Кейбір екпе өсімдіктердің өсу температурасы
Өсімдік түрі
|
Миним °C
|
Оптим °C
|
Өсімдік түрі
|
Миним °C
|
Оптим °C
|
Қарабидай
|
1-2
|
25-30
|
Арпа
|
2-4
|
20-25
|
Бұршақ тұқымдастар
|
2-3
|
20-25
|
Сұлы
|
3-5
|
25-30
|
Рапс
|
2-3
|
20-30
|
Тамырлы жеміс
|
6-8
|
20-25
|
Қызылбас беде
|
2-3
|
31-37
|
Жүгері
|
8-10
|
32-35
|
Бидай
|
2-4
|
15-30
|
Қияр
|
16-19
|
31-37
|
Егістікке күтім жасау және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясы. Фитосанитарлық нормалар. Зиянкестермен күрес
Азық-түлік өнімдерін алу үшін әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдары қажет екендігі белгілі. Солардың ішіндегі маңыздыларының бірі – майлы дақылдар.
Қазақстанда майлы дақылдарды өсіруге өңірлердің маманданып жатқаны анық байқалады. Майлы дақылдың негізгі бөлігі Солтүстік Қазақстанда өсіріледі. Күнбағыс пен рапс солтүстік-шығыс аймақта, зығыр Қазақстанның солтүстігі мен батысында, ал соя оңтүстікте өсіріледі.
Майлы дақылдарды өсірудің артықшылықтары:
Азық-түлікке пайдаланылатын майлы дақылдарға жоғары сұраныс сақталады;
Қазақстанның табиғи жағдайы негізгі дақыл – бидай дақылына кереғар кел- мейтін, нарықта сұранысқа ие рапс, соя, күнбағыс, шашақты зығыр секілді және т.б. майлы дақылдардың әр алуан түрлерін өсіруге мүмкіндік береді;
Күнбағыстан басқа майлы дақылдар дәнді дақылдарға жақсы алдыңғы егіс дақылы бола алады;
Өсімдік майын өндірушілер үшін шикізатқа жоғары баға сақталған, бұл майлы дәндерді өсіру мол табыс көзі екенін көрсетіп, инвесторларға оң белгі береді;
Қазақстанның материктік орналасуы себебінен сыртқы жеткізушілерге қа- рағанда жергілікті өндірушілер шашақты зығыр, рапс және т.б. аз тасымалданатын майлы дақылдарды өндіру ісінде бәсекелестікке ие болып табылады.
Қазақстандықтар барлық өсімдік майының ішінен күнбағыс майын артық көреді, 95,4% тұтынушылар күнбағыс майын сатып алады. Отандастарымыз зәйтүн майы мен соя майын аз пайдаланады. Бұл майдың түрлерін тұтынушылардың саны өте аз, шамамен 1-5%.
Достарыңызбен бөлісу: |