Ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквадақыл өнімдерін (балық шаруашылығын) өткізу бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметіне жинау, дайындау, сақтау, сұрыптау, кептіру, шикізатты жаңа және (немесе) өңделген түрінде сату, сондай-ақ кооператив мүшелері және (немесе) ауыл шаруашылығы кооперативі өздері шыға- ратын ауыл шаруашылығы өнімдері, аквадақыл өнімдері (балық шаруашылығы), маркетингілік қызмет пен тасымалдау қызметтері жатады.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өндіріс құралдарымен және мате- риалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау бойынша қызметі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі кооператив мүшелерін жа- нар-жағармай материалдары, тұқым, тыңайтқыштар, гербицидтер, пестицидтер (улы химикаттар), ветеринарлық құралдар, жемшөп, ауыл шаруашылығы техни- касы және технологиялық жабдықтар, қосалқы бөлшектер, құрылыс және басқа да құрылыс техникалары сияқты қажетті өндіріс құралдарымен және материал- дық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуге бағытталған.