Жеке кәсіпкерді тіркеу – салық органының жеке кәсіпкер ретінде есепке қою, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру және куәлік дублика- тын беру, сонымен қатар жеке кәсіпкер қызметін уақытша тоқтату және жеке кәсіпкер есебінен алу бойынша салық органының қызметі.
Залалсыздық нүктесітауарды өткізуден пайдалылық шегін белгілейді де компания шығындарының барлығы өткізуден түскен түсімге (яғни пайда = 0) тең болатын баға деңгейін, сату көлемін және өнімнің өзіндік құнын білдіреді.
Зәкірлік кооперация– шағын және орта шаруа (фермерлік) қожалықтары және/ немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерінің және ауыл шаруашылығы мақ- сатындағы жерлері бар басқа да үміткерлердің ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру және өнімдерді кепілді өткізу мақсатында АӨК орта және ірі субъек- тілерімен әріптестігі.
Камералдық бақылау– салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы өзге де құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізіндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың жүргізетін бақылауы, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері.
Кәсіпкер – өз бизнесін құра отырып, тәуекелге және эксперимент жасауға дайын, өз өмірін өзгерткісі келетін, көп әрі табандылықпен еңбек етуге дайын адам. Азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану,
тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлікке) негізделген дербес, бастамашыл қыз- меті кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Кредит тарихы – бұл сіздің барлық кредиттеріңіз және оларды өтеу тәртібі жайлы жалпы ақпарат.