Адай жылқысы
Адай жылқысы – Қазақстанның батыс облыстарында өсіріледі. Таза қанды ағылшын, желісті Орлов жылқысы және Дон жылқысының қаны араласқан. Үй- ірімен жүреді, ыстыққа төзімді. Биіктігі 140 см-ге дейін жетеді. Мініске шыдамды, желігіштік және бірқатарының теңбіл көк түсті болып келуі араб тұқымды жылқы- ларға ұқсастығын, ал қарабайыр, қазанат – жүрдектігі жағынан Түркімен жылқысы
– Ахалтекенің белгілері бар екенін көрсетеді. Суық пен ыстыққа төзімді, қысы-жа- зы жайылымда жүріп, күтім талғамайды. Адай жылқысының мойны қысқа омырауы кең, арқасы түзу, сауыры солыңқы, жуан жіліншігі етсіз, мықты құйма тұяқты болып келеді. Шоқтығының биіктігі – 140,3 см, тұрқы – 142,7 см, кеуде орамы 163,3 см, жіліншіктің орамы 17,6 см. Еті жоғары сапалы, ет түсімі – 52-58%. Тәулігіне орта есеппен 8-11 л сүт сауылады. Жүйріктері ұзаққа шабады, 40-50 км-ге шаршамай еркін жетеді. Адай жылқысы Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында өсіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |