Жылыжайдажәнепарниктекөшеттердіөсіруашық жерде қолайлы ауа райы болғанға дейін басталады. Жылыжайда қызанақ пен қияр өсіру үшін тек көшет әдісі қолданылады.
Көшеттерді жеке мақсатта пайдалану және сату үшін өсіруге болады. Көпте- ген бағбандар көшеттерді сатып алады, сондықтан мұндай көшет бизнесі ауылдық жерлерде үлкен коммерциялық құндылыққа ие.
Егер көшетті өз қажетіңізге ғана өсірсеңіз, алдын ала санын анықтап алу ке- рек. Төменде ашық топырақтың 10м2 ауданына қанша көшет отырғызуға болатыны келтірілген:
ерте пісетін және гүлді қырыққабат – 50 дана;
қалыпты (орташа мерзімде) пісетін қырыққабат – 40 дана;
кеш пісетін қырыққабат – 20 дана;
баклажан – 40…50 дана;
бұрыш 60…70 дана;
кәді мен патиссон (самсар) – 12 дана;
биік өсетін помидор – 20 дана;
төмен өсетін помидор – 40…50 дана.
Сондай-ақ 10…15% шамасында артық алу қажет. Көшет мұқият күтімді қажет етеді.