;
әскери қызметшілерді тереңдетілген және бақылаулық медициналық тексерулер;
әскери қызметшілердің денсаулық жағдайына диспансерлік динамикалық қадағалау жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
Медициналық тексеруге:
әскери бөлімнің (бөлімшенің) барлық жеке құрамы – алдын алу егулерді жүргізу алдында;
мерзімді әскери қызметтің барлық әскери қызметшілері – моншада жуынар алдында;
қарауылдың, кезекші күштердің (ауысымның) жеке құрамы – қарауылға және жауынгерлік кезекшілікке (жауынгерлік қызметке) түсер алдында;
жұмысы қолайсыз факторлардың мүмкін болатын әсерімен байланысты әскери қызметшілер, сондай-ақ диспансерлік динамикалық қадағалаудағы адамдар – олар үшін белгіленген мерзімдерде;
асханаларда, азық-түлік қоймаларында, сумен жабдықтау объектілерінде, наубайханаларда, моншаларда, кір жуу орындарында тұрақты жұмыс істейтін адамдар мен санитарлар – аптасына бір рет;
асхана бойынша нарядқа тағайындалған жеке құрам – тәуліктік нарядты таратқанға дейін;
әскери бөлімге жаңадан келген, сондай-ақ демалыстардан, іссапарлардан және сауығуы бойынша емдеу мекемелерінен келген, басқа әскери бөлімдерге кеткен барлық әскери қызметшілер – әскери бөлімге келген күні, бірақ оларды бөлімшеге жібергенге дейін;
жүргізушілер – рейске шығар алдында;
спорттық жарыстарға қатысушылар – жарыстар алдында алынады.
Одан басқа, аптасына бір рет әскери бөлім командирі белгілеген уақытта бөлімшенің мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің денесін қарау жүргізіледі.
Тереңдетілген медициналық тексерулер:
Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін – жылына екі рет, оқу-жаттығу кезеңі басталар алдында;
офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін – төртінші тоқсанда жүргізіледі; екінші тоқсанда бақылау медициналық тексеру жүргізіледі. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді тереңдетілген медициналық қарауға медициналық мекемелерден дәрігер-мамандар тартылады. Әскери бөлімнің (бөлімшенің) әскери қызметшілерінің денсаулық жағдайын медициналық бақылау жөніндегі іс-шараларды жүргізу уақыты, тәртібі және орны бөлім бойынша бұйрықта жарияланады. Медициналық тексеруді демалыс күндері белгілеуге тыйым салынады. Бөлімшенің жеке құрамын медициналық тексеруде барлық офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатысуға міндетті.
Бөлімшені медициналық тексеруге бөлімше командирі, ал медициналық қарауға рота старшинасы апарады. Олар дәрігерге бағыныстылардың денсаулық жағдайын өздерінің қадағалаулары туралы хабарлауы тиіс.
Бөлімшенің жеке құрамын медициналық тексеру және қарау нәтижелерін дәрігер медициналық кітапшаларға енгізеді. Денсаулық жағдайы бойынша диспансерлік динамикалық қадағалауды қажет ететін әскери қызметшілер есепке алынады және бақылаулық медициналық тексерулерге жиі тартылады. Бөлімшенің (ротаның) командирі жеке құрамды толық медициналық тексеру үшін жауап береді.Қандай да бір себеппен медициналық тексеруде болмаған әскери қызметшілерді бөлімше командирі мүмкіндік болған кезде осы үшін әскери бөлімнің медициналық пунктіне (медициналық ротаға) жібереді.
Әскери бөлімнің жеке құрамын медициналық тексерудің нәтижелері, сондай-ақ қажетті емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргізу жөніндегі ұсыныстарды әскери бөлімнің медицина қызметінің бастығы әскери бөлімнің командиріне баяндайды. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін амбулаториялық қабылдау әскери бөлімнің медициналық пунктінде және гарнизонның әскери-медициналық мекемелерінде әскери бөлім командирі мен гарнизон бастығы белгілеген сағатта жүргізіледі.
Кенеттен сырқаттанған немесе жарақат алған әскери қызметшілер әскери бөлімнің медициналық пунктіне немесе гарнизонның әскери-емдеу мекемесіне тәуліктің кез келген уақытында дереу жіберіледі. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері әскери бөлімнің медициналық пунктіне (медициналық ротаға) рота бойынша кезекшімен ротаның санитарлық нұсқаушысымен немесе бөлімше командирі тағайындаған үлкеннің командасымен жіберіледі. Рота старшинасының қол қойған сырқаттарды жазу кітабы бөлімнің медициналық пункті (медициналық рота) бойынша кезекшіге амбулаториялық қабылдау басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Дәрігер ротаның сырқаттарды жазу кітабына енгізілген барлық әскери қызметшілердің медициналық пунктке (медициналық ротаға) келуін бақылайды. Медициналық пункттен (медициналық ротадан) тыс дәрігерді шақыру және сырқатты қарау жағдайында сырқаттанғандар сырқат сипатына байланысты емделу үшін әскери бөлімнің медициналық пунктіне, бөлімнен тыс емдеу мекемелеріне (госпитальға, ауруханаға) жіберіледі немесе оларға амбулаториялық емдеу тағайындалады. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үй жағдайында емделу үшін қалдырылуы мүмкін. Дәрігер сырқаттарды қарау нәтижелері, көрсетілген медициналық көмектің сипаты және тағайындаулар туралы медициналық кітапшаларға тиісті белгілер жасайды, ал қорытындыны әскери қызметші медициналық қамтамасыз етілуде тұрған әскери бөлімнің медицина қызметі бастығының қорытындысын бекітумен сырқаттарды жазу кітабына тіркейді.
Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері медициналық көмек алғаннан кейін ротаға санитарлық нұсқаушының немесе үлкеннің командасымен қайтып келеді. Команданың үлкені сырқаттарды жазу кітабын рота бойынша кезекшіге береді, ол оны рота командиріне береді. Рота старшинасы сырқаттарды жазу кітабында бар дәрігердің қорытындысы бойынша рота командирінің шешіміне сәйкес қажетті нұсқаулар береді.
Сырқаты бойынша әскери қызмет міндеттерін орындаудан уақытша босату, сабақтар мен жұмыстардан ішінара немесе толық босату туралы қорытындыны анықтама түрінде дәрігер, ал штатында дәрігер көзделмеген әскери бөлімдерде фельдшер кемінде үш күнге береді (Қазақстан Республикасы азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органының бұйрығымен белгіленген тұмаумен жаппай ауыру кезеңінде – алты күнге). Берілген мерзім өткеннен кейін әскери қызметшілер, қажет болған кезде, егер олар осыған мұқтаж болса, қайта медициналық тексеруге жіберілуі тиіс және қайта босатылуы мүмкін.
Алты тәулік өткеннен кейін, емдеуді жалғастыру қажет болған жағдайда сырқат емдеу мекемесіне тексерілуге жіберіледі. Дәрігердің (фельдшердің) әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) орындаудан ішінара немесе толық босату туралы ұсынымдары лауазымды адамдардың міндетті түрде орындауына жатады. Босату туралы құжаттарды ресімдеу дәрігер (фельдшер) емдеу үшін айқындаған уақытты қысқартпауы тиіс.
Әскери қызметші қызметке келе алмаған жағдайда өзінің ауырғаны туралы командирге (бастыққа) кез келген мүмкін болатын тәсілмен хабарлауға міндетті. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқарудан босату туралы және олардың сауыққаннан кейін қызметке шығуы әскери бөлім бойынша бұйрықта жарияланады. Дәрілер қабылдау және басқа да емдеу процедураларын жүргізу үшін амбулаториялық емдеу тағайындаған сырқаттар, сондай-ақ медицина мамандарының кеңесін қажет ететіндер әскери бөлімнің медициналық пунктіне (медициналық ротаға) дәрігер сырқаттарды жазу кітабында (медициналық кітапшасында) көрсеткен күндері және сағатта жіберіледі. Емдәмдік тамақтануды қажет ететін мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін және әскери оқу орындарының курсанттарын тіркеу әскери бөлім командирінің бұйрығымен бөлімнің медицина қызметі бастығының қорытындысы негізінде үш ай мерзімге жүзеге асырылады. Әскери бөлімнің медициналық пункті (медициналық ротаның) лазаретінде сырқаттарды стационарлық емдеу он төрт күн емдеу мерзіміне дейін жүргізіледі.
СОӨЖ тапсырмаларын орындау және өткізу кестесі
5-ші семестр
№
|
Тақырып
|
Пәннің мақсаты да мазмұны
|
Ұсыналатын әдебиеттер негізгі қосымша
|
Ұпай
|
Жұмысты тапсыру мерзімі
|
Бақылау формасы
|
1
|
Бастапқы әскери дайындықтың оқу – материалдық базасы орта оқу орындарындағы материалдық техникалық қамтамасыздықты оқыту әдістемесі
|
Орта оқу орындарында БӘД оқу – материалдық базаларын үйрету
|
[1,2,4,9,10,11]/
[1,2,4,5]
|
1
|
1апта
|
Жазбаша
|
2
|
Орта оқу орындарында бескүндік дала жиындарын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу оқыту әдістемесі
|
Бес күндік оқу дала жиындарын өткізу және ұйымдастыру құжаттарын дайындау
|
[1,2,4,9,10,11]/
[1,2,4,5]
|
1
|
2апта
|
Баяндама
|
3
|
Сарбаздың әр – түрлі ұрыстағы әрекетін оқыту әдістемесі
|
Сарбаздың ұрыстағы іс – әрекетін үйрету
|
[1,2,4,9,10,11]/
[1,2,4,5]
|
1
|
3апта
|
Тәжірибелік
|
4
|
Ату негіздерін оқыту әдістері
|
Ішкі және сыртқы балистикаға мағұлмат беру ату кезеңінің траектория элементтерімен сызбасымен танысу
|
[1,2,4,9,10,11]/
[1,2,4,5]
|
1
|
4апта
|
Сызба
|
5
|
Атқыш қару, қол гранатының құрылысы олардың күтімі мен сақталуын оқыту әдістемесі
|
Атқыш қаруын, және гранат құрылысын күтіу және сақтауын түсіндіру
|
[1,2,4,9,10,11]/
[1,2,4,5]
|
1
|
5апта
|
Жазбаша
|
6
|
Жаяу әскерге және танкіге қарсы миналар. Мина – жарылғыш бөгеттер. Инженерлік құрылысын оқыту әдістемесі
|
Жаяу әскерге танкігке қарсы миналар туралы мәлімет беру
|
[1,2,4,9,10,11]/
[1,2,4,5]
|
1
|
6апта
|
Баяндама
|
7
|
Ұрысты инженерлік қамтамасыз ету оқыту әдістемесі
|
Мина жарылғыш бөгеттерді барлау шабуыл мен қорғанысты инженерлік қамтамасыз етуді оқыту әдістемесі
|
[1,2,4,9,10,11]/
[1,2,4,5]
|
1
|
7апта
|
Реферат
|
8
|
Жергілікті жерді бағдарлау оқыту әдістемесі
|
Азимут бойынша қозғалу матшрутын анықтау
|
[1,2,4,9,10,11]/
[1,2,4,5]
|
1
|
8апта
|
Сызба
|
9
|
Жаяу әскердің ұрыс машинасын оқыту әдістемесі
|
ЖҰМ туралы жалпы түсінік беру
|
[1,2,3,5,6,7,8]/
[1,2]
|
1
|
9апта
|
Ауызша
|
10
|
Жауынгерлердің денсаулығын сақтау, жеке және ұжымдық гигиенасын оқыту әдістемесі
|
Жеке құрам денсаулығын сақтау командирдің міндеттерін білу
|
[1,2,3,5,6,7,8]/
[1,2]
|
1
|
10апта
|
Жазбаша
|
11
|
Педагогикалық практиканы өту және жоспарлау. Тіркеу және есеп беру, курстық жұмыстарды орындау оқыту әдістемесі
|
Жоспарлау, есеп беру, курстық жұмыстарды орындауды үйрету
|
[1,2,4,9,10,11]/
[1,2,4,5]
|
1
|
11апта
|
Реферат
|
СОӨЖ тапсырмасын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
№1 Бастапқы әскери дайындықтың оқу – материалдық базасы орта оқу орындарындағы материалдық техникалық қамтамасыздықты оқыту әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Орта оқу орындарында БӘД оқу – материалдық базаларын үйрету
Сұрақтар: Оқу материалдық базаны оқыту?
Есеп беру түрі: Жазбаша
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жылғы кітабының 3-4 беттерінен оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер;
Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж
Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл
№ 2 Орта оқу орындарында бескүндік дала жиындарын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу оқыту әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Бес күндік оқу дала жиындарын өткізу және ұйымдастыру құжаттарын дайындау
Сұрақтар: Бес күндік оқу дала жиындарын өткізу?
Есеп беру түрі: Баяндама
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жылғы кітабының 5-6 беттерінен оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер;
Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж
Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл
№ 3. Сарбаздың әр – түрлі ұрыстағы әрекетін оқыту әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Сарбаздың ұрыстағы іс – әрекетін үйрету
Сұрақтар: Сарбаздың ұрыстағы іс – әрекеті?
Есеп беру түрі: Тәжірибелік
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жылғы кітабының 7-9 беттерінен оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер;
Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж
Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл
№ 4 Ату негіздерін оқыту әдістері
Сабақтың мақсаты: Ішкі және сыртқы балистикаға мағұлмат беру ату кезеңінің траектория элементтерімен сызбасымен танысу
Сұрақтар: Ату туралы толық мәлімет?
Есеп беру түрі: Сызба
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жылғы кітабының 10-11 беттерінен оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер;
Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж
Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл
№ 5. Атқыш қару, қол гранатының құрылысы олардың күтімі мен сақталуын оқыту әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Атқыш қаруын, және гранат құрылысын күтіу және сақтауын түсіндіру
Сұрақтар: Атқыш қаруынан атыс жүргізу?
Есеп беру түрі: Жазбаша
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жылғы кітабының 12-14 беттерінен оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер;
Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж
Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл
№ 6. Жаяу әскерге және танкіге қарсы миналар. Мина – жарылғыш бөгеттер. Инженерлік құрылысын оқыту әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Жаяу әскерге танкігке қарсы миналар туралы мәлімет беру
Сұрақтар: Жаяу әскерге қарсы миналар?
Есеп беру түрі: Баяндама
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жылғы кітабының 15-17 беттерінен оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер;
Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж
Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл
№ 7. Ұрысты инженерлік қамтамасыз ету оқыту әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Мина жарылғыш бөгеттерді барлау шабуыл мен қорғанысты инженерлік қамтамасыз етуді оқыту әдістемесі
Сұрақтар: Мина жарылғыш бөгеттерді барлау?
Есеп беру түрі: Реферат
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жылғы кітабының 18-20 беттерінен оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер;
Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж
Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл
№ 8. Жергілікті жерді бағдарлау оқыту әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Азимут бойынша қозғалу матшрутын анықтау
Сұрақтар: Жергілікті жерді картасыз қалай бағдарлайды?
Есеп беру түрі: Сызба
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жылғы кітабының 21-23 беттерінен оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер;
Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж
Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл
№ 9. Жаяу әскердің ұрыс машинасын оқыту әдістемесі
Сабақтың мақсаты: ЖҰМ туралы жалпы түсінік беру
Сұрақтар: ЖҰМ туралы жалпы түсінік?
Есеп беру түрі: Ауызша
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жылғы кітабының 24-25 беттерінен оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер;
Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж
Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл
№ 10 . Жауынгерлердің денсаулығын сақтау, жеке және ұжымдық гигиенасын оқыту әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Жеке құрам денсаулығын сақтау командирдің міндеттерін білу
Сұрақтар: Жауынгерлердің денсаулығын сақтау тәсілі?
Есеп беру түрі: Жазбаша
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жылғы кітабының 26-28 беттерінен оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер;
Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж
Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл
№ 11. Педагогикалық практиканы өту және жоспарлау. Тіркеу және есеп беру, курстық жұмыстарды орындау оқыту әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Жоспарлау, есеп беру, курстық жұмыстарды орындауды үйрету
Сұрақтар: Практиканы өтудің маңыздылығы?
Есеп беру түрі: Реферат
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СОӨЖ тапсырмаларын орындау Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жылғы кітабының 29-31 беттерінен оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер;
Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж
Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл
СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
5-ші семестр
№
|
Тақырып
|
Пәннің мақсаты мен мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиеттер негізгі/
қосымша
|
Ұп-ай
|
Жұмысты тапсыру мерзімі
|
Бақылау формасы
|
1
|
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері және Қазақстан Республикасы қорғаныс туралы Заңы, Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері Қазақстан Республикасын жаңа әскери доктринасы. Оқу орындарындағы Алғашқы әскери дайындықты ұйымдастыру және өткізу. Алғашқы әскери дайындықты жоспарлауын оқыту әдістемесі
|
Жазбаша есеп дайындау
|
[1,2,4,5,8,10]/
[1,2]
|
6
|
2 апта
|
Жазбаша
|
2
|
Орта мектепте әскери кабинетті жабдықтау. Орта оқу орындарында Бастапқы әскери дайындық оқу – материалдық базаларының элементтерін оқыту әдістемесі
|
БӘД оқу – материалдық базаға қойылатын талаптармен танысу
|
[1,2,4]/[1,2]
|
6
|
3 апта
|
Сызба
|
3
|
Бөлімшенің шабуылда , қорғанысты, басқа ұрыс жағдайында тактикалық дайындау әрекетін үйрету әдістемесі
|
Мотоатқыш тірек пунктінің сызбасын әзірлеу
|
[1,2,3,4,5,6,7]
/[1,2]
|
6
|
5 апта
|
Сызба
|
4
|
Автоматты бөлшектеу және жинақтауды оқыту әдістемесі
|
Автоматты бөлшектеу, жинақтауға үйрету
|
[1,2,4]/[1,2]
|
6
|
6 апта
|
Тәжірибелік
|
5
|
Оқушыларды қарумен және қарусыз сап тәсілдері мен қозғалыстарын дұрыс орындауды, әскери сәлемдесу, саптан шығу мен әскери сәлемдесуді бір орында және қозғалыста беруді оқыту әдістемесі
|
Оқушыларды саптық тәсілдерге үйрету, бейімдеу, жетілдіру
|
[1,2,3,4,5,6,7]
/[1,2]
|
6
|
7 апта
|
Тәжірибелік
|
6
|
Бөлімше мен взвод құрамында сапта жүру тәсілдерін дұрыс орындауға оқыту әдістемесі
|
Оқушыларды бөлімше және взвод құрамында сапта жүру тәсілдеріне үйрету
|
[1,2,3,4,5,6,7]
|
6
|
8 апта
|
Тәжірибелік
|
7
|
Ротаның тәуліктік нарядын оқыту әдістемесі
|
Ротаның тәуліктік нарядымен танысу
|
[1,2,4]/[1,2]
|
6
|
9 апта
|
Жазбаша
|
8
|
Инженерлік бөгеттер, миналанған алаңдар, фортификациялық құрылымдарды оқыту әдістемесі
|
Инженерлік бөгеттермен миналармен фортификациялық құрылымдармен танысу
|
[1,2,4,5,8,10]/
[1,2]
|
6
|
10 апта
|
Реферат
|
9
|
Жергілікті жерді карта бойынша бағдарлау, карта бойынша өзініңорналасу жерін анықтауды оқыту әдістемесі
|
Жергілікті жерді карта бойынша жұмыс істеуге үйрету
|
[1,2,4]/[1,2]
|
6
|
11 апта
|
Карта бойынша географиялық координаттарды анықтау және географиялық координат бойынша картаға нүкте енгізу үлгісі
|
10
|
Қан кету түрлері, оларға жгут салу, бұрап тарту және саусақпен басып тоқтату әдістері
|
Қан кету, оларға жгут салу, саусақпен басып тоқтату тәсілдерін үйрету
|
[1,2,4,5,8,10]/
[1,2]
|
6
|
12 апта
|
Баяндама
|
11
|
III және IV курстарда практика өтудің ерекшеліктері, кәсіптік практиканы ұйымдастыру, өткізу және басшылық жасауды оқыту әдістемесі
|
III және IV курстарда практика өтудің маңыздылығын түсіндіру
|
[1,2,4]/[1,2]
|
6
|
13 апта
|
Іс – тәжірибе күнделігін дайындау
|
СӨЖ тапсырмасын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
№ 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері және Қазақстан Республикасы қорғаныс туралы Заңы, Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері Қазақстан Республикасын жаңа әскери доктринасы. Оқу орындарындағы Алғашқы әскери дайындықты ұйымдастыру және өткізу. Алғашқы әскери дайындықты жоспарлауын оқыту әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Жазбаша есеп беру
Сұрақтар: Қазақстан Республикасының Конституциясы? Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері және Қазақстан Республикасы қорғаныс туралы Заңы?
Есеп беру түрі: Жазбаша
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жылғы кітабының 3-4 беттерінен оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер;
Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж
Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл
№ 2. Орта мектепте әскери кабинетті жабдықтау. Орта оқу орындарында Бастапқы әскери дайындық оқу – материалдық базаларының элементтерін оқыту әдістемесі
Сабақтың мақсаты: БӘД оқу – материалдық базаға қойылатын талаптармен танысу
Сұрақтар: БӘД оқу – материалдық базаға қойылатын талаптары?
Есеп беру түрі: Сызба
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жылғы кітабының 9-13 беттерінен оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер;
Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж
Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл
№ 3 Бөлімшенің шабуылда , қорғанысты, басқа ұрыс жағдайында тактикалық дайындау әрекетін үйрету әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Мотоатқыш тірек пунктінің сызбасын әзірлеу
Сұрақтар: Бөлімшенің шабуылда , қорғанысты, ұрыстағы жағдайы?
Есеп беру түрі: Сызба
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жылғы кітабының 5-9 беттерінен оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер;
Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж
Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл
№ 4 Автоматты бөлшектеу және жинақтауды оқыту әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Автоматты бөлшектеу, жинақтауға үйрету
Сұрақтар: Автоматты бөлшектеу жинақтауды
Есеп беру түрі: Тәжірибелік
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жылғы кітабының 8-11 беттерінен оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер;
Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж
Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл
№ 5. Оқушыларды қарумен және қарусыз сап тәсілдері мен қозғалыстарын дұрыс орындауды, әскери сәлемдесу, саптан шығу мен әскери сәлемдесуді бір орында және қозғалыста беруді оқыту әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды саптық тәсілдерге үйрету, бейімдеу, жетілдіру
Сұрақтар: Қарумен саптық қозғалыстар жасау?
Есеп беру түрі: Тәжірибелік
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жылғы кітабының 12-15 беттерінен оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер;
Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж
Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл
№ 6. Бөлімше мен взвод құрамында сапта жүру тәсілдерін дұрыс орындауға оқыту әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бөлімше және взвод құрамында сапта жүру тәсілдеріне үйрету
Сұрақтар: Бөлімше мен взвод құрамында сапта жүру?
Есеп беру түрі: Тәжірибелік
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Жалпы бұл тақырып бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындау Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 жылғы кітабының 16-18 беттерінен оқуға болады.
Ұсынылған әдебиеттер;
Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау Алматы мектеп 2003 ж
Бағдарлама – алғашқы әскери дайындық орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған. Алматы 2006 жыл
Алғашқы әскери дайындық 10 – 11 сынып. Алматы 2007 жыл
№ 7. Ротаның тәуліктік нарядын оқыту әдістемесі
Достарыңызбен бөлісу: |