Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы «12» ақпандағы
№ 166 бұйрығына
15-қосымша
«Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша
декларация (200.00-нысан)» салық
есептілігін жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00–нысан)»салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
2017 жылғы25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (бұдан әрі– Салық кодексі) және 2003 жылғы 25 сәуірдегі «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» (бұдан әрі – Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңы),2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңы), 2015 жылғы 16 қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңы) сәйкес әзірленген.
Қағидалар жеке табыс салығын (бұдан әрі – ЖТС), әлеуметтік салықтарды есептеуге, сондай-ақ мiндетті зейнетақы жарналарының (бұдан әрі – мiндетті зейнетақы жарналары), міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарының сомаларын есептеуге, ұстауға (қоса есептеуге) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі– БЖЗҚ) аударуға, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар (бұдан әрі – әлеуметтік аударымдар) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға
(бұдан әрі– МӘМС) аударымдар және (немесе) жарналардың сомаларын есептеуге және аударуға арналған «Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация» салық есептілігі нысанын (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды.
Декларацияны Салық кодексінің 8-бөлімінің35, 36-тарауларына,
19-бөлімінің 74-тарауына, 12-бөліміне сәйкес жеке тұлғаларға оңайлатылған декларация негізінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, салық агенттері,Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттері, Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңға сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушілер, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушілер, оның ішінде Зейнетақымен қамсыздандыру туралы және Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдарындабелгіленген мөлшерлерде өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, МӘМС жарналар бойынша оңайлатылған декларация және патент негізіндегі дара кәсіпкерлер (шаруа немесе фермер қожалықтары үшінарнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда),жеке практикамен аналысатын тұлғалар жасайды.
Салық кодексінің 482-бабының 3-тармағына сәйкес заңды тұлғаның шешімімен дербес әлеуметтік салық төлеушілер болып танылған құрылымдық бөлімшелер жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып танылады.
Салық кодексінің 697, 698, 699, 700 және701-баптарына сәйкес қызметін арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын және салық салынуы жалпыға бірдей тәртіпте жүргізілетін қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші декларацияны Салық кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес әрбір қызмет түрі бойынша бөлек табыс етеді.
Декларация декларацияның өзінен (200.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпараттарды егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (200.01-ден 200.04-ке дейінгі нысандар) тұрады.
Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті декларацияның торкөздері толтырылмайды.
Декларацияға қосымшалартиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін декларация жолдарын толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.
Декларацияға қосымшаларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған жағдайда олар жасалмайды.
Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштер саны асып түскен жағдайда, декларацияға қосымшалардың осындай тағы парағы толтырылады.
Осы Қағидадаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.
Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.
Декларация жасау кезінде:
1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалықбас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондықнысанда–Салықкодексінің208-бабынасәйкестолтырылады.
Салық төлеуші (салық агенті) декларацияны Салық кодексінің
204-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасайды, қол қояды, (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мөрмен не электрондық цифрлық қолтаңбамен) куәландырады
Декларацияны табыс ету кезінде:
1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің атын (болған кезде) мен қойылған қолы және мөрдің (мөртабан) бедері белгісімен салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште
– салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзгелей байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) ақпараттарды компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда – салық төлеуші (салық агенті) мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігінің қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.
Қосымшалардың «Салық төлеуші (салық агенті) туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде декларацияның «Салық төлеуші (салық агенті) туралы жалпы ақпарат» деген бөліміндегі көрсетілген тиісті деректерді көрсетеді.
2-Тарау. Декларацияны толтыру бойынша толтыру бойынша түсіндірме (200.00-нысан)
«Салық төлеуші (салық агенті) туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді:
1) салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірін (бизнес-сәйкетендіру нөмірі) (бұдан әрі - ЖСН (БСН)).
Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушының ЖСН (БСН)көрсетіледі;
2) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі – есепті салық кезеңдері кіретін есепті тоқсанды (араб цифрымен көрсетіледі);
3) салық агентінің атауы/салымшының (төлеушінің) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауын.
Салық міндеттемелерін сенiмгерлікпен басқарушы орындаған кезде, жолда сенімгерлікпен басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауын;
4) декларацияның түрін.
Салық кодексінің 206-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне декларацияны жатқызу ескеріле отырып, тиісті торкөздер белгіленеді;
5) хабарламаның нөмірі мен күнін.
Торкөздер Салық кодексінің 206-бабы 3-тармағының 4) тармақшасындакөзделген декларацияны табыс еткен жағдайда белгіленеді;
6) Салық төлеушінің жекелеген санаттары.
Егер салық төлеуші А, B, C және D жолдарында көрсетілген санаттардың біріне жатқан жағдайда торкөз белгіленеді:
А – Салық кодексінің 40-бабына сәйкес сенімгерлік басқару;
В – Салық кодексінің 355-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;
С – Салық кодексінің 40-бабына сәйкес сенімгерлік басқару құрылтайшысы;
D – Салық кодексінің 355-бабына сәйкес патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;
Е – Салық кодексінің 355-бабына сәйкес тіркелген шегерімді падалана отырып, арнаулы салық режимінқолданатын салық төлеуші
Егер 6 В бағанын белгілеген салық төлеуші бір мезгілде 6 А, 6 С немесе
6 D бағанына жатқан жағдайда, онда тиісінше 6 В мен 6 А, 6 В мен 6 С немесе
6 D бағандарының екеуін де белгілейді;
7) резиденттік белгісін.
А торкөзін Қазақстан Республикасының резидент-салық төлеушісі белгілейді;
В торкөзін Қазақстан Республикасының бейрезидент-салық төлеушісі белгілейді;
8) қызметкерлердің (адам) саны - есепті тоқсанда табыстар есептелген қызметкерлердің санын;
9) резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша ЖТС бойынша салық агенттері және әлеуметтік салық бойынша дербес төлеушілер болып танылмаған құрылымдық бөлімшелерінің бар-жоғын.
Резидент заңды тұлғада ЖТС бойынша салық агенттері және әлеуметтік салық бойынша дербес төлеушілер болып танылмаған құрылымдық бөлімшелері болған жағдайда тиісті торкөз белгіленеді. Торкөздердің бірі міндетті түрде толтырылуы тиіс;
10) табыс етілген қосымшаларды.
Табыс етiлген қосымшалардың торкөздерi белгiленедi;
11) 200.03 қосымшаларының санын.
Резидент заңды тұлғаның ЖТС бойынша салық агенттері және әлеуметтік салық бойынша дербес төлеушілер болып танылмаған құрылымдық бөлімшелерінің санына сәйкес келетін 200.03 қосымшаларының саны көрсетіледі;
12) 200.04 қосымшаларының санын көрсетеді.
Салық кодексімен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасымен жасасқан келісімшарттар санына сәйкес келетін 200.04 қосымшаларының саны көрсетіледі.
«Есептік көрсеткіштер» деген бөлімде:
1) 200.00.001 I, 200.00.001 II және 200.00.001 III жолдары осы нысанға 200.03-қосымшада көрсетуге тиіс ЖТС бойынша салық агенттері және әлеуметтік салық бойынша дербес төлеушілер болып танылмаған, құрылымдық бөлімшелер үшін бюджетке төлеуге жататын ЖТС-ның сомасын қоспағанда, салық агенті үшін (оның ішінде Салық кодексінің 353-бабынасәйкес салық агенттері болып танылған құрылымдық бөлімшелер) жеке тұлғаларға төленген табыстардан есептелген және есепті тоқсанның әрбір айында бюджетке аударылуға жататын ЖТС-ның сомасын көрсетуге арналған.
200.00.001 IV жолы 200.00.001 I, 200.00.001 II және 200.00.001 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
2) 200.00.002 I, 200.00.002 II және 200.00.002 III жолдары осы нысанға 200.03- қосымшада көрсетуге тиіс салық агенттерімен дербес төлеушілер болып танылмаған, құрылымдық бөлімшелер үшін бюджетке төлеуге жататын міндетті зейнетақы жарналары сомасын қоспағанда, салық агенті үшін (оның ішінде Салық кодексінің 353-бабына сәйкес салық агенттері болып танылған құрылымдық бөлімшелерді қоса алғанда) Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жеке тұлғаларға төленген табыстардан есептелген және есепті тоқсанның әрбір айында БЖЗҚ аударылуға жататын міндетті зейнетақы жарналары сомасын көрсетуге арналған.
200.00.002 IV жолы 200.00.002 I, 200.00.002 II және 200.00.003 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін міндетті зейнетақы жарналарының қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
3) 200.00.003 I, 200.00.003 II және 200.00.003 III жолдары осы нысанға 200.03- қосымшада көрсетуге тиіс салық агенттерімен дербес төлеушілер болып танылмаған, құрылымдық бөлімшелер үшін бюджетке төлеуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасын қоспағанда, салық агентімен (оның ішінде Салық кодексінің 353-бабына сәйкес салық агенттері болып танылған құрылымдық бөлімшелерді қоса алғанда) Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес есепті тоқсанның әрбір айында қызметкерлерге есептелген табыстардан есептелетін және БЖЗҚ аударылуға жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасын көрсетуге арналған.
200.00.003 IV жолы 200.00.003 I, 200.00.003 II және 200.00.003 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
4) 200.00.004 I, 200.00.004 II және 200.00.004 III жолдары дара кәсіпкерлер (шаруа немесе фермер қожалықтарына үшін, патент негізінде арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда), жеке практикамен айналысатын тұлғаларесепті тоқсанның әрбір айы үшін БЖЗҚ өз пайдасына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын көрсетуге арналған.
200.00.004 IV жолы 200.00.004 I, 200.00.004 II және 200.00.004 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын есепті тоқсанда міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсетуге арналған;
5) 200.00.005 І, 200.00.005 ІІ және 200.00.005 ІІІ жолдары осы нысанға 200.03-қосымшада көрсетуге тиіс ЖТС бойынша салық агенттері және әлеуметтік салық бойынша дербес төлеушілер болып танылмаған, құрылымдық бөлімшелер үшін бюджетке төлеуге жататын жеке табыс салығының сомасын қоспағанда, салық агенті үшін (оның ішінде Салық кодексінің 353-бабына сәйкес салық агенттері болып танылған құрылымдық бөлімшелер) Салық кодексінің 485-бабының 1-тармағынасәйкес есепті тоқсанның әрбір айы үшін есептелген және Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңға сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдардың сомасына азайтылған әлеуметтік салық сомасын көрсетуге арналған.
Бұл ретте 200.00.005 I, 200.00.005 II, 200.00.005 III және 200.00.005 IV жолдарының сомасы тиісінше 200.03.003 I, 200.03.003 II, 200.03.003 III және 200.03.003 IV жолдарына енгізілмейді.
Бұл жолдарды ауыл шаруашылығы өнімдерін, өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер толтырмайды.
Төлеуге тиіс әлеуметтік салықтың есептелуі әрбір жұмысшы бойынша жүргізіледі.
200.00.005 IV жолы 200.00.005 I, 200.00.005 II және 200.00.005 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
6) декларацияны ауыл шаруашылығы өнімдерін, өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер табыс етілген жағдайда бюджетке аударылуға жататын әлеуметтік салықтың сомасы Салық кодексінің 700-бабында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, 200.00.006 жолында көрсетіледі (6 В торкөзін толтырған жағдайда).
200.00.006 I, 200.00.006 II және 200.00.006 III жолдары есепті тоқсанның әрбір айы үшін есептелген әлеуметтік салықтың сомасын көрсетуге арналған.
200.00.006 IV жолы 200.00.006 I, 200.00.006 II және 200.00.006 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
7) 200.00.007 І, 200.00.007 ІІ және 200.00.007 ІІІ жолдары салық төлеуші есепті тоқсанның әрбір айында өзі үшін және есепті тоқсанның әрбір айында әрбір үшін төленетін, Салық кодексінің 485-бабының 2-тармағына сәйкес есептелген, бюджетке төлеуге тиіс әлеуметтік салықтың сомасын көрсетуге арналған.
200.00.007 IV жолы 200.00.007 I, 200.00.007 II және 200.00.007 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
8) 200.00.008 І, 200.00.008 ІІ және 200.00.008 ІІІ жолдары осы нысанға 200.03 қосымшада көрсетуге тиіс жеке табыс салығы бойынша салық агенттері және әлеуметтік салық бойынша дербес төлеушілер болып танылмаған, құрылымдық бөлімшелер үшін бюджетке төлеуге жататын жеке табыс салығының сомасын қоспағанда, салық агенті үшін (оның ішінде Салық кодексінің 353-бабына сәйкес салық агенттері болып танылған құрылымдық бөлімшелер) тоқсанның әрбір айы үшін есептелген және Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдардың сомасын көрсетуге арналған.
200.00.008 IV жолы 200.00.008 I, 200.00.008 II және 200.00.008 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін әлеуметтік аударымдардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
9) 200.00.009 I, 200.00.009 II және 200.00.009 III жолдары дара кәсіпкерлердің (шаруа немесе фермер қожалықтары үшін патент негізіндегі арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда), жеке практикамен айналысатын тұлғалар есепті тоқсанның әрбір айы үшін өз пайдасына әлеуметтік аударымдардың сомасын көрсетуіне арналған.
200.00.009 IV жолы 200.00.009 I, 200.00.009 II және 200.00.009 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын есепті тоқсан үшін әлеуметтік аударымдардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
10) 200.00.010 I, 200.00.010 II және 200.00.010 III жолдары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңына сәйкесМӘМС аударымдарының сомасын көрсетуіне арналған.
200.00.010 I, 200.00.010 II, 200.00.010 III, 200.00.010 IV жолдары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға сәйкес 2017 жылғы1 шілдеден бастап толтырылуға жатады;
11) 200.00.011 I, 200.00.011 II және 200.00.011 III жолдары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға сәйкесМӘМС жарнасының сомасын көрсетуге арналған.
200.00.011 I, 200.00.011 II, 200.00.011 III және 200.00.011 IV жолдары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға сәйкес 2017 жылғы 1 шілдеден бастап толтырылуға жатады.
«Салық төлеушінің жауапкершілігі» деген бөлімде:
1) «Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)/Салымшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» деген жолда
құрылтай құжаттарына сәйкес басшының/жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес салымшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі.
Егер декларацияны дара кәсіпкер, адвокат, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, кәсіби медиаторлар табыс еткен болса, жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі.
Салық міндеттемелерін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде, мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес сенімгерлікпен басқарушының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)көрсетіледі;
2) декларацияның тапсырылған күні - декларацияның мемлекеттік кірістер органына табыс етілген ағымдағы күні;
3) ЖТС және әлеуметтік салық бенефициар - мемлекеттік кірістер органының коды -салық агентінің тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды;
4) міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бенефициар мемлекеттік кірістер органының коды - салық агентінің, салымшының (төлеушінің) орналасқан орны (тұрғылықты жері) бойынша мемлекеттік кірістер органының коды;
5) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» жолда декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)және оныңқолы;
6) декларацияның қабылданған күні - Салық кодексінің 209-бабының 2-тармағына сәйкес декларацияның табыс етілген күні;
7) құжаттың кіріс нөмірі - мемлекеттік кірістер органы беретін декларацияның тіркеу нөмірі;
8) пошта штемпелінің күні - пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
Осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшалары декларацияны қағаз жеткізгіште қабылдаған мемлекеттік кірістер органының қызметкері толтырады.
3-Тарау. «Жеке табыс салығын және әлеуметтік салықты,міндетті зейнетақы жарналарын,міндетті кәсіптік зейнетақы арналарын,әлеуметтік аударымдарды, МӘМС аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеу» 200.01-нысанын толтыру бойынша толтыру бойынша түсіндірме
«Жеке табыс салығы» деген бөлімде:
1) 200.01.001 I, 200.01.001 IIжәне 200.01.001 III жолдары салық агентінің салық тоқсанының әрбір айы үшін жеке тұлғаларға есептеген табыстарының, оның ішінде материалдықпайдатүріндеалынған, сондай-ақҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасынасәйкессалықагентіменжасасқаназаматтық-құқықтықсипаттағышарттарбойыншатабыстардықосаалғандажұмысшыныңжұмысберушіденақшалайнемесезаттайнысандаалғантабыстары, оныңішіндеСалықкодексінің341-бабында көрсетілгентабыстардыңсомасынкөрсетугеарналған.
200.01.001 IV жолы 200.01.001 I, 200.01.001 II және 200.01.001 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын есепті тоқсан үшін табыстардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған. 200.00.001 IV жолы оның ішінде 200.01.001 А және 200.01.001 В жолдарының сомасын қамтиды;
200.01.001 А жолы есепті тоқсан үшін қызметкерлерге есептелген табысты көрсетуге арналған;
200.01.001 В жолы есепті тоқсан үшін дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыстар сомасын көрсетуге арналған;
2) 200.01.002 I, 200.01.002 II және 200.01.002 III жолдары есепті тоқсанның әр айы ішінде жеке тұлғаларға есептелген, табыстарынан есептелген ЖТС-ның сомасын көрсетуге арналған.
200.01.002 IV жол 200.01.002 I, 200.01.002 II және 200.01.002 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін табыстың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
3) 200.001.003 жол міндетті, ерікті зейнетақы және міндетті, кәсіптік зейнетақы жарналарын, сақтандыру сыйақыларын және ЖТС есепке алмағанда, салық агентінің есептелген, бірақ есепті тоқсан соңында жеке тұлғаларға төленбеген табыстар бойынша берешектер сомасын көрсетуге арналған;
4) 200.01.004 жол есептелген, бірақ есепті тоқсанның басында төленбеген ЖТС-ның сомасын көрсетуге арналған;
5) 200.01.005 жол есептелген, бірақ есепті тоқсанның соңында төленбеген ЖТС-ның сомасын көрсетуге арналған;
6) 200.01.006 I, 200.01.006 II және 200.01.006 III жолдары есепті тоқсанның әрбір айында жеке тұлғаларға төленген табыстар сомасын көрсетуге арналған.
200.01.006 IV жолы 200.01.006 I, 200.01.006 II және 200.01.006 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін табыстардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.
«Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары» бөлімінде:
1) 200.01.007 I, 200.01.007 II және 200.01.007 III жолдар Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес есепті тоқсанның әрбір айы үшін міндетті зейнетақы жарналары ұсталатын (есептелетін) жеке тұлғаларға есептелген табыстардың сомасын көрсетуге арналған.
200.01.007 IV жолы 200.01.007 I, 200.01.007 II және 200.01.007 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
2) 200.01.008 I, 200.01.008 II және 200.01.008 III жолдар Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес есепті тоқсанның әрбір айы үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есепке жазылған (есептелетін) жеке тұлғаларға есептелген табыстардың сомасын көрсетуге арналған.
200.01.008 IV жолы 200.01.008 I, 200.01.008 II және 200.01.008 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
3) 200.01.009 I, 200.01.009 II және 200.01.009 III жолдары дара кәсіпкерлер (шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған, патент негізіндегі арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда), жеке практикамен айналысатын тұлғаларесепті тоқсанның әрбір айы үшін өз пайдасына мәлімдейтін табыстардың сомаларын көрсетуге арналған.
200.01.009 IV жол 201.01.009 I, 201.01.009 II және 201.01.009 III жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын есепті тоқсан үшін мәлiмдейтін табыстың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.
«Мүгедек қызметкерлердің саны және еңбекақыларын төлеу бойынша шығыстар» деген бөлімде Салық кодексінің 290-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес келетін тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар толтырады.
Бұл бөлімде:
1) 200.01.010 I, 200.01.010 II және 200.01.010 III жолдары есепті тоқсанның әрбір айы үшін мүгедек қызметкерлердің санын көрсетуге арналған;
2) 200.01.011 I, 200.01.011 II және 200.01.011 III жолдары есепті тоқсанның әрбір айы үшін мүгедек қызметкерлер санының жұмыскерлердің жалпы санындағы үлес салмағын көрсетуге арналған;
3) 200.01.012 I, 200.01.012 II және 200.01.012 III жолдары есепті тоқсанның әрбір айы үшін мүгедек қызметкерлердің еңбекақысын төлеу бойынша шығыстардың еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардағы үлес салмағын көрсетуге арналған.
«Салық кодексінің 485-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемелерқолданылған әлеуметтік салық» деген бөлімді салық агенттері болып табылатын, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары,сондай-ақ Салық кодексінің 220-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезиденттер толтырады.
Бұл бөлімде:
1) 200.01.013 І, 200.01.013 ІІ және 200.01.013 ІІІ жолдары есепті тоқсанның әрбір айы үшін әлеуметтік салық салынатын объекті болып табылатын табыстарды көрсетуге арналған.
200.01.013 IV жолы 200.01.013 I, 200.01.013 II және 200.01.013 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін табыстардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.
«Әлеуметтік аударымдар» деген бөлімде:
1) 200.01.014 І, 200.01.014 ІІ және 200.01.014 ІІІ жолдары Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңға сәйкес салық кезңінің әрбір айында әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің және Төтенше жағдайлар комитетінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің жемқорлық іс-әрекетке қарсы ұлттық бюросы, жеке тұлғаның ақшалай табысы түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстарын қоса отырып, жеке тұлғаларға табыс түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстарын көрсетуге арналған.
Бұл ретте, әлеуметтік аударымдар әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңымен белгіленген мөлшерде жүргізіледі. Әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменгі еңбек ақының он еселенген мөлшерінен асып кетпеуі тиіс.
200.01.014 IV жолы 200.01.014 I, 200.01.014 II және 200.01.014 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін жеке тұлғалардың табыстарының қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
2) 200.01.015 I, 200.01.015 II және 200.01.015 III жолдары дара кәсіпкерлер (шаруа немесе фермер қожалықтары үшін патент негізіндегі арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда), жеке практикамен айналысатын тұлғаларөз пайдасына есепті тоқсанның әр айында әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін қолданатын табыс сомасын көрсетуге арналған.
200.01.015 IV жолы 200.01.015 I, 200.01.015 II және 200.01.015 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын есепті тоқсан үшін табыстың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар» деген бөлімде:
1) 200.01.016 I, 200.01.016 II және 200.01.016 III жолдары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға сәйкес есепті тоқсанның әр айында МӘМС аударымдарды есептеу үшін қолданатын табыс сомасын көрсетуге арналған.
200.01.016 IV жолы 200.01.016 I, 200.01.016 II және 200.01.016 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын есепті тоқсан үшін табыстың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.
200.01.016 I, 200.01.016 II, 200.01.016 III және 200.01.016 IV жолдары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға сәйкес толтырылуға жатады;
2) 200.01.017 I, 200.01.017 II, 200.01.017 III жолдары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға сәйкес есепті тоқсанның әр айында МӘМС жарналарды есептеу үшін қолданатын табыс сомасын көрсетуге арналған.
200.01.017 IV жолы 200.01.017 I, 200.01.017 II және 200.01.017 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын есепті тоқсан үшін табыстың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.
4-Тарау. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан ЖТС есептеу - 200.02-нысанын толтыру бойынша толтыру бойыншатолтыру бойынша түсіндірме
Бұл нысан салық агентінің шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан ЖТС-ның сомасын есептеуге арналған. Нысан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты табыс етіледі.
Нысан тоқсан қорытындысы бойынша және Декларациясымен бірге сондай-ақ «Тарату» декларациясы түрінің 4-торкөзіне белгі қоюмен декларацияны ұсыну кезінде жасалады
«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан ЖТС есептеу» деген бөлімде:
1) А бағанда кезекті реттік нөмірі қойылады;
2) В бағанда есепті тоқсанда табыстар есептелген, төленген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Т.А.Ә. көрсетіледі;
3) C бағанда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың ЖСН-і көрсетіледі;
4) Dбағанында «1» - резидент, «2» - бейрезидентрезиденттікбелгісікөрсетіледі;
5) Eбағанында шетелдіктер мен азаматтығыжоқтұлғалардыңрезиденттікелінің коды көрсетіледі. Елдің коды Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 22 «Әлем елдерінің жіктеуіші»қосымшасында белгіленген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес көрсетіледі. Мысалы KZ – Қазақстан Республикасы, DE – Германия Федеративтік Республикасы, GB – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігі;
6) F бағанында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Осы баған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың салықтық тіркеу нөмірі болған кезде толтырылады;
7) G бағанында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжат түрінің коды, сондай-ақ осы құжаттың нөмірі мен берілген күні көрсетіледі;
Декларацияны толтырған кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжат түрлерінің мынадай кодтарын пайдалану қажет:
01 – шетел азаматының төлқұжаты;
02 – шетел азаматының жеке куәлігі;
03 – теңізшінің төлқұжаты;
04 – ықтиярхаты;
05 – басқа да кұжаттар.
8) H бағанында осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға төленетін табыс түрінің коды көрсетіледі;
9) I бағанында осы Қағидалардың 33-тармағына сәйкес халықаралық шарт түрінің коды көрсетіледі, осыған сәйкес М бағанында көрсетілген табысқа қатысты, Салық кодексінде белгіленген тәртіптен ерекшеленетін салық салу тәртібі қарастырылған.
Баған, егер салық төлеуші мемлекетаралық немесе үкіметаралық шарттың ережелерін қолданған жағдайда, толтырылады;
10) J бағанында егер салық агенті K бағанында халықаралық шарт түрінің кодын 22 «Өзге де халықаралық шарттар (келісімдер, конвенциялар)» деп көрсеткен жағдайда толтырылуға жататын халықаралық шарттың атауы көрсетіледі.
Баған, егер салық төлеуші мемлекетаралық немесе үкіметаралық шарттың ережелерін қолданған жағдайда, толтырылады;
11) K бағанында халықаралық шарт жасасқан елдің коды көрсетіледі.
Әлем елдерінің жіктеуішінде белгіленген екі таңбалы әріптік кодтауға сәйкес елдің коды көрсетіледі.
Баған, егер салық төлеуші мемлекетаралық немесе үкіметаралық шарттың ережелерін қолданған жағдайда, толтырылады;
12) L бағанында халықаралық шартта немесе Салық кодексінің 194, 320-баптарында белгіленген төлем көзінен ұсталатын табыс салығының ставкасы көрсетіледі;
13) M бағанында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға есептелген табыстар, оның ішінде материалдық пайда түрінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алынған табыстарды, оның ішінде Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 341және 654-баптарында көрсетілген табыстарды қоса алғанда, қызметкердің жұмыс берушіден ақшалай немесе заттай нысанда алған табыстары көрсетіледі.
14) N бағанында Салық кодексінің 342-бабы 1-тармағының1) тармақшасында белгіленген салықтық шегерім көрсетіледі;
15) O бағанында Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан есептелген және Салық кодексінің 342-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес шегерімге жатқызылатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі;
16) P бағанында Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін есепті тоқсанның әр айы үшін БЖЗҚ аударуға жататын міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі;
17) Q бағанындаҚазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар өз пайдасына енгізетін және Салық кодексінің 342-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес шегерімге жатқызылатын ерікті зейнетақы жарналары көрсетіледі;
18) R бағанында жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар өз пайдасына енгізген және Салық кодексінің 342-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес шегерімге жатқызылатын сақтандыру сыйлықақыларының сомалары көрсетіледі;
19) S бағанында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнен алған қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған және Салық кодексінің
342-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес шегерімге жатқызылатын сомалар көрсетіледі;
20) Т бағанында Салық кодексінің 342-бабының 6-тармағына сәйкес белгіленген мөлшерде және шарттарда медициналық қызметтерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеуге жұмсалатын және Салық кодексінің 342-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес шегерімге жатқызылатын шығыстар көрсетіледі;
21) U бағанында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген табыстарын қоспағанда, Салық кодексінің 341 және 654-баптарына сәйкес салық салуға жатпайтын табыстары көрсетіледі;
22) V бағанында есепті тоқсан үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан есептелген ЖТС-ның сомалары көрсетіледі;
23) W бағанында Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының
24) тармақшасында көрсетілген табыстарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға салық кезеңінде төленген табыстар көрсетіледі;
24) Х бағанында міндетті зейнетақы жарналарын және Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 484-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуметтік салық салынбайтын табыстар көрсетіледі;
25) Y бағанында әлеуметтік салық салынатын барлық табыстар көрсетіледі. Y бағаны жолдарының мәні Салық кодексінің 484-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, анықталады;
26) Z бағанында есепті тоқсан үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан есептелген әлеуметтік салықтың сомасы көрсетіледі;
27) AA бағанында Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңға сәйкес айқындалатын, әлеуметтік аударымдар есептелетін жұмыс берушінің шығыстары көрсетіледі;
28) AB бағанда Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңға сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдардың сомасы көрсетіледі.
29) АС бағанында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға сәйкес МӘМС жарналары мен аударымдарының сомасы көрсетіледі.
АС бағаны Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға сәйкес 2017 жылғы 1 шілдеден бастап толтырылуға жатады.
5-Тарау. «Құрылымдық бөлімшелер бойынша ЖТС –ның сомасын және әлеуметтік салықты есептеу–200.03-нысанын толтыру бойынша толтыру бойынша түсіндірме
Осы нысан салық агенті заңды тұлғаның ЖТС бойынша салық агенті және әлеуметтік салық бойынша дербес төлеуші бойынша болып танылмаған филиалы/өкілдігі бойынша төлеуге жататын ЖТС-ның, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, МӘМС аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуіне арналған. Нысанды заңды тұлға Салық кодексінің 353, 358, 486 және489-баптарына сәйкес әрбір филиал/өкілдік бойынша жасайды.
«Салық төлеуші (салық агенті) туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде:
1) Салық агентінің БСН.
Салық міндеттемелерін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде, жолда сенімгерлікпен басқарушының БСН көрсетіледі;
2) салық агентінің атауы–құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы.
Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде, жолда сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;
3) салық агентінің тіркеу есебінің орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды - заңды тұлғаның тіркеу есебінің орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды;
4) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (тоқсан, жыл) – есепті салық кезеңдері кіретін тоқсан (араб сандарымен көрсетіледі);
5) салық есептілігінің түрі.
Тиісті торкөздер декларацияның Салық кодексінің 206-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызылуы ескеріле отырып, белгіленеді;
6) хабарламаның нөмірі мен күні.
Жолдар Салық кодексінің 206-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген декларацияның түрі табыс етілген жағдайда толтырылады;
7) филиалдың/өкілдіктің БСН;
8) филиалдың/өкілдіктің атауы -құрылтай құжаттарына сәйкес филиалдың/өкілдіктің атауы;
9) филиалдың/өкілдіктің тіркеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды- филиалдың/өкілдіктің тіркеу есебі орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;
«Есептік көрсеткіштер» деген бөлімде:
1) 200.03.001 І, 200.03.001 ІІ және 200.03.001 ІІІ жолдары есепті тоқсанның әрбір айына филиалдың/өкілдіктің және жеке тұлғалар төлеген бюджетке аударуға жататын табыстардан есептелген ЖТС-ның сомасын көрсетуге арналған.
200.03.001 IV жол 200.03.001 I, 200.03.001 II және 200.03.001 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
2) 200.03.002 І, 200.03.002 ІІ және 200.03.002 ІІІ жолдары Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың төленген табыстарынан есептелген және есепті тоқсанның әрбір айы үшін филиал/өкілдік бойынша БЖЗҚ аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсетуге арналған.
200.03.002 IV жолы 200.03.002 I, 200.03.002 II және 200.03.002 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін міндетті зейнетақы жарналарының қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
3) 200.03.003 І, 200.03.003 ІІ және 200.03.003 ІІІ жолдары Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес қызметкерлерге ай үшін есептелген табыстарынан есептелген және есепті тоқсанның әрбір айы үшін филиал/өкілдік бойынша БЖЗҚ аударуға жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасын көрсетуге арналған.
200.03.003 IV жолы 200.03.003 I, 200.03.003 II және 200.03.003 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
4) 200.03.004 І, 200.03.004 ІІ және 200.03.004 ІІІ жолдары есепті тоқсанның әрбір айы үшін филиал/өкілдік бойынша есептелген әлеуметтік салық сомасын көрсетуге арналған.
200.03.004 IV жолы 200.03.004 I, 200.03.004 II және 200.03.004 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
5) 200.03.005 І, 200.03.005 ІІ және 200.03.005 ІІІ жолдары Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңына сәйкес айқындалатын, есепті тоқсанның әрбір айы үшін филиал/өкілдік бойынша әлеуметтік аударымдар сомасын көрсетуге арналған.
200.03.005 IV жолы 200.03.005 I, 200.03.005 II және 200.03.005 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін әлеуметтік аударымдардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
6) 200.03.006 I, 200.03.006 II және 200.03.006 III жолдары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңына сәйкесесепті тоқсанның әр айында МӘМС аударымдарын есептеу үшін қолданатын табыс сомасын көрсетуге арналған.
200.03.006 IV жолы 200.03.006 I, 200.03.006 II және 200.03.006 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын есепті тоқсан үшін табыстың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
200.03.006 I, 200.03.006 II, 200.03.006 III және 200.03.006 IV жолдары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға сәйкес 2017 жылғы 1 шілдеден бастап толтырылуға жатады.
7) 200.03.007 I, 200.03.007 II және 200.03.007 III жолдары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңыңа сәйкесөз пайдасына есепті тоқсанның әр айында МӘМС жарналарын есептеу үшін қолданатын табыс сомасын көрсетуге арналған.
200.03.007 IV жолы 200.03.007 I, 200.03.007 II және 200.03.007 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын есепті тоқсан үшін табыстың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.
200.03.007 I, 200.03.007 II, 200.03.007 III және200.03.007 IV жолдары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға сәйкес 2017 жылғы 1 шілдеден бастап толтырылуға жатады.
«Салық агентінің жауапкершілігі» деген бөлімде:
1) «Басшының Т.А.Ә.» жолында құрылтай және (немесе) өкімдік құжаттарына сәйкес басшының Т.А.Ә.көрсетіледі.
Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес сенімгерлікпен басқарушының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының Т.А.Ә. көрсетіледі;
2) тапсырылған күні - 200.03 нысанының мемлекеттік кірістер органына табыс етілген күні көрсетіледі;
3) филиалдың/өкілдіктің тіркеу есебінің орны бойынша ЖТС және әлеуметтік салық бойынша бенефициар мемлекеттік кірістер органының коды;
4) Филиалдың/өкілдіктің орналасқан орны бойынша міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бенефициар мемлекеттік кірістер органының коды.
5) «Нысанды қабылдаған лауазымды адамының Т.А.Ә.» деген жолда 200.03 нысанын қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің Т.А.Ә. көрсетіледі;
6) қабылданған күні - Салық кодексінің 209-бабының 2-тармағына сәйкес 200.03 нысанының табыс етілген күні;
7) құжаттың кіріс нөмірі - мемлекеттік кірістер органы беретін 200.03 нысанының тіркеу нөмірі;
8) пошта штемпелінің күні - пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
6-Тарау. Келісімшарт бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілердің әлеуметтік салығын есептеу – 200.04-нысанын толтыру бойынша толтыру бойынша түсіндірме
Бұл нысан Салық кодексінің 722-бабы 1-тармағына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасымен жасалған келісімшарттар (бұдан әрі – келісімшарттар) бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілердің әлеуметтік салығын есептеуге арналған. Нысан әрбір келісімшарт бойынша бөлек жасалады.
«Салық төлеуші (салық агенті) туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде:
1) салық төлеушінің ЖСН/БСН.
Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушының ЖСН/БСНкөрсетіледі;
2) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі – есепті салық кезеңдері кіретін есепті тоқсан (арабцифрымен көрсетіледі);
3) «Қызметкерлердің саны (адам), оның ішінде» деген жолда шетелдік маман қызметкерлерін және шетелдік жұмысшы қызметкерлерін бөле отырып, қызметкерлердің саны көрсетіледі;
4) «Келісімшарттың деректемелері» деген жолда келісімшарттың деректемелері көрсетіледі:
А – келісімшарттың нөмірі;
В – келісімшарттың жасалған күні;
«Қызметкерлер үшін әлеуметтік салық» деген бөлімде шетелдік маман қызметкерлерін және шетелдік жұмысшы қызметкерлерін қоспағанда, қызметкерлер үшін әлеуметтік салықты есептеуге арналған:
1) 200.04.001 І, 200.04.001 ІІ және 200.04.001 ІІІ жолдары шетелдік маман қызметкерлерін және шетелдік жұмысшы қызметкерлерін қоспағанда, есепті тоқсанның әрбір айы үшін қызметкерлердің салық салынатын табыстарының сомасын көрсетуге арналған.
200.04.001 IV жолы 200.04.001 I, 200.04.001 II және 200.04.001 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін табыстың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
2) 200.04.002 І, 200.04.002 ІІ және 200.04.002 ІІІ жолдары келісімшартқа сәйкес белгіленген қызметкер үшін әлеуметтік салық ставкасының мөлшерін көрсетуге арналған;
3) 200.04.003 І, 200.04.003 ІІ және 200.04.003 ІІІ жолдары шетелдік маман қызметкерлерін және шетелдік жұмысшы қызметкерлерін қоспағанда, 200.04.001 және 200.04.002 жолдарының тиісті сомаларының көбейту жолымен айқындалатын, есепті тоқсанның әрбір айы үшін есептелген қызметкерлер үшін әлеуметтік салық сомасын көрсетуге арналған.
200.04.003 IV жолы 200.04.003 I, 200.04.003 II және 200.04.003 III жолдарының шетелдік маман қызметкерлерін және шетелдік жұмысшы қызметкерлерін қоспағанда, сомасы ретінде айқындалатын, есепті тоқсан үшін салықтың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.
7-Тарау. Табыс түрлерінің, елдердің және халықаралық шарттардың кодтары
Декларация толтыру кезінде мынадай Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс түрлерін кодтауды пайдалану қажет:
1010 –Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түсетін кірістер;
1011 –сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, оның шегінен тыс жердегі тауарларды өткізуден түсетін кірістер;
1020 – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен кірістер;
1021 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, инжинирингтік, маркетингтік, аудиторлық, заң (соттарда, төрелікте немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін кірістер;
1030 –уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстардың, қызметтердің нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн кірістері, сондай-ақ Салық кодексінің 559-бабында белгiленген өзге де кірістер;
1031 –уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның мынадай:
аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткен соң бейрезидент қанағаттанбаған;
егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткенге дейін авансты (алдын ала төлемді) төлеген тұлға таратылған кезде таратудың салықтық есептілігін ұсынған күнге бейрезидент қанағаттанбаған шарттардың бірін орындаған кезде алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер түріндегі кірістер;
1040 –құқығы немесе мәмілелері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының аумағындағы мүліктіөткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістер;
1041 –Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының аумағындағы мүліктіөткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістер;
1042 –резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент-заңды тұлғаның, консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерінөткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістер;
1043 –бейрезидент шығарған акцияларды, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлғаның консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін, егер бейрезидент-заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 (елу) және одан көп пайызын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістер;
1050 – талап ету құқығын басқаға берген бейрезидент үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе бейрезидент-заңды тұлғаға борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кіріс;
1051 – талап ету құқығын сатып алатын бейрезидент үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе бейрезидент-заңды тұлғадан борышты талап ету құқықтарын сатып алу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кіріс;
1060 – талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін - резиденттен борышты талап ету құқықтарын алудан түсетін кірістер;
1061 – талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттен борышты талап ету құқықтарын алудан түсетін кірістер;
1070 – бұрын негізсіз ұсталған айыппұлдардың бюджетке қайтарылғандарынан басқа, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) және санкциялардың басқа датүрлері;
1080 – резидент заңды тұлғадан түсетін дивидендтер нысанындағы кірістер;
1081 – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған пайлық инвестициялық қорлардан түсетін дивидендтер нысанындағы кірістер;
1090 – мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылатын бейрезидент үшін Қазақстан Республикасында салық міндеттемесін орындау жүктелмеген резидентке мүлікті сенімгерлік басқаруға беруден алынған кірістер;
1100 – борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы кірістер;
1101 –эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар нысанындағы кірістер;
1120 –роялти нысанындағы кірістер;
1130 –қаржы лизингінен басқа, Қазақстан Республикасында орналасқан немесе орналасатын мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беруден түсетін кірістер;
1140 –Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүліктен алынатын кірістер;
1150 – Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер;
1151 – Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер;
1160 – халықаралық тасымалдарда қызметін көрсетуден түсетін кірістер;
1161 – Қазақстан Республикасы ішінде көлік қызметін көрсетуден түсетін кірістер;
1162 –теңіз тасымалы шартында (келісімшартында) көзделген сталиялық уақыттан тыс тиеу-түсіру операциялары кезінде кеменің бос тұрып қалғаны үшін төлем түріндегі кіріс;
1170 –Қазақстан Республикасының аумағындағы құбыржолдарды, электр беру желілерін, талшықты-оптикалық байланыс желілерін пайдаланудан алынатын кірістер;
1180 –жұмыс беруші болып табылатын резидентпен жасалған еңбек келісімшарты (шарт, келісім) бойынша бейрезидент-жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін кірістері;
1181 – жұмыс беруші болып табылатын бейрезидентпен жасалған еңбек шарты (келісімшарт) бойынша бейрезидент-жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін кірістері;
1190 –резидентке қатысты өздеріне жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты, мұндай міндеттерді нақты орындайтын жеріне қарамастан, басшының гонорары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге де органның) мүшелеріне аталған адамдар алатын өзге де төлемдер;
1200 –жұмыс берушілер болып табылатын резидент Қазақстан Республикасында тұруына байланысты бейрезидент-жеке тұлғаға төлейтін үстемеақылар;
1201 –жұмыс берушілер болып табылатын бейрезидент Қазақстан Республикасында тұруына байланысты бейрезидент-жеке тұлғаға төлейтін үстемеақылар;
1210 –бейрезидент-жеке тұлғаның жұмыс берушіден алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін кірістер;
1211 – бейрезидент-жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алған материалдық пайда түріндегі кірістері;
1220 – резидент-жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;
1230 –қалай және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, театр, кино, радио, телевизия әртісінің, музыканттың, суретшінің, спортшының және өзге де бейрезидент-жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы мәдениет, өнер және спорт саласындағы қызметтен түсетін кірісі;
1240 –ұтыс түріндегі кіріс;
1241 – 1250 - Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіби) қызметтер көрсетуден түсетін кірістер;
1260 –бейрезидент-жеке тұлғаның резидент-жеке тұлғадан өтеусіз алған мүлкін қоспағанда, өтеусіз алынған немесе мұраға қалған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кірістер;
1270 – туынды қаржы құралдары бойынша кірістер;
1280 – мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн кірістер;
1290 – күмәнді міндеттемелер бойынша кірістер;
1300 – банктердің және лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар құрған провизияларының (резервтерінің) мөлшерлерін төмендетуден түсетін кірістер;
1310 – сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін төмендетуден түсетін кірістер;
1320 –талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс;
1330 – кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған кірістер;
1340 – тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін кірістер;
1350 – табиғи ресурстарды геологиялық зерделеуге және оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін кіріс;
1360 – кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою бойынша іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуiнен түсетін кірістер;
1370 – бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістер;
1380 –егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері;
1390 – бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;
1400 –өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс;*
1410 – дивидендтер; *
1420 – депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сыйақылар, ислам жалдау сертификаты;
1430 – оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі. Бағамдық айырма сомасы халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы Заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады;
1440 – ұтыстар;
1450 – әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған кірістер;
1460 – кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін кірістер;
1470 – сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза кірістер;
1480 – ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша кірістер;
1490 – 1010 – 1480 кодтарында көрсетілмеген басқа да кірістер.
Декларацияны толтыру кезінде халықаралық шарт (келісім) түрлерінің мынадай кодталуын пайдалану керек:
01 – Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция;
02 – Ислам Даму Банкінің құрылтай шарты;
03 – Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы жұмысының жағдайлары жөніндегі келісім;
04 – Азия Даму Банкінің құрылтай шарты;
05 – Жаңа Үкіметтік ғимараттың құрылысы жобасына грантты пайдалану бойынша келісім;
06 – Қаржылық ынтымақтастық туралы келісім;
07 – Өзара түсіністік туралы меморандум;
08 – Континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім;
09 – Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің келісімі;
10 – Халықаралық валюталық қордың келісімі;
11 – Халықаралық қаржылық корпорацияның келісімі;
12 – Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі конвенция;
13 – Еуропалық Қайта құру және Даму банкін құру туралы;
14 – Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы;
15 – Орталық Азия университетін құру жөніндегі шарт;
16 – Инвестициялар кепілдігінің көп жақты агенттігін құру туралы;
17 – «Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениетінің Египет университеті туралы келісім;
18 – Әуе қатынасы туралы келісім;
19 – «Агросервистік қызметті қолдау» жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің грантын беру туралы келісім;
20 – «Қазақстан Республикасында ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау» жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Yкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім;
21 – Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция;
22 – Өзге де халықаралық шарттар (келісімдер, конвенциялар).
Достарыңызбен бөлісу: |