Бағдарламасы «бастау бизнес»


Таза ақшалай қаражат ағыны



бет313/316
Дата08.02.2022
өлшемі6,17 Mb.
#122796
түріБағдарламасы
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   316
Байланысты:
edu kk - копия

Таза ақшалай қаражат ағыны – (басқа атауы таза кіріс, ТК, Net Value, NV) капи- талдың кірісі және шығысымен (яғни, меншікті капитал мен қарыз қаражатын есепке алмастан) байланысты төлемдерді қоспағанда, жобаның барлық төлем- дердің сомасы ретінде есептеледі.
Тікелей шығындар – өзіндік құнға енгізілуі мүмкін белгілі бір өнім түрін өндіруге байланысты шығындар. Оларға мыналар жатады: шикізат пен негізгі материал- дардың құны; сатып алынатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттардың баға- сы; отын мен электр энергиясына кететін шығындар; қызметкерлердің жалақы- сы; жабдықтың құнсыздануы.
Хабарлама – рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган неме- се Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен нысан бойынша өтiнiш берушi жасаған, қызметтiң немесе әрекеттiң жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпарат беретiн құжат.
ШОБ-ты мемлекеттік қолдау шаралары – әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту әрі көтеру мен өмір сүру деңгейін жақсарту үшін кәсіпкерлік қызметті құру және дамытуда халыққа көмек.
b2b нарығы (business to business – бизнес үшін бизнес): корпоративті сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қарым-қатынас – жаппай сатып алушы ком- паниялармен, өндірістік кәсіпорындармен, корпоративті клиенттерге арналған қызметтер.
b2c нарығы (business to customer – сатып алушы үшін бизнес): сатушылар мен түпкі тұтынушы арасындағы қарым-қатынас;
Cash Flow – ақша қаражатының қозғалысын болжау.
SMM (Social Media Marketing) – әлеуметтік желілер клиенттері мен сату үшін құрал.
SMART – мақсатты тұжырымдау процесінде мақсаттарды нақты анықтау критерийі.
SWOT-талдау – бұл компанияға немесе жобаға әсер ететін жағдайлар мен фактор- ларды бағалау үшін қолданылатын стратегиялық талдау мен жоспарлау құралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет