Кәді мен патиссон биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы
Орындаған; Нұрмұханова М.С.
ЗР – 316 п
Тексерген; Джумадилова Г.Б
Көкөніс — тамаққа қолданылатын бақша жемістері мен көктер (қияр, сәбіз, қызанақ, қызылша, т.б.). Барлық көкөністер, негізінен, мынадай топтарға бөлінеді:
Көкөніс — тамаққа қолданылатын бақша жемістері мен көктер (қияр, сәбіз, қызанақ, қызылша, т.б.). Барлық көкөністер, негізінен, мынадай топтарға бөлінеді:
Баданалылар (тамаққа басы мен жапырағы пайдаланылады)— шалқан , пияз, сарымсақ, порей, батун пияздары, шнитт пиязц.
Картоп пен хош иістідәмді көкөністер: анис, кориандр, кресссалат, тмин, жалбыз,майоран қияр шөбі, эстрагон.
Көкөніс дақылдары – көкөніс (шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр-жемісті өсімдіктер, баданалар) алу үшін өсірілетін өсімдіктер. Олардың 80 тұқымдасының 600-ден астам түрі бар. Жемісұрықтылар (қызанақ, қияр, бұрыш), жапырақтылар (капуста, салат), бадана (пияз және сарымсақ), тамыр-жемісті өсімдіктер (сәбіз, қызылша, ақжелкен) Қазақстанның суармалы егіншілікпен айналысатын аудандарында өсіріледі.

Кәді (кабачок) — асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік.Гүлі дара жынысты, сары, қабығы қатты, бір үйлі. Жемісі сопақша, жұмыр. Кәді құнарлы топырақты, суармалы жерде жақсы өседі, құрғақшылыққа төзімді. Кәді тез піседі, жемісінен әртүрлі тағамдар дайындайды, оның құрамында қант 2,55%, ақуыз 0,55%, май 0,13% болады. Кәдіні оңтүстік аймақтарда тұқымынан, орта өңір мен солтүстік аймақтарда көшетінен өсіреді. Құнарлы топырақта, суармалы жерде жақсы өседі. Кәді тұқымын топырақтың температурасы 2-15°С-қа жеткенде себеді. Әр гектардан 200-300 центнер өнім алуға болады. Көк күйінде малға беріледі.