Қаңтарда
Қаңтар айында жыл он екі айда атқарылатын жұмыс жоспары түзіледі. Қай мезгілде қандай дақыл егілетіндігі анықталады.
Қызанақ көшеттері егіледі.
Пияз, шалқан, балдыркөк, ақжелкен отырғызылады.
Желтоқсан айында отырғызылған қиярды жүйектеп, суарып, қоректендіреді.
Айдың соңында бірінші парниктер жасақталады.
Тыңайтқыштар әзірленеді.
Ақпанда
Қияр дақылына күтіп-баптау шаралары жүргізіледі (ылғалдылығын сақтау, гүлдерін тозаңдандыру, ауаны көміртегімен байыту, өсімдіктерді қоректен- діру)
Алғашқы қияр өнімі жиналады.
Қызанақ, қияр, бұрыш, баклажан, қырыққабат көшеттері отырғызылады.
Қаңтар айында отырғызылған өсімдіктерді күтіп-баптау шаралары жүр- гізіледі.
Тыңайтқыштар дайындау бойынша қаңтар айында басталған жұмыстар жалғастырылады.
Дақылдарды ашық топырақта өсіру жоспарланады.
Достарыңызбен бөлісу: |