Есептерді жеке амалдармен шығару 1-4 сыныптар аралығында үйретіледі.
Есеп: Қорада 10 қой бар, ал ешкі одан 4-еуі кем.
Қорада неше ешкі бар?
Шарты:
Қой – 10
Қорада
Ешкі - ?, 4-еуі кем
Сұрағы: Қорада неше ешкі бар?
Шешуі: 10-4=6(ешкі)
Жауабы: Қорада 6 ешкі бар.
Есеп. Фермер 140 килограмм қызанақ және баклажан жинады. Ол 20 килограмм қызанақ және 32 килограмм баклажан сатқаннан кейін қызанақпен баклажанның массалары бірдей болды. Фермерде неше килограмм қызанақ және неше килограмм баклажан болған.
Шарты: Барлығы – 140 кг
Қызанақ – 20 кг
Сатылды
Баклажан – 32 кг
Сұрағы: Фермерде неше килограмм қызанақ және неше килограмм баклажан болған?
Шешуі: 20+32=52(кг)