Арнайы салық режимі – салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіле- нетін және салықтардың және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем- ақының жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салықтық есептілікті ұсынудың оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысулардың ерекше тәртiбi.
Ашық деректер– бұл мемлекеттік органдардың және басқа да ақпарат иелерінің жалпыға қолжетімді, машиналық түрде оқылатын деректері бар алаң.
Ашық нормативтік-құқықтық актілер (НҚА) – бұл әзірленіп жатқан заң жобаларын, мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобалары мен рұқсат құжаттарын талқылаудың бірыңғай алаңы.
Ашық бюджеттер– портал негізінен азаматтардың мемлекеттегі «бюджет» ұғымы туралы түсінігін жеңілдету және бюджет қаражатын жұмсауды қоғамдық бақы- лау арқылы белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға жәрдемдесу мақсатында құрылған.
Ашық диалог– мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байланыс жасауға арналған алаң.