Қияр дақылын күтіп-баптау шаралары атқарыла береді (ылғалдылықты сақтау, гүлдерді тозаңдандыру, ауа, көмірқышқыл газымен байытылады, қо- сымша қоректендіру).
Қияр өнімі жиналады.
Жылыжайда қызанақ тұрақты жайына отырғызылады.
Айдың ортасына қарай шалғам, аскөк, орамжапырақ салатын, пияз көшетін, көк пияз отырғызылады.
Қияр ұрығы көшетке себіледі.
Айдың соңына қарай орамжапырақтың кеш пісетін сұрыптары көшет дайын- дау мақсатында егіледі.
Жылыжай жабдықталып, биожылыту орнатылады.
Органикалық тыңайтқыштар тасылады.
Сәуірде
Сәбіз, ақжелкен, балдыркөк дақылдарын егуге тұқымдары дайындалады.
Картопты баптау басталады.
Қияр дақылын күтіп баптау шараларын жүргізу жалғасады (ылғалдылығын сақтау, гүлдерін тозаңдаңдыру, ауаны көміртегімен байыту, өсімдіктерді қо- ректендіру)
Қияр өнімі жиналады
Жылыжайдағы өскен басқа өсімдіктерге де күтіп-баптау шаралары жалғасты- рылады.
Жылыжайдағы қияр көшеттері ашық топыраққа шығарылып отырғызылады.
Ашық жердегі топырақтың ылғалдылығын сақтау мақсатында қопсытылады.
Ашық топыраққа тыңайтқыш себіледі.
Ашық топыраққа бұршақ, үрме бұршақ, ақжелкен, шалғам, салат, пияз, сәбіз егіледі.
Айдың соңында ерте жетілетін және гүлді қырыққабаттың көшеті отырғызы- лады.
Мамырда
Қияр мен қызанақ күтіп-баптау шаралары (қоректендіру, желдету, байлау, сире- ту) жалғастырылады.
Барлық бос жүйектерде пияз, шалғам, салат жапырағы өсіріледі.
Ерте пісіп-жетілген дақылдар жиналады.
Жылу берілмейтін парник бөліктеріндегі қияр көшеттерін отырғызу аяқта- лады.
Ерте өсіп-жетілетін қызанақ көшеттерін қайта отырғызу аяқталады.
Ашық топырақта егістік алқаптарда жауған жаңбырдан немесе суарудан пай- да болған қабыршықтардан арылту шаралары жүргізіледі.
Картоп, қырыққабат көшеті қайта отырғызылады.
Сәбіз, ақжелкен, қызылша, бұршақ, үрме бұршақ, пияз дақылдары себіледі.
Айдың екінші жартысында кәді, қабақ, асқабақ көшеттері отырғызылады.
Ашық топырақта қияр егіледі.
Егістік жерлер суарылады.
Тыңайтқыш себіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |