Бағдарламасы «бастау бизнес»



бет130/316
Дата08.02.2022
өлшемі6,17 Mb.
#122796
түріБағдарламасы
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   316
Байланысты:
edu kk - копия

Топырақтан қоректену


Көкөніс дақылдары көмірсуларға бай және калийді көп мөлшерде қажет етеді, алайда олар ең бірінші кезекте азотты тыңайтқыштарға мұқтаж, себебі топырақ, әсіресе, оның балшықты түрлері азотқа қарағанда калиймен жақсы қамтамасыз етілген болып келеді. Ерте пісетін сұрыптар кеш пісетіндеріне қарағанда азотқа анағұрлым мұқтаж. Қоректік заттарды аз сіңіретін дақылдар топырақтың құнар- лылығын басқаларына қарағанда көбірек талап етеді.
Құнарлы заттарды сіңіру өсімдік өсіп дамыған сайын артады, дегенмен масса бірлігіне шаққанда жас өсімдіктер ересектеріне қарағанда қоректік заттарды 2-3 есе артық тұтынады. Қияр мен қызанақтың ерте жеміс беруі көп ретте өскіндердің пайда болуы кезеңінде өсімдіктің фосформен қамтамасыз етілуіне байланысты. Орамжапырақ тұқымдастар және көкөніс дақылдарының өсіп-жетілу кезеңінің басында азотты, ал қабаттарының қалыптасуы кезінде фосфорлы-калийлі тыңайт- қыштарды қажетсінеді. Жемісті көкөністі өсімдіктер қарқынды өсу, әсіресе, тамыр жүйесінің жақсы дамуы үшін тұқымдары өне бастаған кезде көп мөлшерде фос- формен, ал түйіндері пайда болған кезден бастап азотты-калиймен қоректенуді қажет етеді.
Белгілі бір қоректік заттың жетіспеушілігі өсімдіктердің сыртқы түрінен көрінеді. Азот жетіспесе, жапырақтардың түсі, алдымен, солғын жасыл болып, кейін сарғаяды. Сонымен қатар бұл кезде өсімдіктердің өсуі тіптен баяулайды. Фосфор жетіспеген жағдайда жапырақтар күлгін-қызыл түске боялады. Мұндай түске қызанақтың жа- пырақтарының асты боялады. Калий жетіспесе, жапырақтардың шеті күйген тәрізді қоңыр түске боялады, жапырақтарда қоңырқай дақ ауруы пайда болады. Калий- дің тапшылығы жапырақтардың солғын тартып, әлсізденуіне әкеледі. Қызанақтың төменгі жапырақтары өзекше араларында сарғаяды және жемістерінде жасыл-сары дақтар пайда болады. Магний тапшылығы орын алса, жапырақтардың өзекше ара- лығындағы жұмсағы сары, қызыл немесе күлгін түске боялады, ал жапырақ өзекше- лері жасыл болып қала береді. Қызанақта өзекше аралықтарында қоңыр немесе сұр-қоңыр дақтар пайда болады. Қиярдың жапырақтарының шеті ағарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет