«Жалған кәсіпкерлік» – бұл жеке кәсіпкерлік субъектісін заңсыз несие алу немесе салықтан жалтару үшін қандай да бір кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз құру.
Жануарлар карантині – диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық емдеуді жүргізу мақсатында қайта әкелінген, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, тасы- малданатын жануарларды оқшаулау.
Жанама шығындар– өз ісіңізді жүргізу барысындағы тікелей шығындардан басқа барлық басқа шығындар. Жанама шығындар, әдетте, белгілі бір өніммен не- месе қызметпен тікелей байланысты емес. Мысалы, тауарлар өндіруде немесе қызметтерді көрсетуде тікелей қатысы жоқ қызметкерлерге немесе иелеріне жалақы төлеуге кететін шығындар жанама болып табылады. Бұларды жанама еңбек шығындары деп атайды.