Нарық сегменті – алға қойылған ұсынысқа бірдей жауап қатуы мүмкін деп күтілетін шынайы немесе әлеуетті тұтынушылар тобы.
Сегментация – тұтынушылардың қандай да бір тауарға/қызметке реакциясын зерттеп-білу және нарықтың мақсаттық сегменттерін таңдау мақсатында нарықты ұқсас сипаттамаларға ие сатып алушылар топтарына бөлу.
Сегментация әртүрлі болады: географиялық өңір – облыс, аудан, қала көлемі, тығыздық, демографиялық – жас, жыныс, отбасы мөлшері, отбасының өмірлік сүру циклы, айналысатын ісі, кіріс деңгейі, білімі, ұлты, наным-сенімі, тауарға қатысты сегментация – сатып алушылар топтарын олардың білімі, пайдаланушылар ретін- дегі біліктілігі және олардың тауарға реакциялары негізінде топтарға бөлу, тұтыну стиліне қарай сегментация – алға жылжытылатын тауарға деген қажеттілікті өте жақсы болжауға мүмкіндік беретін байланысты тауарларды тұтыну туралы дерек- тер негізінде сатып алушылар топтарын бөлу және/немесе промоакцияларға жау- ап қату, нарықаралық сегментация –географиялық шекаралар шегінен тыс шыға- тын көптеген сипаттамалары бойынша ұқсас тұтынушыларды анықтау.
Сөйтіп географиялық сегментацияны жүргіздік делік. Әзірше бизнесіміз туған ауыл көлемінде дамымақшы. Сегментация мынадай деректер алуға мүмкіндік берді:
әлеуетті өткізу нарығы – өніміңізді сатып ала алатын 2500 үй;
дүкендер мен универсамдар (ауылыңызда бар-жоғы 16 дүкен, олар бұрын- нан 3 наубайханамен және қаладағы бір нан зауытымен бірлесіп жұмыс істеуде);
4 балабақша (олардың бірі жекеменшік), олар да нанды дүкеннен немесе наубайханадан сатып алады, онда шамамен мектепке дейінгі жастағы 800 бала тәрбиеленеді және 50 шақты мекеме қызметкері бар;
4 жалпы білім беретін мектеп, онда шамамен 2 200 оқушы білім алады;
күндізгі стационары бар 1 ауылдық аурухана (шамамен 70 адам);
1 өрт сөндіру бөлімінің бөлімшесі (2 топта шамамен 20 адам);
«Қазпошта» АҚ 1 бөлімшесі;
2 банк бөлімшесі (Халық Банк және КазкоммерцБанк);
1 мәдениет үйі және іс-шаралар өткізілетін 1 зал (50 адам);
2 әкімдік (ауылдық және аудандық) – 100 адам;
үйлену тойлары мен салтанатты шараларды өткізуге арналған 2 тойхана;
басқа да инфрақұрылым.
Қорытынды: мақсатты аудитория – нан-тоқаш өнімдерін әлеуетті тұтынушы 10 000 адам.