Ауадағы мөлшері 0,03% құрайтын көмірқышқыл газын жапырақтар сіңіреді. Органикалық заттардың ыдырауынан микроорганизмдердің өмірлік белсенділігі нәтижесінде пайда болатын көмірқышқыл газының негізгі көздерінің бірі топырақ болып табылады. Сондықтан ауаның беткі қабаты үздіксіз көмірқышқыл газымен байытылған, алайда күндізгі уақытта фотосинтез процесі соншалықты қарқынды болғандықтан, өсімдіктердің оларға деген қажеттілігі толық қамтамасыз етілмейді. Өсімдіктердің көмірқышқыл газымен қосымша қоректенуі арқылы олардың өсуі мен дамуы жақсарады, жапырақтардың саны артады, олар іріленеді, жеміс беруі артады және түсімі ұлғаяды. Көмірқышқыл газымен топырақ пен жер қаба-
тының байытылуының қуатты көзі органикалық тыңайтқыштар болып табылады.